Материалдар / "Тіл - халықтың жаны"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тіл - халықтың жаны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға шақыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
731
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Тіл – халықтың жаны

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға шақыру.

Сабақтың түрі: фестиваль

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың сөзі «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата - баба алдындағы ұлы парызымыз дa» т.б ұлы сөздер.

Барысы:
Алғы сөз: Осыдан 16 жыл бұрын 1997 жылы 11шілдеде біздің Республикамызда «Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңы қабылданған болатын. Олай болса бұл заңның негізі неден тұрады екен, Жарқынайды тыңдап көрейік.

Жарқынай: Заңның 4 - шi бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi делінген. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан

Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Ал заңның 5 - ші бабында мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн - өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады деп көрсетілген.

6 - шы бапта Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып - үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды деп айтылған.

17 - ші бапта мәдени шаралар мемлекеттiк тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi делінген. 22 қыркүйекте біздің республикамызда Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні мерекесі аталып өтеді. Бұл мейрам 1998 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен жарияланған. Сонымен бүгінгі біздің «Тіл – халықтың жаны» атты фестивальіміз осы атаулы мерекеге арналады.

Мұғалім: Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады. Қазақ халқы тілдің ой мен сөздің бірлігінен тұратындығын, оның мүмкіндігінің терең екенін ерте танып, оған үлкен мән бере тұжырым жасаған.
Орақ ауыз, от тілді жыраулар поэзиясының атасы Асан Қайғы: Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады, Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады - десе, ұлы Абай «Тіл өнері - дертпен тең деп, әрі қысқа, әрі нұсқа баға берген. Сондай - ақ Мағжан Жұмабаев «Тіл – адам жанының тілмашы. Ұлттың ұлт болып қалуы үшін ең бірінші шарт - тілінің болуы. Тілі кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын көрсетеді» деген.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да құдіретті. Себебі, әр ұлттың тілі - оның, бақыты, тірегі. Қазақстан – көп ұлтты ел. Біздің елде 120 - дай ұлттың өкілі тұрады. Олай болса бүгінгі мерекемізге біздің қаламызды мекен ететін сол ұлт өкілдерімен бірнешеуімен танысайық. ( қазақ, орыс, украин, татар ұлттарының киімін киген 4 топтың студенттері өздерін таныстырады). Фестиваліміз ойын - сайыс түрінде өтетін болғандықтан бізге білімділер кеңесі керек болады.( 3 - 4 адамнан тұратын кеңес құрылады) Жеңген ұлт өкілдеріне шаңырақтың суреті бар жетондар беріледі. Неғұрлым көп шаңырақ жинаған ұлт өкілдерін Қазақстан Республикасының азаматтары деген куәлікпен марапаттаймыз. Олай болса фестивальдің бірінші бөлімі «Сергіту» деп аталғандықтан, қазақ және орыс елі тілдері тарихына саяхат сұрақтарынан бастаймыз. Алдымен сұрақ – жауабымыздың шартымен танысайық: интерактивті тақтада 4 елдің туы берілген, тудың астында сол елдің валюталары көрсетілген, оның астында сұрақтар жасырылған. Сендердің міндеттерің кез келген тудың астындағы сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:

  1. Қазақ сөзі қандай мағынаны білдіреді? ( еркін дала адамы)

2) Орыстың қандай сөзі үш буыннан тұрып, 33 әріпті білдіреді? (азбука)
3) Қазақ әдеби тілінің негізін қалаған, қазақ әдебиетінің классигі, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыловтың шығармаларын аударған композитор, философ?

(Абай Құнанбаев)

4) Славян азбукасын ойлап тапқан адам? (Грек миссионері Кирилл және Мефодий - славян ағартушылары - 863)

5) Орыс графикасының негізінде қазақ алфавитін ойлап шығарған белгілі қазақ ағартушысын ата? (Ыбрай Алтынсарин)

6) Алғашқы орыс баспа кітабын шығарған адам? (Иван Федоров)

7) Суырып – салма ақындардың ақындық жекпе - жеңін қалай атайды? (Айтыс)

8) Орыс алфавитіндегі ең жас әріп қандай?(«ё»)

(Жеңімпаздарға жетон таратылады)

Сергіту кезеңі аяқталды, енді екінші кезеңге өтеміз.

2 - ші кезең «Төмендегі орыс тіліндегі сөздердің аудармасы қандай қазақ есімдерін білдіреді?» деп аталады.

1. Верблюжий глаз (БОТАГӨЗ)

2. Мечта (АРМАН)

3. Надежда (ҮМІТ)

4. Лев (АРЫСТАН)

5. Лунный цветок (АЙГҮЛ)

6. Счастье (БАҚЫТ)

7. Жемчуг (ГАУХАР)

8. Щедрость (ДАРХАН)

9. Яблочный цветок (АЛМАГҮЛ)

10. Cвобода (ЕРКІН)

11. Оленёнок (ҚҰРАЛАЙ)

12. Вершина (АСҚАР)

(2 - ші кезеңнің қорытындысы бойынша жетондар таратылады )

3 - ші кезең «Полиглот».

Берілген мақалдарды аяқтап, оны қазақ және ағылшын тіліне аудар:

«Одна голова хорошо...» (а две лучше, екеуі жақсы, two better)

«На чужой каравай...» (рот не разевай, аузыңды ашпа, don’t open your mouth)

«Не было бы счастья...» (да несчастье помогло, бақытсыздық, unhappiness)

«Слово не воробей...» ( вылетит не поймаешь, ушу, to fly)

(3 - ші кезеңнің қорытындысы бойынша жетондар таратылады)

4 - ші кезең «Фразеологизмдер»

Келесі фразеологизмдердің мағынасын түсіндір:

Шаш етек - көп, мол

Сүт пісірім – тез

Үш қайнаса сорпасы қосылмайды – ұқсамайды

Ит өлген жер – алыс

Қас пен көздің арасы – тез

Инемен құдық қазғандай – қиын

Қамшының сабындай – қысқа

Айы оңынан туды - жолы болды

Аузына құм құйылды – сөз таба алмау

Ат ізін суытпау – жиі қарым - қатынаста болу

Бармағыңды тістеу – өкіну

Қабағынан қар жауу – ашулану

« Тіл- халықтың жаны» (Тіл мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс сайыс).

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!