Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі
«Бекітілді»
ЦӘК төрайымы: ____________ А.А.Қалманова
Оқу сабағының жоспары
|
Модуль/ пән атауы |
ЖБП / Қазақ тілі |
|
Сабақтың тақырыбы |
Тіл – тарихтың айнасы. Әліпби |
|
Педагог |
Ерғалиева Аида Өткелбайқызы |
|
Мерзімі |
|
|
Жалпы мәліметтер |
Курс: I Топ: |
|
Сабақтың түрі |
теориялық |
|
Сабақтың мақсаты, міндеттері |
|
|
Күтілетін нәтижелер: |
|
|
Құндылықтар |
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
|
|
Қажетті ресурстар |
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың барысы |
Уакыты |
Тапсырманың мазмұны |
Сабақ жоспарындағы іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Мотива- циялық кезең |
10 минут |
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару Ұйымдастыру кезеңі. - Сәлеметсіздер ме, студенттер? - Кезекші, топта кім жоқ? - Біз топты жеребе тастау арқылы шағын 3 топқа бөлейік.Топтарға ат қойып, топ басшыларын тағайындаймыз. Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер: 3 топ өздерін таныстырады:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тіл-тарих айнасы. Әліпби. Тілдік бағдар. (Сабақ мақсат, міндет, критериімен таныстыру) (1 минут) Психологиялық ахуал: (1 минут) Сабағымызды бастамас бұрын әр топ өзге топтарға өздерінің жақсы пікірлерін білдіріп өтсеңіздер |
Сұрақтарға жауап береді.
Сабақ тақырыбын болжайды. |
Суреттер (слайдтар) Қазақ тілі 11 сынып Арман ПВ баспасы |
|
Операциялық кезең |
70 минут |
Үй тапсырмасын тексеру Жаңа сабаққа көшпес бұрын бұл тақырып бойынша білімдерін бір тексеріп көрейік. Өйткені өздеріңіз білетіндей бүгінгі сабағымызда жаңа тарауды бастаймыз. Сондықтан бұрыннан білетіндерімізді Блиц- турнир сұрақтары арқылы есімізге біраз түсіріп алайық. Сұрақтары: 1. Дыбыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы (фонетика) 2. «Ұ» әрпінің сыңары. « Ү» 3. Араб әліпбиі қай жылға дейін қолданылды (1929ж) 4. «Төте жазу» деп аталатын жазу түрі ( араб жазуы) 5. Әліпбидегі рет саны бойынша 13 әріп (Й) 6. ҚР тілдер күні мейрамы қашан аталып өтеді? (22 қыркүйек) 7. Құранды дыбыстар қатарын атаңыз (ю,я,е) 8. ҚР-ның тіл мәртебесі қандай? (Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ресми тіл) 9. Руна жазуларында бейнеленген шығарманың атауы «Күлтегін») 10. Риторика дегеніміз не? (Шешендік өнер) III. Жаңа сабақ Тіл – тарихтың айнасы екендігі жайлы мағлұмат беру Тіл – таңбалар жүйесінің ерекше түрі. Тіл – адам баласының бойындағы баға жетпес байлық. Ол адам адам болып жаратылғаннан бастап туа біткен қасиет. Алғашқыда тілдің қалыптасуына адамдардың ұжымдасуы, бастарының бірігуі түрткі болғаны. Шағын аумақтағы жинақы топ үлкейе келе, ортақ тіл қалыптастырды. Сөйлеу тілі жаратылыста тек адамға ғана тән ерекше қасиет. Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» Жауда қалып Ленинград, Жаралған жоқ көнгелі! — Жасағамын өмірді Жау біткенді жеңгелі; -Бұл шумақта не туралы айтылып тұр? Яғни, тіл арқылы өткен тарихымызды таңбалап, болашақ ұрпақтың кім екендеріне, қалай қалыптасқандарын, қазіргі қолдарында бар байлықтың қандай еңбекпен келгендігін таныту болып табылады.Өткен кезеңде болған оқиғалардың барлығы – тарих!) Тілдік бағдар дегеніміз – тілдегі лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық нормаларын, дұрыс сөйлеу этикасының нормаларын сақтап сөйлеу. Тақырып бойынша пікір білдіру. (Топ басшылары 3 хаттың бірін таңдап, ішіндегі тақырыпқа топ болып пікірлерін білдіреді ) 1. Тарих дегеніміз тек өткеннің сабағы ғана емес, ол – болашақтың да көрінісі 2. Халықтың тілінде оның тарихының іздері айқын көрінеді 3. Тіл – әрі тарих, әрі мәдениет көрсеткіші. 4. Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы. Әліпби тарихы жайында шолу жасау. Әліпби сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі- «алиф» пен «би» атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді. Қазақ халқының жазу – сызуына Қазақстанға мұсылманның діннің, ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі негіз болды. Алайда, Қоғамдағы әр-түрлі саяси – әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті. Әліпбиде көрсетілген таңбалар – әріптер. Әріп- дыбыстың жазудағы таңбасы. Әліпбидегі әріптер белгілі бір тәртіппен орналасады. Түрлі сөздіктерді пайдалану үшін, әліпбидегі әріптердің орын тәртібін жақсы білу керек., сонда сөздіктерден керек сөзді тез тауып алуға болады. Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар (ә, ғ, ң, ө, ұ,ү, һ, і). Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ.
-Сіздерге қазақ тарихында болған әліпбилер туралы ақпарат жинап, жоба жасау тапсырмасы беріледі. Қазір қысқаша ғана сол жобаларыңызды қорғап өтсеңіздер. 3 топ Жобаларын қорғайды: «Білім» тобы «Араб әліпбиі» «Болашақ» тобы қазақ-кирил жазуы «Бірлік» тобы - латын әліпбиі) Түркі дүниесінде де ертеден қалыптасқан жазу мәдениеті, әліпби жүйесі болған. Оған дәлел Орхон-Енисей, талас жазба ескерткіштерінде бейнеленген жазу түрі. Бұл жазу құпиясы осыдан 128 жыл бұрын 1893 жылы қараша айының 25 күні даниялық лингвист, палиглот Вильгельм Томсон алғаш рет көне түркі жазуының кілтін тауып, ғылым әлемінде айрықша жаңалық ашқан. Көне түркі әліпбиі – Орхон-Енисей жазуы немесе Руна жазуы деп аталып жүр. Көне ескерткіштерде тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары шешен тілмен баяндалған. Соның бірі - «Күлтегін» жазуы. 2-тапсырма Бейнесұрақ: 1. «Білім» тобына арналған сұрақ: «Қазақ-кирил әліпбиі басқаша қалай аталады? Қазақ әліпбиіне негіздеп жасаған кім? (Кирилица, Ы.Алтынсарин) 2. «Болашақ» тобына арналған сұрақ: Араб әліпбиінде барлығы неше әріп бар? Басқа әліпбилерден қандай ерекшелігі бар? Бұл әліпбиді басқаша қалай атаған? (29 әріп және бір белгіше бар, оңнан солға қарай жазылуы. «Төте жазу» деп атаған) 3. «Бірлік» тобына арналған сұрақ: Латын әліпбиінің қолданылған мерзімін атаңыз? Қазіргі ұсынылып отырған Латын әліпбиі неше әріптен тұрады? (1929 жылдан 1940 жылға дейін, 32 әріптен тұрады) – Жақсы,жауаптарыңызға рахмет 3-тапсырма: Тақтамен жұмыс (2 минут): Қате берілген тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазыңдар. 1-топ: Түрүк қаһанаты – Түрік қағанаты арап жазуі - араб жазуы тамыры терен тариқ - тамыры терең тарих 2-топ: Орхан-енесей – Орхон - Енисей Евразиа - Евразия Ахмет Байтұрсұнұлының әліббиі – Ахмет Байтұрынұлының әліпбиі 3-топ: рунна жазуы – Руна жазуы латиница әліпбиі – латын әліпбиі мәдениет мен өркениет – мәдениет пен өркениет 4-тапсырма Дәптермен жұмыс. (3 минут) Жоғарыда берілген әліпбиді пайдалана отырып сөйлемдерді кирилицада жазу. Jyl mezgilderi 1-топ: Ár mezgil: kóktem, jaz, kúz, kys óz sulýlyǵymen tańdaı qaqtyrarlyqtaı keremet. Әр мезгіл: көктем, жаз, күз, қыс өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай керемет. 2-топ: Кóktemde jylǵalardan sý aǵyp, ósimdik ataýy búrshik atady. Көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атады. 3-топ: Aǵashtar aq gúlden monshaq taǵynady, tórt-túlik te tóldep tirshilikke jan bitedi. Ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт түлік те төлдеп, тіршілікке жан бітеді. «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы сабақты қорытындылайық: - Сонымен қандай тақырыпты өттік? - Не білдіңіздер? - Нені үйрендіңіздер? Бағалау парағына қорытынды баға қою |
Сұрақтарға жауап береді.
Тыңдайды, қажеттісін дәптерлеріне жазып алып отырады.
Бір оқушы мәнерлеп оқиды
Пікір білдіреді
-
Жоба қорғайды
Бейнесұраққа жауап береді
Тақтаға жазылған қате сөздердің дұрыс нұсқасын жазады
Дәптерлеріне кирилица бойынша аударып жазады
|
Қазақ тілі 11 сынып Арман ПВ баспасы
1-10 балл
1-10 балл
1-10 балл
1-10 бал |
|
Қорытындылайды |
||||
|
Рефлексиялық кезең |
10 минут |
Смайликтер арқылы сабаққа пікір білдіру 1. Сабақтан көп қажетті ақпарат алдым 2. Бірден түсініп алдым 3. Түсінбегендерім болды |
Кері байланыс жасайды |
|
|
Үйге тапсырма |
|
Тапсырма:
|
Үй тапсырмасын жазып алады. |
|
Сұрақтар
1. Дыбыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы
2. «Ұ» әрпінің сыңары.
3. Араб әліпбиі қай жылға дейін қолданылды
4. «Төте жазу» деп аталатын жазу түрі
5. Әліпбидегі рет саны бойынша 13 әріп
6. ҚР тілдер күні мейрамы қашан аталып өтеді?
7. Құранды дыбыстар қатарын атаңыз
8. ҚР-ның тіл мәртебесі қандай?
9. Руна жазуларында бейнеленген шығарманың атауы
10. Риторика дегеніміз не?
Тарих дегеніміз тек өткеннің сабағы ғана емес, ол – болашақтың да көрінісі
Халықтың тілінде оның тарихының іздері айқын көрінеді
Тіл – әрі тарих, әрі мәдениет көрсеткіші.
Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы.
Түрүк қаһанаты – Түрік қағанаты арап жазуі - араб жазуы тамыры терен тариқ - тамыры терең тарих
Орхан-енесей – Орхон - Енисей Евразиа - Евразия Ахмет Байтұрсұнұлының әліббиі – Ахмет Байтұрынұлының әліпбиі
рунна жазуы – Руна жазуы латиница әліпбиі – латын әліпбиі мәдениет мен өркениет – мәдениет пен өркениет
Ár mezgil: kóktem, jaz, kúz, kys óz sulýlyǵymen tańdaı qaqtyrarlyqtaı keremet. Әр мезгіл: көктем, жаз, күз, қыс өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай керемет.
Кóktemde jylǵalardan sý aǵyp, ósimdik ataýy búrshik atady. Көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атады.
Aǵashtar aq gúlden monshaq taǵynady, tórt-túlik te tóldep tirshilikke jan bitedi. Ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт түлік те төлдеп, тіршілікке жан бітеді
Араб жазуы (араб.: أَبْجَدِيَّة عَرَبِيَّة əбджәдийə 'арабия) — ежелгі Вавилониядағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады.
Араб жазуында 28 әріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін.
Құснихат үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т.б. түрлері пайдаланылады.
Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Кавказ елдері және Орта Азия, т. б.) қолданылады.[1]
Араб жазуының тарихы
Араб тілінің жазылу тарихына келер болсақ, жаһилиет дәуірінде арабтарда жазу дамыған жоқ. Арабтар өз араларында тек келісімшарттар жасаған уақытта ғана жазатын еді. Сонымен бірге басшылар арасындағы хаттар. Бәдәуи арабтар хат жазуды намыс санап тек жаттап алатын.
Келісімшарттар мен хаттардан басқа жәһилиет дәуірінің шайырлары өз шығармаларын қағазға түсіретін.
Йемен халқы б.з.д. 1000 жыл бұрын жазу қолданған. Діни қағидалар мен заңдарын тастарға қашап жазған. Бірақ жазуды күнделікті өмірде қолданғаны туралы нақты мәлімет жоқ[2].
Қазақстанда Араб жазуы ислам діні арқылы 7-9 ғ-лар аралығында таралған. Әл–Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, С. Бақырғани т. б. ғұламалар Араб жазуын өздері туып-өскен орталарында үйренгені, сол дәуірлерде арабша оқытатын медреселер болғанын көрсетеді. Араб жазуы алғашқыда “қадым”, кейін “төте” жазу үлгілері түрінде Қазақстанда 1928 ж-ға дейін пайдаланылып келді.[3]
28 әріптің, әліф-тен басқасы дауыссыз болып табылады. Әріптердің оқылуы әріптің сөздің ішінде орналасуына байланысты өзгеріп тұрады.
Алиф — араб алфавитіндегі жалғыз дауысты дыбысты әріп.
Түрк әлемінде КСРО құрамындағы түрк тілдес республикалар мен ұлыстарында 1940 жылдан бастап кирилл әліпбиіне негізделген жаңа жазуды енгізді. КСРО халықтары біріңғай жаңа әліпбиді қолдану керек деген саяси шешіммен орыс әліпбиіне негізделген жаңа әліпбилер қолданыла бастады. Мысалы қазақ тіліне арналып мынадай 42 әріп жасалды: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, і, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, і, ь, э, ю, я.
1940 жылы еліміздің латын
графикасынан орыс графикасына көшуінің бірнеше себебі болды. Оған
ықпал жасаған Кеңес
өкіметі.
-
ол кездегі билік өзге идеология мен саясат ұстанған Түркия мемлекеті мен кеңестер одағындағы түркі халықтарының араласуына кедергі жасағысы келген.
-
араб және латын графикасына негізделген қазақ жазуының негізін қалаған қайраткерлердің (Құдайберген Жұбанов, Ораз Жандосов) "халық жауы" атануы.
-
Кеңес өкіметі бір мемлекет, жалғыз астана (Мәскеу) астындағы халықтардың ортақ мемлекеттік жазуы болуы керектегін іске асырғысы келді. Яғни орыс тілі мен жазуы. Сондай-ақ термин сөздердің орыс тілі арқылы игерілуі мен тіліміздің жазу емлесіндегі алуан түрлілік", - дейді ол.
Кириллицаға көшпей тұрып 1926 жылдан бастап түрлі конференцияда орыс ғалымдары термин сөздерді орыс тілі арқылы игерген жөн деген ұсыныстар жасаған. Оған қоса қазақ оқымыстыларының да ортақ жазуға - орыс жазуына көшкен дұрыс, терминдер орыс тілі нұсқасынша жазылу керек деген көзқараста болған. Сөйтіп, ақырында орыс графикасын қабылдауымызға себеп болды дейді маман.
"Қазіргі уақытта біз қолданып жүрген кириллица 1940 жылы 11 желтоқсанда бекіген. Оның авторы қазақ тілтанушысы, филология ғылымдарының докторы Сәрсен Аманжолов. Онда 41 әріп болды. Бірінші орыс алфавитінің әріптері, соңынан қазақ әріптері тіркеледі. Әріп атауы вэ, бэ деп, орыс алфавитіндегідей белгіленді. Осы әліпби жобасының негізінде 1941 жылы алғашқы емле сөздігі жарық көрді", - дейді тіл маманы.
Сол кезде бекіген және қазіргі уақытта пайдаланып жүрген әліпбидің тек бір кемшілігі бар.
Мұнда қазақ әріптеріне қатысты ешқандай кемшілік жоқ. Кемішілік тұсы деп термин сөздерді жазу үшін алынған орыс әріптерін айтуға болады. Мысалы Әзірбайжан кириллицасына орыс тілінің әріптері толық кірмеген. Ал Аманжоловтың әліпби жобасында орыс тілінің әріптері толық алынған", - дейді ол. Осы орайда,латын қарпіне толықтай өту процесі туралы пікірін білдірді. Оның айтуынша, латын қарпіне толықтай көшкен кезде оның бірнеше басымдығы болады.
Латын әліпбиіне көшу – еліміз үшін тарихи оқиғалардың бірі. Бұл заман талабына қажетті нақты жоба. Әлемде көп қолданатын әліпбиге оралу жақсы мүмкіндік. Орайы келгенде айта кетейік оралу деп отырғанымыз латын әліпбиі елімізде өткен ғасырдың басында қолданыста болған. Латын графикасына көшу қазақ тілді контентті арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге ықпал етеді. Әлемдік коммуникациялық кеңістік технологиялық ақпараттық ортаға еркін ену үшін де қажет. Бұл заман талабы.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі талай жауапты да маңызды қадамдар жасалып, салт-дәстүріміз, тарихи-мәдени құндылықтарымыз қайта жаңғырды. Ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Енді міне ел алдында тағы бір жауапты үлкен іс тұр. Ол латын әрпіне көшу. Қазақ елінің тұңғыш көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»,- деген еді.
Әліпбидің 3 кезеңі
Тұңғыш елбaсы Нұрсұлтaн Әбішұлы Нaзaрбaевтың жaрлығынa сәйкес қaзaқ тілі әліпбиінің 2025 жылғa дейін лaтын грaфикaсынa кезең-кезеңмен көшyін қaмтaмaсыз етілyі міндеттелген еді. Соғaн сaй тіл ғaлымдaры жaңa әліпбиге көшyдің 3 кезеңін қaрaстырып отыр.
Бірінші кезең: 2018-2020 жылдaрды қaмтиды. Бұл aрaлықта лaтын грaфикaсының нормaтивті-құқықты бaзaсы жaсaлып, орфогрaфияның ережелері дaйын болды.
Екінші кезең: «Ұйымдaстырyшылық және әдістемелік» деп aтaлaды. Ол 2021-2023 жылдaрды қaмтиды. Осы yaқыт аралығында лaтын грaфикaсын оқyғa бaғыттaлғaн семинaр тренингтер ұйымдaстырылып, жеке кyәлік лaтын қaрпінде шығaды.
Aл, 2024-2025 жылдaрдa мемлекеттік оргaндaр мен бұқaрaлық aқпaрaт құрaлдaры лaтын қaрпіне көшіп, бүкіл ісқaғaз жaңa әліпби негізінде жүргізілмек. Мемлекеттік оргaндaр мен бұқaрaлық aқпaрaт құрaлдaры лaтын қaрпіне көшіп, бүкіл ісқaғaз жaңa әліпби негізінде жүргізуді жоспарлап отыр.
3-тапсырма: Тақтамен жұмыс (2 минут): Қате берілген тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазыңдар.
1-топ: Түрүк қаһанаты – Түрік қағанаты арап жазуі - араб жазуы тамыры терен тариқ - тамыры терең тарих
2-топ: Орхан-енесей – Орхон - Енисей Евразиа - Евразия Ахмет Байтұрсұнұлының әліббиі – Ахмет Байтұрынұлының әліпбиі
3-топ: рунна жазуы – Руна жазуы латиница әліпбиі – латын әліпбиі мәдениет мен өркениет – мәдениет пен өркениет
4-тапсырма Дәптермен жұмыс. (3 минут) Жоғарыда берілген әліпбиді пайдалана отырып сөйлемдерді кирилицада жазу.
Jyl mezgilderi
1-топ: Ár mezgil: kóktem, jaz, kúz, kys óz sulýlyǵymen tańdaı qaqtyrarlyqtaı keremet. Әр мезгіл: көктем, жаз, күз, қыс өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай керемет.
2-топ: Кóktemde jylǵalardan sý aǵyp, ósimdik ataýy búrshik atady. Көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атады.
3-топ: Aǵashtar aq gúlden monshaq taǵynady, tórt-túlik te tóldep tirshilikke jan bitedi. Ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт түлік те төлдеп, тіршілікке жан бітеді.
Тапсырма:
-
“Адасқан әріптер”. Берілген әріптерді пайдаланып сөздер құрау

-
Белгілі ғалымдардың көне түркі жазуларына қатысты айтқан сөздерін тауып келу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіл - тарихтың айнасы.Әліпби.Тілдік бағдар

шағым қалдыра аласыз