«Тіл – ел жүрегі»
Жас мұғалімдердің қатынасуымен өтетін поэзия кеші
13 қыркүйек 2024 жыл
Мақсаты: Көпшілік оқырманға ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқан ой-толғауларын оқып үйрену, ақиық ақындарымыздың тіл жайында толғаған өлең-жырларын оқып, танысып, тәлім-тәрбие беру.
Ән: «Көзімнің қарасы». Балтабаева Ақжарқын
Жүргізуші:
Армысыздар, жыр сүйер, ән сүйер қауым! Қайырлы күн, құрметті қонақтар және ұстаздар!
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбейді. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болады. Әркімнің өз тіліне деген құрметін өз анасына, өз ұлтына деген құрмет деп білу керек. Олай болса, қара қылды қақ жарған туған тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында 5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылған «Тіл – ел жүрегі» атты жас мұғалімдердің қатысуымен өтетін ПОЭЗИЯ кешіне қош келдіңіздер!!!
Жүргізуші:
Ата-бабамыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған жерімізді, атамекенімізді, тілімізді, төл өнерімізді сақтап және аялап қана қоймай, түрлі іс-шаралар арқылы келешек ұрпаққа үлгі-өнеге етіп қалдыру - біздің үлкен парызымыз!
Ендеше, елім деп еміреніп, тілім деп тебіренген азат елдің айбынды ұрпақтарын, яғни болашағынан зор үміт күттіретін, тіл қамын ойлайтын жас ұландарымызға саналы білім мен сапалы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп жүрген жас ұстаздарымызға қошеметімізді аямайық.
І қатынасушы:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата-баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан-теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали - поэзия алыбы, - дей келіп, жас ұстаз, қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Наргиза Қайырлыбекқызын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» өлеңімен ортаға шақырамыз.
ІІ қатынасушы:
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- деген тамаша жыр жолдары ойға
оралады. Ендеше келесі кезекті жас ұстаз, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Амандық Сарсенғалиұлына береміз.
Габдолла Токай «Родной язык».
ІІІ қатынасушы:
................................................................................
Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Әрине, өмір жолы – даңғыл емес. Өрі де, ылдиыда жетерлік. Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың басты парызы. Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі. Талаптанады , талпынады. Өмірдің «бір кірпіші боп қалануға » бар — ынта жігерін салады. Бізде сондай жастың біріміз. Аңсаған арманымызға жетуіміз керек. Қатарымыздан қалмай, өмір шыңына көтерілу біздің басты мақсатымыз.
Санжар Ғұлама «Мен тірімін, ей өмір, естимісің!».
Оқитын: Мөлдір Қанатқызы
========================================================
САЗДЫ ӘУЕН
"Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең..."
Сазды әуенге кезек берейік.
Ортада ______________________________
ӘН:
_______________________
ІV қатынасушы:
Заманымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, бүгінінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін тегі өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» — десе ана тіліміз, туған тіліміз өзіміз үшін қымбат, асыл дүние. Оны ең бірінші өзіміз қадір тұтып, қастерлеуіміз керек. Бүгін поэзия кеші болғандықтан тағы да ақын өлеңдеріне кезек берейік.
Николай Алексеевич Заболоцкий «Читая стихи».
Оқитын: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Әсемай Тұрланқызы.
V қатынасушы:
Поэзия – адам баласының рухы. Адамзат бар жерде поэзия бар. Өмірдің өзі – тұнып тұрған поэзия. Алайда сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз, танитын талант, сезетін сезім керек. Сезіну бар да, сезімін сезімдерге айтып жеткізу, мойындату бар. Міне, осы тұста адамдар дараланады. Әр халық өзінің сезім дүниесінен енші бөліп, сеніп тапсырып, дүниеге өзінің сезімтал елшілерін жібереді. Оның аты – Ақын. Адамның сезімі – алынбас қамал. Ендеше, сол сезім қамалының жаулаушысы да, иесі де – ақын екенін естен шығармайық.
М.Мақатаев «Ғашықпын». Алдарыңызда ағылшын тілі пәні мұғалімі Жайнагуль Нұрымқызы.
VІ қатынасушы:
Ұлықтаймыз ұстаз деп нар ақынды,
Жарқыратқан жан нұры қара түнді.
Ең бірінші халқым деп қайдан айтқан,
Мен де жайдым өлең деп қанатымды, - дей отырып, «Төрт ана»
атты өлең жолын қабыл алыңыздар. М. Шаханов «Төрт ана».
Оқитын: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мөлдір Боранқызы.
САЗДЫ ӘУЕН
Бабаларым күй шерткен сыйласына,
Күй шығарған сүйікті қимасына.
Қай қазақтың үйіне кірме мейлі,
Бір домбыра тұрады үй басына.
Деме, достым, осы ағаш не біледі,
Ол да адамдай күледі, егіледі.
Кей сәттерде тылсымдай тына қалып,
Кей сәттерде нөсерше төгіледі. Осынау біздің керемет
кешімізді өзінің күмбірлеген күйімен өрнектейтін Аманғали Кемелді ортаға шақырамыз. Құрманғазының күйі «Балбырауын»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен орындалатын шағын көрініс. «Бақыт деген не өзі?»
«Бақыт деген не өзі?», –
деп бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп,
бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: «Бақыт деген –
барлық, байлық емес пе?
Керегінше киіп ішсең,
бақыттысың емес пе?».
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген –
қолың жетпес мансап қой.
Жұрттан гөрі жүрсең ерек,
соның өзі жақсы ат қой».
Бірі айтады: «Бақыт деген –
жүйрік мініп, той тойлау.
Ісің болмай күйбеңменен,
қарын тойса, карта ойнау».
Бірі айтады: «Бақыт деген –
адал жар мен перзент қой.
Ынтымаққа ырыс келген,
ол да соған ермек қой».
Пікірлердің таласына осылай
мен жолықтым.
Бақыт адам баласына
келмес оңай, соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да,
байлықтан да, жардан да,
Мансап жетпес бар адамға
үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар,
тыңдап сол бір жақұтты,
Оны алыстан іздемегін,
жүректен тап бақытты!»
САЗДЫ ӘУЕН. М. Мақатаев «Бақыт деген».
VІІ қатынасушы:
«Тіл - ұлттық белгі халықтық мұра, дүниетаным құралы». Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамның мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Олай болса қазір сіздерге қазақтың бір туар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің «Үйретеді кім оған ана тілін» өлеңін оқып беретін бастауыш сынып мұғалімі Нұрай Болатбекқызы.
VІІІ қатынасушы:
Қазақ тілі осал тіл емес. Ол әлем мойындаған Абай, Ахмет, Ілияс, Мағжан, Міржақып, Мұхтар секілді алып-тұлғаларды туғызған және соларды сөйлеткен тіл. Бұл тіл ақын-жазушы шығармаларына, жырларына арқау болған тіл. Олай болса, құрметті жыр сүйер көрермен ақын Несіпбек Айтұлының «Ана тілі» өлеңін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсия орындауында тыңдап көрейік.
Осымен біздің бүгінгі әсем де керемет, жүрекке жылулық сыйлаған поэзия кеші өз мәресіне жетіп қалды.
Жүргізуші:
"Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар..."
деп Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыз айтқандай, поэзия әлемінде өз ойын өрнектеп бере білген, мазмұнды да мағыналы өлеңдерімен жүрекке жеткізе білген жас ұстаздарымызға алғыс білдіре отырып, марапаттауға рұқсат етіңіздер!!!
«Алғыс хат» табысталады.
Қорытынды
Поэзия осы бір жалғыз ауыз сөзде қаншама ұлы сезім, толғаныс, сүйіспеншілік жатыр десеңші, шіркін! Қадірменді көрермен, сіздер адам дүниесін нұрландырып алып екі тамырына қан жүгіртетін, сезімнің тоқсан тарау жырын қозғайтын ғажайып поэзия деп аталатын рухани әлемнен жаныңызға азық алдыңыз. Ендеше, жылағанда жұбататын, қуанғанда қоштайтын, ғашық болғанда шабыт беретін поэзиямен етене жақын болайық!
Ана тілім-бәрін айтар шежірем.
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер!-деген ақын өлеңімен бүгінгі
«Тіл – ел жүрегі» атты поэзия кешін аяқтаймыз.
Мектебіміздің жас өнерпаздары, облыстық, республикалық байқау жеңімпаздары Амангелдіқызы Мөлдір мен Утеп Нұрдаулетті сахна төріне шақырамыз.
Ән: «Бірлігіміз жарасқан»
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН. МЕРЕКЕ МЕРЕКЕГЕ ҰЛАССЫН!!!
-
Наргиза Қайырлыбекқызы – М. Мақатаев Поэзия
-
Амандық Сарсенгалиұлы– Габдолла Токай «Родной язык»
-
Жайнагуль Нұрымқызы – М.Мақатаев «Ғашықпын»
-
Мөлдір Қанатқызы – Санжар Ғұлама «Мен тірімін, ей өмір, естимісің!»
-
Әсемай Тұрланқызы – Н.А.Заболоцкий «Читая стихи»
-
Әсия – Несіпбек Айтұлы «Ана тілі»
-
Мөлдір Боранқызы – М. Шаханов «Төрт ана»
-
Нұрай Болатбекқызы - Тұманбай Молдағалиев
«Үйретеді кім оған ана тілін».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тіл – ел жүрегі» Жас мұғалімдердің қатынасуымен өткен поэзия кеші

шағым қалдыра аласыз