Тиімді оқыту бағдарламасының идеяларын оқытуда жүзеге асыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тиімді оқыту бағдарламасының идеяларын оқытуда жүзеге асыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тренерлеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісемін»

Оқу ісінің меңгерушісі:

________ Ж.Ашимова

«___»_____2017 ж


«Тиімді оқыту бағдарламасының идеяларын оқытуда жүзеге асыру» коучинг сабақтың жоспары


Күні: 14.04.2017ж

Өткізгендер: С.С.Бейсенбаева, М.Б.Искакова

Тақырып

«Тиімді оқыту бағдарламасының идеяларын оқытуда жүзеге асыру»

Сілтеме

3-деңгейлік МАН, интернет материалы

Жалпы мақсаты

Әріптестерімді 7 модульдің негізгі ұғымдары мен тәсілдерімен таныстыра отырып, практикасында пайдалану жолдарын ұсыну.

Күтілетін нәтиже

7 модуль әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесіне жинақтау.

Түйінді идея

Оқушы қызығушылығын арттыратын тәсілдер.

Ресурстар

Маркер, А3, А4 парақтар, стикерлер,желім,қайшы,бейнежазбалар

Коучинг сабақтың өту барысы

Коучинг сабақтың өтілу кезеңдері

уақыт

Тренер мен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру


2 мин

«Үш көмекші» әдісі бойынша топқа бөліну

 «Жүрек», «Бас», «Қол»

Сонымен қатар суреттерге байланысты мағлұмат беріледі: Шульман «үш көмекші» деп «бас,жүрек, қолды» атаған. Ол осы атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады деп есептейді. Мұндай пікірді біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтің қара сөздерінен де кездестіреміз. «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жаңа форматты мұғалім осы үш көмекшіні дұрыс пайдалана білуі керек.


3мин

«Сиқырлы қобдиша» әдісі.

Тренер: «Менің қолымда сиқырлы қобдиша бар. Онда сіздерге арналған сыйлықтар бар. Сыйлықтар – кеспеқағазға жазылған бірлесіп жұмыс жасауға қажет қасиеттер. Бұл қасиеттер бірлесіп жұмыс атқаруға неліктен қажет екендігіне комментарий береді: жауапкершілік, ізденімпаздық, креативтілік, еңбекқорлық, сыйластық, қолдау, ашықтық, түсіністік, тіл табысу, жігерлілік, бағалау, зерттеушілік, ынтымақтастық, бірізділік, жүйелілік, белсенділік, көшбасшылық.

Толғаныс сәті

2 мин

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

«Топтық жұмыстың тиімділігі қандай ?» сұрағына жауап беру.

Топтық жұмыс

7 мин

+ әр топқа

3 мин

«Менің мамандығымның 7 кереметі» постер құру, қорғау. Смайликтер арқылы топтар өзара бір-бірін бағалайды.

Презентация

20 мин

Жаңа модульдің 7 кереметі.(Әр бөлімін топтарға арналған тапсырмалармен ашу)

1-керемет: «Әр бала – бір әлем» (Бала Жамбылдың бейнебаянын көрсету)

2-керемет: «Ойынмен шыңдалған көшбасшылық» (Президент, әкім, директор т.б. сөздер жазылған кеспе-қағаздарды таңдап, сол бойынша өздерін жарнамалап таныстыру.

3-керемет: Оқу үшін бағалау (Бір-бірінің жекелей көшбасшылық қасиеттерін жұлдызшамен бағалау, топ ерекшеліктерін стикерге жазып ұсыну, бәрі өз жұмыстарына шапалақпен қолдау көрсету.

4-керемет: Жаңа әдіс – жақсы іске бастама (топтық оқыту, диалогтық оқыту, сыни ойлауға бағыттау т.б.)

5-керемет: АКТ (интербелсенді тақта, интернет, слайд, тест т.б. үлгілерімен жұмыстану мүмкіншіліктерін көрсету)

6-керемет: Жас ерекшелігіне қарай оқыту (Әр топ оқушылардың жастары жазылған кеспе-қағаздарды таңдап алады да, сол жастарға сәйкес ән айтулары керек.

7-керемет: Құзіретті мұғалімнен құзіретті оқушыға (сыни толғаныс)


5 мин

«Қалдықсыз технология» әдісі.

Қатысушылар түрлі түсті қағаздан конус жасайды. Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөйлемдерді жазып конусқа жапсырады.


Кері байланыс

3 мин

«Ет тартқыш, чемодан, қоқыс жәшігі» әдісі.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2018
191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі