"Тіл - ұлт қазынасы" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тіл - ұлт қазынасы" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Ақбөпе» балабақшасы








«Тіл-ұлт қазынасы»

«Жұлдыздар» ересек тобы

(Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі )






Өткізген: Кенжегалиева А.К.







2018-2019ж

Мақсаты: Балаларды туған ана тіліміздің қасиетін,қадірін ардақтай білуге үйрету.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.                                                                                              Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.                                    

Көрнекіліктер:Суреттер,слайд.                                                                               Сөздік жұмыс: Ана тіліміз-қазақ тілі.Отан.                                   

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,мадақтау,қорытынды.

Әрекет кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

           Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Сәлем саған, алтын күн!

Балалар шаттық шеңберін педагогпен бірге қайталайды.

Іздену- ұйымдастырушы

Жарайсыңдар енді сабағымызды одан әрі қарай ән ұранмен бастайық.

Ән ұран орындалады.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? –

Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз мезгілінде ауа-райы ерекшеліктері қандай болады?

-Ал,біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Біздің елбасымыз кім?

-Біздің ұлтымыз кім?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

Жарайсыңдар балалар біздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілі,біз бір-бірімізбен қазақша сөйлейміз.

1997ж «Тіл туралы заңымыз» қабылданды.Күз айының алғашқы Қыркүйек айының 22-сі Тілдер күні болып белгіленген.Қазақ тілі бай тіл.Бала жас ұрпақтарының сендер тілдеріңді қадірлеп ардақтауымыз керек.Ана тілімізді қадірлеу мемлекетіңізді,ұлтыңызды,өзіңді қадірлеу.Біз өз тілімізді тек ана тілімізде қазақ қазақпен қазақша сөйлесуіміз керек екен балалар.Олай болса балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып,бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

-Қане балалар сендер тіл туралы тақпақ білесіздерме?

Асима:

Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын.

Алихан:

Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Арайлым:

Ана тілім – ар тілім

Жанардағы жарқылын.

Балалар біз өз жерімізде,яғни Қазақстанда қазақша сөйлейміз.Басқа шет елдерге,Ресейге барсақ орыс тілінде сөйлейміз.Яғни балалар бірнеше тіл білгендерің жақсы.Бірақ өз тілімізді мақтан етіп ардақтап,құрметтеп білуіміз керек.

Енді мақал-мәтелдерімізді айтайық.

Гүлназ:

Оқу – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

Ерболат:

Өнер алды – қызыл тіл.

Балалар тәрбиешінің айтқандарын назар сала тыңдайды.

Әнұранын айтады.

-Күз мезгілі

-Үш ай

-Салқын,жел соғады,жаңбыр жауады.

-Қазақстан Республикасында  -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Қазақ

-Қазақ тілінде

Балалар тақпақтарын айтады.

Балалар тәрбиешінің ана тіл туралы айтқан әңгімелерін мұқият тыңдайды.

Мақал-мәтелдерін айтады.

Қазақстан елінде тұратынын мақтап айтады.

Рефлексті коррекциялау

Қорытындылау.

Балалар біз бүгінгі сабағымызда не туралы әңгімеледік?

Дұрыс айтасыңдар.

Балалар біз қай тілде сөйлейміз?

Әрқашан ана тілімізді құрметтейік.Ана тілімізді ұмытпай қастерлеп,ардақтайық.

-Тіл туралы.

-Қазақ тілінде сөйлейміз.

Балалар сұраққа жауап береді,мадақтағанға қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Балалар өз Отанын ана тілін құометтеп білуі;

Нені игереді: Ана тілінің қадір-қасиетін игере білуі;

Нені біледі: Ұлты қазақ екенін,қазақ тілінде сөйлеу керектігін біледі.














































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2021
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі