Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы
сабақ кепілі
Білім беру саласындағы бүгінгі басты
міндеттерінің бірі – оқушыларға терең білім беру.
Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін
жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып
табылады.
Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу
оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз
бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол
салады.
Пәндерді оқытуда тиімді әдіс –
тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу
мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға
мәлім.
Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет
жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен
келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді,
оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге
асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен
бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты
деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны
ендіруді міндеттейді
Білім, дағды, іскерліктің
қалыптасуының бастамасы – бастауыш
саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың
іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің
ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін – ұстаз
шеберлігі. Әсіресе, терең де тиянақты білім беруді ұлағатты
тәрбиемен ұштастыруда бастауыш сынып пәндерінің өзіндік орны
ерекше.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген
жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек
ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың
бағдарлама.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі
– орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін
оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша
оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы
болып отыр.
Қазіргі таңда оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған
байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып
отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу
міндеті тұр.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу
бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды
анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен, жаңартылған білім
жүйесі – құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Оқушы
тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау,
АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен,
топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты
қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді
оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі,
бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық.
Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы,
еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап
отыр. Жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік
дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту
технологиялары да қарастырылды.Сол себепті қысқа мерзімді сабақ жоспарын
құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне басты назарды
аударып, Мысалы, «Өрмекшінің өрмегі», «Қораптағы сұрақ»,
«Серпілген сауал» әдіс-тәсілдерін күнделікті қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында
ресурстарды молынан қолдануға
тырысамын.Әр
сабақта қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды
пайдалану тиімді.
«Алфавит тізбегі»
Оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін алфавиттегі
әріптерден басталатын сөздерді кезекпен атап шығу керек.
Мысалы тақырыбыңыз «Қазақстан» «қала» «Менің достарым» болса,
А- Астана
Ә-әскер
Б-бидай
В-валюта
Г-газ
Ғ- ғимараттар
« Эссе жазу»
3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін
жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс-
тәсілдің бірі.
«Сұхбат алу»
Ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен тақырып
бойынша
сұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін
әңгімелейді..
Әр сабақта топқа
бөлу арқылы әр оқушының жұптық жұмыс,топтық жұмыста өз
шеберліктерін көрсете алады. Сабақтарымды қызықты әрі оқушыларға
жан- жақты жұмыс жасауға тиімді жақтарын қарастырып отырамын..
Әсіресе топпен жұмыс жасағанда жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала
отыра көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастырамын. Мысалы, топтық жұмыс,
топ ішіндегі жұптық жұмыс, жеке дара
жұмыс.
Менің пікірімше сабақтың тиімділігі:
оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті
арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында.
Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып
келеді. Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып,әр сабақта тақырыпқа байланысты ойын түрлерін
ойнатамын.Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі.Ойын балаларға
өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана
қоймайды,ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.Ойынның бірнеше
түрлері
бар:қимыл-әрекеті,логикалық,дидактикалық,рөлді-сюжетті.Қызықты ойын
түрлерінен кейін олар тез серігіп,тапсырманыда,ықыласпен
орындайды.
Оқыту тәжірибесі барысы
пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын
дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану
тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар
оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып,
алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын
барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау,
яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің
атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында
байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс
пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі
байқалады.
«Маршрут»
ойыны.
Бұл ойын бас қатыру есебі –
ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі,
кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына
бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер
толтырады.
Мысалы,
Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз
т.б.
«Екі әріп»
ойыны.
Бірінші қатысушы бір сөз, зат
есімді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін
сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен
түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын
түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір
қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі,
бірақ ешкім оны дауыстап айтуына
болмайды.
«Еске түсіру»
ойыны.
Қатар отырған оқушылар
бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің
түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала
болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты
белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы
тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте
сақтау қабілеті, бақылағыштығы
жақсарады.
«Екі ассоциация»
ойыны. Екі баған сызады да,
оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар,
заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше
бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға
мысық, екіншісіне жарық деп жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа
жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды»,
«лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка
сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут
уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация
таңдалады.
«Қара жәшік»
ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл,
желпуіш, айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік
ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы
керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне
қарап табуы керек.
«Дұрыс-дұрыс емес»
ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа
бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс.
Ортаға бос екі орындық қояды. Бір орындық «дұрыс» дегенді
білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді білдіреді.
Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды:
Ы.Алтынсарин – алғаш мектеп ашушылардың бірі». Бұл тұжырымды дұрыс
деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы
тиіс. «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген
орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс
тапса, сол жеңімпаз болады.
«Жолға шығу»
ойыны. Ойын айналадағы заттарға
талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай
заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін
айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі
керек.
«Кемпірқосақ»
ойыны. Бір минут ішінде түстері
әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма
береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк),
жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың
атын таппай қалса, ойыннан шығады
.
Жаңартылған білім
бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан
күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін
стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап
қолдануды талап етеді.Бұл жаңартылған білім
бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де
тиімді бағдарлама. Мұғалімдер оқушылардың не
білетінін және нені жасай алатынын,
сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені
жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге
тырысады.
Жалпы қорыта айтқанда, бағдарламаға сәйкес
алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың
танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты
жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,
білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни,
оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді
сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа
пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын
айтуға болады.
«Мұғалім – өзінің білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана
мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтасымен оның мұғалімдігі де
жойылады» демекші, білім беру мазмұнын жаңарту аясында өз кәсіби
біліктілігімізді шыңдап, құзыреттілігімізді қалыптастырсақ қана
тиімді нәтижеге жетеміз деп сеніммен айта
аламын Осы бағдарламаны
меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық,
бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға
сеніміміз мол.