Тиімді оқыту тәсілдері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тиімді оқыту тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика сабағын тиімді оқытуда функционалдық сауаттылықтарын дамыта отырып оқыту
Материалдың қысқаша нұсқасы





Мазмұны

  1. Кіріспе.

а) Оқушылардың оқуын зерделей тиімді оқытуды ұйымдастыру.

б) Оқушының пәнді терең түсіну қабылетін дамыту.

  1. Негізгі бөлім

а) Сын тұрғысынан ойлау модулін физика сабақтарына кіріктіру

б) Сын тұрғысынан ойлау модулін кіріктіре отырып оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру

  1. Қорытынды

а)Өзін реттей, бақылай алатын, яғни «мен» тұжырымдамасы қалыптасқан құзыретті оқушы тәрбиелеу.

б) өзгрістер және келешекке жоспарым.



































Тиімді оқытуда сын тұрғысынан ойлау модулін кіріктіріп оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру

Физика жаратылыстану ғылымының ішінде құпиясы мен қызығы көп пән болғандықтан оқушыларды білім суымен сусындатудың жолдарын әр күн қарастырып отыру керек деп білемін. Алдымдағы үлкен проблемалық сұрақ: Оқушыларды тиімді қалай оқыту керек?, болды. Осы сұрақтың мақсатында оқушылардың пәнге қызығушылы мен пәнді терең түсінуі, олардың табыстылығына жету жолдарын қарастыра бастадым. Бефель, Мэн штаты және АҚШ ұлттық оқу зертханалары бірігіп зерттеген оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайыздық көрсетулері бойынша ең жоғарғы 90 % өзгелерді оқыту, 75% тәжірибеде жасау, 50% талқылау, 30% көрсетілім, 20% аудио-визуалды қабылдау, 10% оқу болса, осыны ескеру мақсатында әр кез оқушыларға өзгелерді оқытуға, тәжірибе жасауға мүмкіндік, еркіндік беріп,жаңа материалды талқылауға рольдер мен талдаулар тізбегін қосып отырдым. Оқушының пәнді терең түсіну қабылетін дамыту мақсатында өз кезегінде сабақтарымда әр түрлі интерактивті әдістер тізбегін қолдануды жөн көрдім. Бұл әдістерді қолдану барысында оқушылардың өз білімін тереңдетіп қана қоймай олар өз идеялары мен пән бойынша заңдылықтарды тұжырымдап, қажетінше қосымша идеялармен эксперимент жасай алатын болды. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістерінің арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. Оқушының пәнді түсіну қабылетін дамыту барысында жас ерекшеліктері мен жекелеген оқушылар үшін 7 модульді сабақтарыма кіріктіріп отырамын.

Соның ішінде «Сын тұрғысынан ойлау» модуліне басымдық беріп отырдым. Ол маңызыды мәселелерді талқылау және тәжірибені ойелегінен өткізуді қамтиды. Бұл модульдің мақсаты: оқушылардың ойлау туралы ойлану тұжырымдамасымен алған ақпаратты бақылауға, талқылауға, жинақтауға, синтездеуге негіздеу. Оқушылардың ойын жинақтауын, ойлау шеберлігін жетілдіру және дамыту. Міне осы тұста біз сындарлы оқыту теориясы мен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мəселелерінің өзара байланысы мен өзектілігін айқындаймыз. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда мəтінмен қоса тест сұрақтарын да тиімді қолдануға болады. Тест үлгісіндегі тапсырмалар арқылы оқушының меңгерген білім деңгейін бақылаумен ғана шектелмей, жеке тұлғаның дамуына да жағдай жасауға болады. Тест түріндегі тапсырмалар сан алуан болуы мүмкін. Тапсырмаларды ашық түрдегі жəне жабық түрдегі тест сұрақтары деп екі топқа жіктеуге болады. Жабық түрдегі тест сұрақтарында оқушы бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдайды. Ал ашық үлгідегі тест сұрағында бала қысқа немесе толық жауапты өзі жазады. Жауаптар арасындағы сəйкестікті табуға арналған тест сұрақтары жəне сұраққа байланысты жауаптардың берілу жүйесін түзуге бағытталған тапсырмаларды ұсыну оқушының дайын жауап арасынан дұрысын оңай-ақ таңдай қоюдан гөрі ойлануға, тапсырманы сыни тұрғыда қабылдап, өзіндік шешімін табуға жетелейді. Сонымен қатар сəйкестендіру түріндегі тапсырмалар тізбегін қолданып отыруға болады, олар баланың сыни ойлауына бірден бір ықпал етеді. Модульге басымдық беру мақсатында оқушыға нақты білімді беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырылуы талап етіледі. Оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пкір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Ал мұғалім өз кезегінде төменде көрсетілген маңызды басымдықтарға тоқталуы керек:

- жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;

- оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;

- кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну.

Оқушылардың қалай білім алатындығын әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану барысында, процестің жүруі мен әр сабаққа кері байланыс алу барысында өзімді және оқушыларды реттеп, бағыттап отырдым. Мысалы: сабақ жоспарын блум таксаномиясысалып, білу,түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатылары бойынша жүру сипатына негізделген. Яғни оқушылар білу мақсатында проблемалық сұраққа жан-жақты жауап беріп, жаңа материалды түсініп оны қолдануда берілген тапсырманы талдап, материалды жинақтау кезінде сол сұрақтың жауаптары мен қолдануын жинақтап, әр сабақ соңында саналы түрде критериалды бағалау бойынша өзінің бағасын біліп отырады. Мысалы: сабақ басталар алдында оқушыларға жұптасып жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз. Бір идеяны жұптасып талқылауға, мақсатты түсіндіріп және пайда болатын ойлардың сіз үшін қызықты екеніне оқушылардың көзін жеткізу қажет болады. Егер сіздің оқушыларыңыз сыныпта әңгіме жүргізуге дағдыланбаған болса, онда оқушылар өзінің жұбымен талқылай алатын және де кейіннен барша сынып болып, ашық талқылай алатын жалпы мәселелерді талқылауды «сынап» көруге болады, ол сұрақтардың мектеп тапсырмасымен байланысты болуы міндетті емес. Бұл жұмыс оларға сіздің не үшін олардың үйреншікті жұмыс ырғағына азадаған өзгеріс енгізіп жатқаныңызды түсінуге мүмкіндік береді.

Сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларының және төмендегі қабылеттерді дамытуды көздейді. Балаларға негізделген, әділ сын тұрғысынан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен модельдеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сын тұрғысынан ойлауға оқыту Бенджамин Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғасы болып табылады. Мына тәсілдер: Ақылдың алты қалпағы; Дананың кілттері, Сананың әдеттері; Жауап беретін сұрақтарды жазу;ББТЗО кестесі -ол туралы мен не білемін? Б-нені білгім келеді? Т-көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын? З-нені зерделеу керек? О-одан әрі не істеу керек?), Эдвард де Боно ойлап шығарған ТНАОҚ: ҚАҚ,ТТБ,БФЕ,ММЗ,ЖШҚӘІ тағы басқа ойлау құралдары.

Сабақ кезінде:

֍ балалардан тақырып бойынша пікірлерімен бөлісіп, сіз қойған сұрақтарға жауап берулерін сұраңыз. Оларға жұптасып талқылауға бірнеше минут беріңіз, ал сосын ортақ жауап берулерін сұраңыз.

֍ барлық жауаптарды жазып алыңыз және балаларға басқа оқушылардың жауаптарына назар аударуды сұраңыз.

֍ олардың тағы не қосқылары келетіндерін шешу үшін тағы да жұп болып талқылауды ұсыныңыз

֍ тізімге барлық қосымша жауаптарды қосыңыз

Сабақ кезінде және одан кейін мыналарға талдау жасаңыз:

  • Осы стратегияны қолданғанда қаншалықты өзіңізді жайлы сезіндіңіз?

  • Оқушыларыңызға осындай жағдайда жұмыс істеу жайлы болды ма?

  • Балалар өздерінің пікірлері бағаланатынын сезді ме?

  • Жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға көмегін тигізді ме?

  • Барлық балалар өздерінің пікірлерін ұсынып, сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге қатысты ма?

  • Сіздің стратегияңыз бабаларыңызға өздерінің пікірлерін жеткізуге көмектесті ме?

  • Жұптармен әңгімелесу оқушыларыңыздың сабақтың негізгі идеясына байланысты не ойлайтындарын түсінуге көмегін тигізді ме?

  • Кейбір оқушыларыңыздың айтқандары сізді таң қалдырды ма? (мысалы «тыныш оқушылар» ашылған сияқты болды ма?)

  • Бірінші жұптасып талқылаудан кейінгі жауаптардың деңгейі қандай болды?

  • Еінші жұптасып талқылаудан кейінгі жауаптардың деңгейі қандай болды?

  • Әдеттегі жұптық талқылаусыз өтетін жаттығумен салыстырғанда, жауаптардың түрлерінде/деңгейлерінде айырмашылық болды ма? Қандай айырмашылықтарды байқадыңыз?

  • Балаларға басқа оқушылардың жауаптарын тыңдау өздерінің ойларын қалыптастыруға көмектесті ме?

  • Балалар өздерінің сын тұрғысынан ойлайтындарын көрсетті ме?

  • Олар күтпеген жауап берді ме?

  • Өздерінің жауаптарына негіздеме берді ме?

  • Басқа оқушылардың жауаптарымен келіспеушлік білдірді ме?

  • Өздерінің келіспеушіліктеріне дәйек келтірді ме?

Ал сабақта оқушылардың өзін реттеуінде ағын пайда болу үшін әрбір оқушының метатанымына көңіл бөлу және әр оқушыға жекелеген тапсырмалар легін дайындап отыру керек. Яғни оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысуы керек: олар өз болжадары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Сын тұрғысынан ойлауды дағдысын дамыту мақсатында ең оңтайлы тәсіл-балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын мысалдар жеткілікті. Сонда ғана бала өзіне сенімді болып өз ойын талқыға салуға, тұжырым жасауға қызығушылығы артып, белсенді бола бастайды. Білімді игерудің 5 үлгісі бар екенін білсек, соның ішінде диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға болады. Диалог арқылы балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандырады. Осылай сынып сындарлы сыныпқа айналады. Ал сындарлы сыныпта ынталандыру процесі белсенді жүреді. Ынталандыру оқуға көмектесетін жағдайларда ғана емес, ол оқудың негізі. Мұғалім оқушылардың функционалды сауттылықтарын арттыру мақсатында төмендегі әдістер мен стратегиялар арқылы ынталандырып, арттыра алады:

  • Пікірталас

  • Шағын топтардағы жұмыс

  • Оқушы тансытырлымы

  • Дебат

  • Рөльдік ойындар

  • Миға шабуыл

  • Жеке оқу

  • Мұғалім оқушы дербестігін қабылдайды және ынталандырады

  • Мұғалім тұлғалық ерекшеліктерді қабылдайды

  • Оқушыларға ашық сұрақтар қойылады және жауап беруге уақыт беріледі

  • Мұғалім оқушыларды жоғары деңгейде ойлануға ынталандырады

  • Оқушылар мұғаліммен де сыныптастарымен де қарым-қатынс жасайды

  • Оқушылар тәжірибеге тартылады

  • Оқушылар жаңа ақпарат, бастапқы дереккөздер, табиғи модельдер, физикалық және интерактивті материалдарды қолданады.

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бəсекелестігін арттыру, білім, білік, дағдыларын өмірде қолдана білетін, шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өзіндік шешім қабылдай алатын əлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру мақсаты анық белгіленген. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS жəне PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нəтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген. Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-əрекеттердің əр түрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен əлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығы дағдыларын дамытуда сындарлы оқыту жүйесіндегі қалыптастырушы бағалау əдістері де оң нəтиже береді. Сабақ барысында мұғалімнің қойған бағасынан гөрі оқушының өз жұмысына сыни тұрғыда қарап, өзін-өзі бағалауы немесе кластастарының берген бағасының балаға оң ықпалы болатындығын, өзіндік, өзара жəне мұғалім бағасы сабақ қорытындысында салыстырылып, сараланып отырылса, бағаның объективтілігі артатындығын, бағаның əділдігіне оқушының өзінің, тіпті ата-анасының да еш күмəнінің болмайтындығын ұғындық. Оқушылар бағалаудың осы түрінде өзінің білім алу əрекетіне белсене қатысады. Мұғалім мен оқушының арасында жедел кері байланыстың болмауы оқушылардың оқуға деген ынтасына кері əсер ететініндігі анық. Баға арқылы мұғалім оқушының оқуға деген ынтасы мен өзіндік бағасын төмендете алуы мүмкін екендігін жадынан шығармауы тиісті. Сондықтан əр мұғалім шəкіртінің өзін-өзі бағалау жəне өз жұмысы нəтижелерін жақсарту əдістеріне ұмтылдырып, дамуына үлесін қосады. Оқыту үдерісінде тиімді жұмыс моделі төмендегідей: жоспарлау – оқыту – бағалау – жоспарлау. Бағалау тың жоспарларға, жаңаша ізденістерге жетелейді, өйткені мұғалім оқушылардың білім нəтижесіндегі өзгерістерге байланысты оқыту əдістері мен технологияларына сыни тұрғыда қарап, жаңартып отырады. Əр оқушының жеке тұлға ретінде дамуына, мектепте алған білімін өмірде кез келген жағдайда қолдана білетіндей құзыретті түлек ретінде қалыптасуына ұстаздық жауапкершілігін сезінген мұғалім жан-жақты, үздіксіз, кешенді жұмыс жүргізсе ғана білім сапасы анық болатындығы сөзсіз. Осы процестердің жүруі күнделікті сабақ жоспарынан көрініс табады.

Қорыта айтқанда, сын тұрғысынан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдар мен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Сонымен қатар мұғалімдер білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны; қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек. Осыған сай менің мақсатым, өзін реттей, бақылай алатын, яғни «мен» тұжырымдамасы қалыптасқан құзыретті оқушы тәрбиелеу.

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі жаңа технология екені мәлім. Әрбір технология өзіндік әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс- тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп, қолданылады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас ұшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тұлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені сабақ жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс- тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта- ықыласын, дағды мен ой- өріс, білім- біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты- сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологиялардың әдіс- тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнінде әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Оқу- тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс- тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

Нәтижесінде:

1. Адамдардың арасындағы қатынас өмірдің басты қажеттілігі екендігіне көз жеткізеді

2. Барлық оқушыға тең мүмкіндікке ие болады

3. Әлеуметтік- психологиялық кезеңдерде тиімді әдіске топ даяр бола алады

4. Топпен жұмыс істей біледі, шешім қабылдай алады.

5. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.

6. Оқушылар өз бетімен іздену жолдарын үйренеді.

7. Өз ойын, схема, кесте, суреттер, физикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы еркін жеткізеді.

8. Физикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамытады.

9. Ізденуі іс- әрекеті қалыптасады.

10. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау ынтасы оянады.

11. Зертханалық және сарамандық жұмыстарды өз бетінше жасауға дағдыланады.

Оқыту тәрбие берудің мақсаттарын, ұстамдарын меңгерту және өз бетімен оқу білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол нәтиже сапалы болса, білім сапасы артады.Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді. Білу қабілетін арттырады және олимпиадаға, байқауларға қатысады. Сонымен қатар физика пәніне оқушының қызығушылығын арттырып, түрлендіре жүргізсе, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ол мұғалімнің пәнге сүйіспеншілігі мен қажырлы еңбегі арқасында жүзеге асатыны хақ. Жаңа әдістерді әр сабақта шеберлікпен қолдана білу пәнді оқытудың сапасын арттыратынына сенімім мол.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2025
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі