400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы.

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Блумға салынған, деңгейлік тапсырмиалары берілген сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау ауданы

Жармыш орта мектебінің

Математика пәнінің мұғалімі

Мулкибаева Баршагул Муратовна


8 сынып. Геометрия

Тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы және косинусы

Мақсат:


Жаңа білім

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатынастарын таниды. Косинус пен синус тек қатынастар ғана екенін біледі және косинус пен синустың тек бұрышқа ғана тәуелді екенін біледі.

Түсіну

Синусты және косинусты түсінеді. Синус пен косинустың анықтамаларын парафразалайды. Неліктен косинус пен синустың тек бұрышқа ғана тәуелді екенін өз сөзімен түсіндіреді.


Қолдану

Синусы 1/2, 2/4 және 4/8 болатын бұрыштардың сырын ашып біледі. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларын қолданып сүйір бұрыштың косинусы мен синусын есептеп шығарады.

Талдау

Бір сүйір бұрышының косинустары бірдей үшбұрыштарды салыстырады.

Жинақтау

Косинус пен синусты және олардың арасындағы байланысты қайта түсіндіреді. Яғни сол арқылы олардың анықтамаларын және ерекшеліктерін мен ұқсастықтарын түйіндейді.


Бағалау

Синус пен косинусты салыстырады. Олардың анықтамасын ұғып, өз сөзімен түсіндіреді. Оларды дұрыс сипаттайды.

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу (8 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V.Бағамдау - бағалау (3 мин.).

Сабақ типі: Жеке, жұптық, топтық

Оқыту әдісі: Проблемалық

Формасы: Интербелсенді



Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.

Үй тапсырмасы:


  1. Егер теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір жағы 5см , табаны 6см,
    ал биіктігі 4см болса, табанындағы бұрыштың косинусын және синусын табыңыз.







і. аҚПАРАТ алмасу


Тақырып жоспары:

1. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы

2. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы

3. Бұрыштың косинусы және синусы тек оның градустық өлшеміне ғана тәуелді.

Слайдтар:

1 – слайд (титул)


2 – слайд Сабақтың мақсаты


3 – слайд Тақырып жоспары


4 – слайд Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы

ABC тікбұрышты үшбұрышы берілсін.

C =90о болсын.

Оның катеттерін a, b ал гипотенузасын c деп,

сонымен бірге бір сүйір бұрышының, мысалы, А бұрышын α деп белгілейік.

Shape1 Осы үшбұрыштың қабырғаларының қатынасын қарастырамыз.


5Shape3 – слайд Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы

Алдымен α сүйір бұрышының косинусы деген түсінікке назар аударайық.

Анықтама. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың косинусы деп аталады. Оны: түрінде жазамыз.


6Shape5 – слайд Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы

20-теорема. Бұрыштың косинусы тек оның градустық өлшеміне ғана тәуелді.

ABC тікбұрышты үшбұрышы берілсін. Бұл үшбұрыш үшін cosα = b/c теңдігі орындалсын. АВ сәулесіне AD = kc кесіндісін, ал АС сәулесіне АЕ = kb өлшем саламыз. Мұндағы ADE тікбұрышты үшбұрышы және cosα = АЕ /AD екенін дәлелдейміз.


7 – слайд Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы

Шындығында DE мен AE перпендикуляр болады. Керісінше ұйғарып, DE кесіндісі AE түзуіне перпендикуляр емес деп есептейік. Сонда D нүктесінен AE түзуіне DF перпендикулярын түсіруге болады.

Нәтижесінде, ADF тікбұрышты үшбұрышы үшін cosα = b/c қатынасын жазамыз. Ал, сол cosα = b/c теңдіктің негізінде b/c = AF/AD аламыз.

Shape8 Бірақ, АЕ /AD = AF/AD болып қалады. Соңғы теңдіктен АЕ = AF және cosα = АЕ /AD шығады. Теорема дәлелденді.


8 – слайд Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы

АShape10 нықтама. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарама-қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың синусы деп аталады. Оны: sinα = a/c түрінде жазамыз.

9 – слайд

α сүйір бұрышының косинусы сияқты, α бұрышының синусы да, сол бұрыштың градустық өлшеміне ғана тәуелді. Демек, әрбір α сүйір бұрышқа –ның, –ның бір ғана мәндері сәйкес келеді.


10 – слайд Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы

Мысал: BC = 5, AC= 12, AB = 13 болса, С бұрышы тік болатын үшбұрыштың А және В сүйір бұрыштарының синусы мен косинусын табыңдар.

Шешуі: алдымен бұрыш А = және В = β деп аламыз:

= ; = ;

β = = ; β = = .


іі. алғашқы бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы



Қорытынды:___________________________________________________________


ііі. құзырлылық қалыптастыру



І деңгей тапсырмалары

  1. Косинусты өз сөзіңізбен айтып беріңіз

  2. Синусты өз сөзіңізбен айтып беріңіз

  3. Неліктен косинус тек бұрышқа ғана тәуелді, қысқа түсіндірмесін беріңіз

  4. Неліктен косинус тек бұрышқа ғана тәуелді, қысқа түсіндірмесін беріңіз

  5. Сүйір бұрыштың синусы 1/2 және 2/5 болатын тікбұрышты үшбұрыш салыңыз

  6. Сүйір бұрыштың косинусы 1/2 және 2/5 болатын тікбұрышты үшбұрыш салыңыз

  7. Синус пен Косинусты біріктіріп тұратын қасиет не деп ойлайсыз?

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Синусы 1/2, 2/4 және 4/8 болатын бұрыштар бірдей ма?

  2. BC=8, AB=17, AC=15. Ең кіші бұрышының синусын және косинусын табыңыз

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Бір бұрышының косинусы 1/2, 2/4 және 4/8 болатын тікбұрышты үшбұрыштар бірдей ма?


іV. шығармашылық әрекет


Топтық жұмыс.

Сыныптағы оқушылар жұптасып келесі тапсырманы орындайды.

  1. BC=8, AB=17, AC=15; 2) BC=1, AC=2, AB=5 болса, С бұрышы тік болатын үшбұрыштың А және В сүйір бұрыштарының синусы мен косинусын табыңдар.


V. бағамдау-бағалау


Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі