Материалдар / Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерге ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
1614
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәні: Математика Мұғалім: .

Күні: Қатысқандар саны:

Сынып: 1 «Ә» Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшеу

Оқу мақсаттары

1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш) жан-жағын өлшеу, салыстыру

1.1.3.2 ** см, дм/кг/л өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Геометриялық фигура тіктөртбұрыш қабырғаларын әртүрлі құралдар арқылы өлшейді

Көптеген оқушылар: Геометриялық фигуралардың тіктөртбұрыш қабырғаларын өлшейді және салыстырады;

Кейбір оқушылар: Шамаларды өлшем бірліктерді (см, дм) қолданып өлшейді.

Бағалау критерийлері

Ұзындықты немен өлшеуге болатынын біледі. Шаршы қабырғаларын өлшеуді және ерекшелігін айта алады.

Тілдік мақсаттары

Тіктөртбұрыш-четырехугольник-quadrangle

Құндылықтарды дарыту

Бір біріне құрмет көрсету, оқушылардың бойына ұқыптылық жауапкершілік, нақтылық құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

cызғыш;

қағазқыстырғыштар;

геометриялық фигуралар;

әр оқушыға арналған ламинатталған парақтар мен маркерлер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут


Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.
Топқа бөлу


Шаттық шеңбер







Сабақтың ортасы

8 минут



(Т) Мағынаны тану
Тіктөртбұрыштың қарам-қарсы қабырғаларының ұзындықтары тең болады.

Суретпен жұмыс

Қоршаудың ұзындығы неше текшеден тұратынын санап көр.

(Т)

1-топ: қабырғаларының ұзындығы 5 және 2 қағазқыстырғыштан тұратын тіктөртбұрыш жаса. Барлығы қанша қағазқыстырғаш пайдаландың?

2-топ: қабырғаларының ұзындығы 4 және 2 қағазқыстырғыштан тұратын тіктөртбұрыш жаса. Барлығы қанша қағазқыстырғаш пайдаландың?

3-топ: қабырғаларының ұзындығы 5 және 3 қағазқыстырғыштан тұратын тіктөртбұрыш жаса.

Барлығы қанша қағазқыстырғаш пайдаландың?

4-топ: қабырғаларының ұзындығы 4 және 3 қағазқыстырғыштан тұратын тіктөртбұрыш жаса. Барлығы қанша қағазқыстырғаш пайдаландың?

Дәптермен жұмыс:

Үй бөліктерінің ұзындығын сызғышпен өлшеп сыз.

Дециметрді сантиметрмен өрнекте :

2 дм = 20 см; 3 дм = 30 см

4 дм = 40 см; 1 дм = 10 см;

5 дм = 50 см; 10 дм = 100 см.

Суретті кестелер

АКТ









Цифрлар, конверт, желім, шырпы







Жұмыс дәптері

Сергіту сәті

1 минут

Жапырақтары жайқалып,
Биік ағаш өседі.
Самал желмен тербеліп,
Бұлттар жылжып көшеді.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

12 минут

Суретте көрсетілген үй бөліктерінің ұзындығын сызғышпен өлшеп жаз. Берілген тапсырма

ұзындықты сызғышпен өлшеу дағдысын бекітуге арналған.

Жұмысты орындау кезінде оқушыларға сызғышты бұрып әртүрлі жағдайда өлшеу керек болады. Олар тағы да көлемді фигуралардың үш өлшемі бар екенін байқайды (ұзындығы, ені, биіктігі).

Жауабы:қабырғаның ені — 14 см; қабырғаның биіктігі — 9 см;шатыр қабырғасының ұзындығы — 8 см.

Дециметрді сантиметрмен өрнекте. Тапсыр-ма 1 дм = 10 см қатынасын қолданып, ұзындықтың өлшем бірлігін түрлендіру икемділігін бекітуге бағытталған.

Жауабы:

2 дм = 20 см;

4 дм = 40 см;

5 дм = 50 см;

3 дм = 30 см;

1 дм = 10 см;

10 дм = 100 см.

Сызғыш, ламинатталған парақ

Аяқталуы


12минут




Жұппен жұмыс Тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындығын өлше.

Жауабы:

10 см және 5 см;

4 см және 3 см;

6 см және 2 см.

Текшелерден жасалған қоршау. Оқушылар әңгімелесу ке-зінде талдау жасай отырып, бірлескен бір шешімге келеді.

Тапсырмада мәшине тұратын тіктөртбұрыш-ты автотұраққа қажетті қанша текше керек екенін табу талап етіледі. Ол үшін оқушыларға қоршаудың ұзындығы мен еніне кететін текшенің санын санау жеткілікті, ал қалған қабырғалары осындай ұзындық-қа тең.

Жауабы:28 текше.


Дербес жұмыс «Шығарып көр» Берілген тапсырманы топпен орындатыңыз. Қоршаудың ұзындығына кеткен тақтайларды толық санап немесе қарама-қарсы қабырғаларына кеткен тақтайды ғана санап, қалған тақтайларды соның негізінде табу арқылы тап-сырманы орындауды ұйымдастыруыңызға болады. Тіктөртбұрыш қабырғаларының қасиетін қолда-нып шығарған оқушыларды атап өтіңіз. Оларға қалай шығарғанын басқа оқушыларға айтып беруді ұсыныңыз.

Жауабы:

15 + 10 + 15 + 10 = 50 тақтай.

Орындап көр. Суреттегі тіктөртбұрыштың қа-бырғаларына неше қағазқыстырғыштар кеткенін са-натыңыз (қарама-қарсы қабырғаларын тапқызыңыз, олардың ұзындықтарына кеткен қағазқыстырғыш-тарының санын анықтатыңыз). Сосын қабырғалары

5 және 2 қағазқыстырғыштардан құралған тіктөрт-бұрыш жасап көруді ұсыныңыз. Тапсырманы бір-бірі-не көмектесіп, жұппен орындайтындарын ескерті-ңіз. Жасаған тіктөртбұрыштың периметрін табуды сұраңыз.

Жауабы: 20 қағазқыстырғыш, тіктөртбұрыштың периметріне 14 қағазқыстырғыш кетеді.


АКТ

сызғыш







Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия Кері байланыс

Жетістік баспалдағымен”

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында

ұзындықты өлшейді және тіктөртбұрыштың қа-бырғаларын анықтайды.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінге-нін білу үшін мынадай сұрақтар беріп жауаптарын тыңдаңыз:

Тіктөртбұрыштың қабырғалары туралы не айта аласыңдар? (Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қа-бырғаларының ұзындықтары бірдей болады.)


Тіктөртбұрыштың екі қабырғасының ұзындығы 1 см және 2 см. Оның қарама-қарсы қабырғаларының ұзындығы қандай болады?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!