Материалдар / «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегіміз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегіміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға және студенттерге үлкен көмегі бар.Тіл апталығының жабылуына арналған концерттік бағдарлама және ақындар сайысы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2018
596
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегіміз»

Мақсаты:  Жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір - қасиетін  түсіне  білуге баулу.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  махаббатын  арттыру.


Мырзаш Ботакөз «қазақ» биі (хабарлаусыз номер)

І  жүргізуші: Қайырлы  күн қадірменді  ұстаздар  мен  білім алушылар!    «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегіміз»  атты мәнерлеп оқу сайысы мен   тіл апталығының жабылу салтанатын бастауға рұқсат етіңіздер!

ІІ  жүргізуші: Құрметті  ұстаздар,  білім алушылар!  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  «Мемлекеттік  тіл – Қазақстан  халықтарын   біріктіретін  тіл»  деп жарияланған. 

Тіл - ұлттық  белгі,  халықтық  мұра,  дүниетаным  құралы.    Халықтың  тарихта  қалуы  тіліне 

байланысты.

Тіл  халықтың  жаны,  сәні,  тұтастай кескін  келбеті,  болмысы.  Қазақ  тілі  дүние  жүзіндегі  ең  бай,  беделді  тіл.

Өткірдің  жүзі,

Кестенің  бізі,

Өрнегін  сендей  сала  алмас,-  деп ұлы  Абай  атамыз  таңырқап,  тағзым  еткен  осы  қасиетті  тіліміз.

 

І жүргізуші: Күш  кеміді,  айбынды  ту  құлады,

Кеше  батыр – бүгін  қорқақ,  бұғады.

Ерлікке  ұмтылған  ұшқыр  жаны  кісенде,

Қан  суынған,  жүрек солғын соғады.

Қыран  құстың  қос  қанаты  қырқылды,

Күндей  күшті,  күркіреген  ел  тынды.

Асқар  Алтай – алиын  ана есте  жоқ,

Батыр,  хандар – асқан  жандар  ұмтылды. 

Ерлік,  елдк,  бірлік,  қайрат, бақ,  ардың,

Жауыз  тағдыр  жойды  бәрін  не бардың.

Алтын  күннен  бағасыз  бір  белгі  боп,

Нұры  жұлдыз,  бабам тілі  сен  қалдың.

 

Мәнерлеп оқу сайысына қатысатын білім алушыларды таныстыруға рұқсат етіңіздер!


  1. Амангелді Мейрлан

  2. Әбдіғалиев Темірлан

  3. Байжанова Альбина

  4. Еркінұлы Айсұлтан

  5. Ермеков Ырзабек

  6. Асет Ақгүл

  7. Нұрбеков Думан

  8. Беркінова Аружан

  9. Серікбаев Ерболсын

  10. Дүзбас Ақниет

  11. Төлебаев Ермахан

  12. Төлепова Ару

  13. Аманов Азат

  14. Айбек Гүлдана

  15. Оңғарқызы Ақтоты



Мәнерлепоқу сайысының әділ қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:



1.Есмаганбетова Айман Абдибаевна- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

2.Нуралы Кабисултанович- колледж оқытушысы

3.Мынжасарасова Акзат Аманбаевна- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Сахнада, Ыбрахим Нұрсәттің орындауында «Ерке сылқым» күйі.Қарсы алыңыздар!


ІІ жүргізуші: Ана тілі  бар  білімнің  қайнары,

Аталардың  өсиеті  пайдалы.

Алақаны  мейірімді  ананың,

Ұстазыңның  жаққын  жүзі – жайдары.

Ана  тілім – тайтамайтын  әліппем,

Болғаным  жоқ  әріптерін  танып мен.

Өз  тілімді  жақсы көру  арқылы,

Достасамын  басқа  барлық  халықпен.

 

І  жүргізуші:  Халық  өзінің  тілін  ең  ардақтысы  деп  санайды,  оны  ерекше  сүйеді.  Қырғыз  ақыны  Сарноғайовтың  айтқанындай,  «Ана  тілін  сүймеген  адам,  халқын  сүйіп  те  жарытпайды».


Көрініс «Тіл қадірі»


ІІ  жүргізуші:

Қалқам,

Мен  Лермонтов,  Пушкин  де  емеспін,

Есенинмін  демедім  ешкімге  мен

Қазақтың  қара  өлеңі  құдіретім,

Онда  бір  сұмдық  сыр  бар  естілмеген.

Жат  жерде  жатқанымда  жазатайым,

Қанымен  жазды  мүмкін  ағатайым.

Қасиетіңнен  қара  өлең  айналайын,

Қазақтың  дәл  өзіңдей  қарапайым,-  дей  отырып,  алдарыңызда 


Сахна төрінде 102- топ білім алушысы _____________________ Арайлымды «Қазақстан» әнімен қарсы алыңыздар!

І  жүргізуші:   Қазақстан  Республикасы  Тіл  туралы  алғашқы  заңы  1989 жылы  22 - қыркүйекте  қабылданды.  Біздіңелімізде  тұратын  барлық  ұлт  өкілдері  қазақ  тілін  оқып  үйренуде.

ІІ  жүргізуші:   Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өзі ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.

«Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы – ұлы»,- деген Шыңғыс Айтматов, айтқандай!

Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті

Туған  тілде  сыры  терең  жаным  бар,

Туған  тілде  мың-мың  ыстық  қаным  бар.

Туған  тілде әнім  менен  сәнім  бар,

Туған  тілім – жүрек үнім  наныңдар.

Нанбасаңдар,

Жүрегімді  суырып-ақ  алыңдар. 


Тұрсынов Бексұлтанның орындауында «Балалық шақ» күйі


 І  жүргізуші:

Сая болып  жаныңа  емен,  терек,

Жетеренді жатқаның  көлеңкелеп.

Өгейсінбей  өзі  боп  қалу  үшін,

Өнер  керек  ұрпаққа,  өлең  керек, -  дей  отырып,  алдарыңызда

 

I  жүргізуші:

Домбырам,  жүрегіммен  үндес  едің,

Сенімен  сырласымдай  тілдесемін.

Бабамнан  қалған  мұра  сен  болмасаң,

Өнерің  не  екенін  білмес  едім, - «Кеңес»  күйі.


Сахна төрінде Зайруллина Гүлсезімнің орындауында «Ана тілі-аяулы үні» әні


IІ  жүргізуші:

Өнерге  әркімнің-ақ  бар  таласы,

Сонда  да  солардың  бар  таңдамасы,

Іші  алтын,  сырты  күміс  сөз  жақсысын,

Қазақтың  келістірер  қай  баласы – демекші  алдарыңызда  үнді  биі.

«Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегіміз» атты апталықта бірнше іс-шаралар жоспар бойынша орындалды.Осы қорытындысы апталықтың қорытындысы бойынша


I  жүргізуші:

Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Тілім  менің,

Тілім  үшін  мың  өліп, тірілді  елім.

Адалыммен, арыммен  қатар  қойып,

Тілді  қорғау  парызым  бүгін  менің.

 

     Сахна төрінде Амангелді Мейрлан мен Әбуғалиев Бағдатты « Батырлар ұраны» әнімен қарсы алыңыздар! 


І-IІ жүргізуші:

Келесі кездескенше,денісіміз сау, күніміз нұрлы болсын, ағаайын!Қош сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!