Тіл - ұлт тірегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл - ұлт тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты. Балалардың үлтқа, тілге деген сезімін ояту,Тақырыпты оң жағынан тұтастай ашу, толық мәлімет беру. Тілге деген мақтанышын ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тіл – ұлт тірегі.
Тәрбиеші: Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына
арналған тақырыптық сабағымызға қош келіпсіздер!
тақырыптық сабағымыздың мақсаты балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу.
Тіл қай ұлтта да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Сабағымызды ән ұраннан бастайық.
Ән ұран: барлық балалардың орындауында.
Тәрбиеші: Балалар,бізге қонақ келіпті.
Қонақ (Германиядан келген):
Гутэн таг! Мен Германиядан келдім! Кешіріңіз мен қазақша
сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
Тәрбиеші:Балалар, қонақпен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Тәрбиеші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
Қонақ: Германия өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала-Берлин
деп аталады.Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Тәрбиеші: Рахмет. Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл
апталығына арналған тақырыптық сабақ өтіп жатыр.Қонақ болыңыз!
Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.
Тәрбиеші: Балалар, біздің отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші:Біздің елордамыз қалай аталады?
Балалар: Астана.Нұрсұлтан.
Тәрбиеші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші:Дұрыс, тіл адамдарға бір-бірімен тілдесуге, сөйлеу
үшін керек. Тіл арқылы адамдар бір- бірімен қарым-қатынаста
болады. Біздің Республикамыз Қазақстанда көп ұлттар турады,
олардың барлығы тату-тәтті өмір сүреді.
Тәрбиеші: Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар,балалар. Осы халықтар Қазақстанда
тұрса да өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз керек, құрметтеуіміз керек.
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Ал,қазір,балалардың тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарын тыңдайық.

Айым.
Тіліңді үйрен күнде сен,
Ол іс емес жай ғана.
Өз тіліңді білмесең,
Білгішпін деп ойлама.
Сабира:
Ана тілің, арың бұл.
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Хамза:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың бауырың.
Отан - өлкең астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Інжу.
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Айсана:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Рамазан:
Ана тілім-ардағым,
Білмегенің арға мін.
Құстардағы салады,
Өз тілінде таңғы әнін.
Алинұр:
Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді.
Әмина:
Тілің-қымбат қайда да,
Сүйсін тілін әр бала.
Ана тілі жеткізер,
Көк аспанға,ойға да.
Айкөркем:
Отан – жерім,
Отан – суым.
Отан қуат, нәр береді
Адина:
Ана тілді құрметте,
Жұртын сүйген ұланым.
Алихан:
Тілім-бойда тұмарым,
Жарық берер шырағым.
Отан – мәңгі гүлденеді.
Ортаңғы топтың балаларының орындауында.
Ән: «Атамекен »
Қонақ: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім, рахмет сендерге.Сау болыңдар,балалар.
(Балалар қонақпен қоштасады)
Тәрбиеші: Балалар, тақтадағы суретке назар аударайықшы.
Бұл күліп тұрған күннің көзі.
-Не жетіспейді?
Балалар: Күннің шуағы жетіспейді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, сұрақтарға жауап беріп,
күннің шуағын толықтырып жапсырайық.
Балалардың жауабы:
1.Тіл не үшін керек?
2. Біздің отанымыз?
3. Елордамыз қалай аталады?
4. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
5. Біздің ұлтымыз қандай?
6. Біз қай тілде сөйлесеміз?
7. Біз әртүрлі ұлттармен қалай тұрамыз?
Балалар күннің шуағын толықтырады.
Тәрбиеші: Балалар,қараңдаршы, күннің көзі күлімдеп шуағын шашып, нұрланып шыға келді.
Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
«Тіл-ұлт тірегі» атты тақырыптық сабағымыз осымен аяқталды.













Бекітемін: Келісемін:

«Айгөлек Д» балабақшасының «Айгөлек Д» балабақшасының

меңгерушісі _____________ Жұмабаева Ф.К. Әдіскері_________Кирбасова Н.М.





Тақырыбы: Тіл – ұлт тірегі.

«Құлыншақ»тобы

(тәрбие сағаты)









Тәрбиеші: Хайратбай Г.

Сауытбекова А.А.





Қараөткел ауылы

2021 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2021
457
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі