Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Тіл-асыл қазына.
Тақырыбы: Тіл-асыл
қазына.
Мақсаты:
Ана тіліне
деген сүйіспеншілігін ояту, сөйлеу тілдерін дамыта отырып көркем,
шешен сөйлеуге баулу. Кітапханамен байланысты
жақсарту.
Ана тілін
қастерлеуге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
тіл, кітап
туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер жазып ілу. Балаларға арналған
басылымдар, кітаптар
көрмесі.
Барысы: 1.
Ұйымдастыру бөлімі.
Тәрбие сағатына
шақырылған қонақтармен және жоспарымен
таныстыру
Әнұран айту.
Тәрбие сағатының
жоспары:
1. Кіріспе
сөз
2. «Мозайка» әдісі (Тақырыпты
шығару)
3. Оқушылардың
тақпақтары
4. «Орамал тастамақ» ойыны (мақал-мәтелдер
айтылады)
5. Қонақ кәдесі 8-сынып оқушысы Кенжебай
Ақжүніс «Тіл мен Ұлт"
6. Жұмбақ жасыру (Үш тілділік)
7 .
Топтастыру
Сүйемін туған тілді анам
тілін
Бесікте жатқанымда берген
білім.
Шыр етіп жерге түскен
минутымнан,
Құлағыма сіңірген тыныс үнін.
–
деп С. Торайғыров жырлағандай бізге бесікте
жатқан күннен бастап құлағымызға сіңген қандай
үн?
Бұл әрине, бесік жыры, бізді әлдилеген
анамыздың үні, анамыздың тілі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. 22
– қыркүйек Тілдер мерекесі. Мерекелеріңіз құтты
болсын!
«Мозайка» әдісі (Тақырыпты шығару)
Оқушылардың тақпақтары:
Анель
-
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Инабат
2. Ақыл – ойын
дананың,
Ана тілден
аламын.
Ана тілім
ардақты,
Ақ сүтіндей
анамның.
Дастан
3. Өсірген ой
білімді,
Сүйем туған
тілімді.
Мақсат етем әр
сөздің,
Мәнін терең
білуді.
Алида
4. Ана тілім –
ұраным,
Ана тілім –
құралым.
Ана тілім
болмаса,
Мықты болмас
тұрағым.
Айтжан
5. Ана тілім –
елдігім,
Ана тілім –
ерлігім.
Ана тілім
болмаса,
Бүтінделмес
кемдігім.
Кәусәр
7. Жойылмайды, жойылмайды туған тіл.
Тілдің сырын тереңірек бойлай біл,
Жоғалту да, дамыту да тіліңді
Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл!
Аңсар
8. Кейбіреулер туған тілін білмейді.
Білмесе де білгісі олар келмейді,
Туған тілін түсінбеген азамат
Өз ұлтының қасиетін сезбейді.
Аяжан
9. Қате болар туған тілін білмесе.
Тілін сатып өзге тілге бой берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не дейін?
Туған тілін білгісі де келмесе!
10. Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.
Отан тілі әркімге ыстық бір арман,
Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу
Бізге аманат қалған мирас бабадан.
«Орамал тастамақ»
ойыны
Оқушылар дөңгелене отырып, «Орамал тастамақ»
ойыны арқылы тіл
туралы
мақалдар мен нақыл сөздер
айтады.
1. Өнер алды – қызыл
тіл.
2. Тәтті де – тіл, ащы да –
тіл.
3.
Тіл қылыштан да
өткір.
4. Тіл тас
жарады, тас жармаса бас
жарады.
5. Сөз
сүйектен, таяқ еттен өтеді.
Адам көңілден азады, тілден
жазады.
Адамға келген он пәленің тоғызы –
тілден.
Адам көңілінен
азады,
Тілінен
жазады.
Айтпас жерде тілің
тарт.
Ана тілі – бәріміздің
анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың
анасы.
Ана тілің алпыс тілге
татиды.
Ақынның тілі қылыштан
өткір.
Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі
қайырады.
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де –
тіл.
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл
ашады.
Ашынған тілді
болар,
Ашыққан ұры
болар.
Ауызда жиек
жоқ,
Тілде тиек
жоқ.
Әдеп басы –
тіл.
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана
бақытты.
Бас кеспек бар, тіл кеспек
жоқ.
Нақыл
сөздер.
1. Жақсы сөз бейне
шамшырақ,
Орнаған мықтап көңілге. /Ж.
Жабаев/
2. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана
жылыта алады
Сөз – ойдың айнасы. /Ғ.
Мұстафин/
3. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар.
Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Құлаққа жағымды, ойға қонымды келеді.
/Б.Момышұлы/
Қонақ
кәдесі: 6-сынып оқушысы Құлжан Ақбота «Тіл мен
Ұлт"
Жұмбақ жасыру (шешуін орыс, ағылшын тілдерінде айту)
Адамға серік ,
Күзетке берік.
(ит – собака - daq)
Асты тас ,
Үсті тас ,
Ортасында піскен ас.
(нан – хлеб - bread )
Қыста ғана болады ,
Ұстасаң қолың тоңады.
(қар – снег - snow)
Өзі сөйлеу білмейді ,
Салған ізі сөйлейді.
(қалам – ручка - pen )
Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай мен шу.
(түлкі – лиса –fox)
Топтастыру:
Күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беру.
-
Т
іл не үшін керек?
2. Тілдер мерекесі қашан?
3. Тіл туралы заң қашан қабылданды? 1997 жыл 11 шілде
4. Орыс, ағылшын тілін білу қажет пе?
5. Қазақ тіліндегі балаларға арналған қандай басылымдарды білесің?
Қорытынды.
Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл
жеткізе алмасақ, мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей, өзіміздің
дәрменсіздігімізден көруіміз қажет. Қазіргі өсіп келе жатқан
бүлдіршін жастардың бір үлкен қателігі бар. Ол мынау: сөйлесе
кетсең көпшілігі – ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің
өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей
алмайтыны, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбарала
келетіні бірден байқалады. Мұның өзі әрине, тілін ұстартуға зер
салмағандықтаң белгісі. Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп
оқып, теледидардан, радиодан сөйлеген дикторлардың сөзіне, ақын,
жазушылардың сөз қолданысына назар
аударыңыздар.
Ана тілің – арың
бұл,
Ұятың боп, тұр
бетте.
Өзге тілдің бәрін
біл,
Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырза Әлі
жырлағандай ана тілімізді құрметтей
білейік!
Тақырыбы: Тіл- татұлық тірегі
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Мұғалімнің сөзі :Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген.
Оқушыларды тыңдайық
Қазақ тілі –ұлт тілі (1 оқушы)
Дүние жүзінде халықта тіл де көп.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие.
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.
Қазақ тілі өте бай тіл білгенге.
Оның сырын түсіну де тереңде!
Сан ғасырды бастан кешкен қазақ тіл
Дәл қазірде жойылуы мүмкінбе?
Жойылмайды, жойылмайды туған тіл.
Тілдің сырын тереңірек бойлай біл,
Жоғалту да, дамыту да тіліңді
Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл!
Кейбіреулер туған тілін білмейді.
Білмесе де білгісі олар келмейді,
Туған тілін түсінбеген азамат
Өз ұлтының қасиетін сезбейді.
Қате болар туған тілін білмесе.
Тілін сатып өзге тілге бой берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не дейін?
Туған тілін білгісі де келмесе!
Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.
Отан тілі әркімге ыстық бір арман,
Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу
Бізге аманат қалған мирас бабадан.
Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі
Өзге тілмен араласып жүрмеуі.
Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.
Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!
Оқушы
Әлеуметтік –тұрмыстық қарым –қатынас тілі және әдеби тіл
Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр.
белгілі.
1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.
Тіл туралы мақал –мәтел, қанатты сөздерді айтайық
Өнер алды – қызыл тіл
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.
Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
«Тіл –құдірет».
«Тіл - тәуелсіздік тұғыры».
Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар.
Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Тіл – еліміздің іргетасы
Ұлттың қуаты тілінде
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша.
Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».
«Тіл – асыл ойдың бұлағы».
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.
Олай болса, «халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік!
Қорытынды сөз
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы. Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.
Тақырыбы: Тіл- татұлық тірегі Тәрбие сағаты
-
Начальные классы
Описание:

Тәрбие сағат тақырыбы:
Ана тіліңді құрметте Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік
тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік
тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың
өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын
түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік
қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Тәрбие
сағат түрі: Дәстүрлі Тәрбие сағат әдісі: Екі топ арасындағы сайыс
Тәрбие сағат көрнекілігі: Слайдтар, тақырып бойынша плакаттар
Кіріспе бөлім: Мұғалім сөзі: Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің,
ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап
сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен
шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше
ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің
еншілеріңізде. Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген
құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық
сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтеді. Әр топ
4 оқушыдан құралған. Жарыс алты сайыстан тұрады: 1. Мақал сөздің –
мәйегі. 2. Сөз тапқанға қолқа жоқ. 3. Өлең – сөздің патшасы. 4.
Сахналық көрініс. 5. Ана тілім – асыл қазынам. 6. Тіл болашағы –
жастар қолында. Жарысқа төрелік ететін әділ қазыны сайлап алу. Ана
тілім, дана тілім бақытым Қазақ тілін білу менің парызым. Тілім
менің ұмытылмас тірлігім, Кім біледі тіліміздің тағдырын. Алаңдатты
тіл тағдыры бүгінде. Сен болмасаң болар ертең күнім не? Қазақ тілін
сүйемін мен жаныммен. Қазақ болып қалу үшін түбінде. Қазақ тілім
бас иемін мен саған Тілге деген болу керек кең талғам. Мемлекеттік
тілімізді сыйласақ, Қазақ тілі біздер үшін жаралған. Тіліміздің
тарихы бар қол жетпес, Айтсаң оның тарихына сөз жетпес,– демекші
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі өте бай әрі
көркем. Ана тілін құрметтеген адам Отанын да сүйеді. Бірінші сайыс
«Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Екі топтан бір оқушыдан шығып
мақалдың басын бастаса екінші топтың ойыншысы мақалды аяқтауы
тиісті. Мақалдар тақырыбы тіл, сөз қадірі жайлы болмақ. Екінші
сайыста өлең шумағының алғашқы екі жолы беріледі. Екі топ өлеңді
аяқтайды. 1. Мен ұйықтарда айтады Ертегісін, әндерін
................................. 2. Жауды жаңбыр топ-топ Шелек -
шелек көп-көп! ...................................... 3. Ана тілді
сүйіп өтем, Барлық тілден биік екен.
.................................. 4. Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем! .........................................
Өлең – сөздің патшасы деп аталатын сайыста әр топтан бір оқушыдан
шығып Ана тілі жайында жазылған бір өлеңді мәнерлеп жатқа айтып
шығуы тиіс. Төртінші сайыста әр топ тілдің бүгінгі жағдайын
бейнелейтін көрініс көрсетеді. Бесінші сайыс сұрақ-жауап сайысы.
Екі топтың білімі сыналады. 1-топқа: 1. ҚР қашан тәуелсіздік алады?
(1991 ж. 16 желтоқсан). 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар
Әубәкіров). 3. Абайдың әжесі? (Зере). 4. Балаларды оқуға шақырған
Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? (Кел, балалар, оқылық) 5.
Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ,
қымыз, шұбат). 6. Күй атасы кім? (Құрманғазы). 7. Қазақ тілі қай
тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 8. Қазақ халқының тұрмыс
салтында қандай жырлар кездеседі? 2-топқа: 1. Қазақ тілі алғаш
мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 2. Абайдың туған
жылы? (1845). 4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл). 5. Қазақ алфавитін
жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 6. Ұлттық киімдер қалай
аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек
т.б.). 7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде). 8. Қазақ
халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу,
құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.). Соңғы сайыс сурет сайысы.
Әр топ болашақтағы Қазақ тілінің мәртебесі қандай болатыны жайлы
суретке қарап әңгімелейді. Мақал-мәтелдер: 1. Тіл тас жарады, тас
жармаса ... (бас жарады). 2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 3. Ине
көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 4. Піл көтермегенді,
... (тіл көтереді). 5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 6. Жеті
жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 7. Шебердің қолы ортақ,
... (шешеннің қолы ортақ). 8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 9. Бас
кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ). 10. Айтылған сөз, атылған ...
(оқпен тең). 2-топ 1. Бал тамған тілден ... (у тамған). 2. Тауды,
тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 3. Жақсы сөз ... (жарым
ырыс). 4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 5. Тіл
қылыштан ... (өткір). 6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой
өсіреді). 7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді). 8.
Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың). 9.
Тілден артық ... (қазына жоқ). 10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл
жарасы бітпес). Жарыстың қорытындысы шығарылады. Оқушылар мақтау
қағазы мен сыйлықтарға ие
болады.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tarbie/1338-ana.html
©
www.ZHARAR.com
ТІЛ ТУРАЛЫ
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Адам көңілден азады, тілден
жазады.
Адамға келген он пәленің тоғызы –
тілден.
Адам көңілінен
азады,
Тілінен
жазады.
Айтпас жерде тілің
тарт.
Ана тілі – бәріміздің
анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың
анасы.
Ана тілің алпыс тілге
татиды.
Ақынның тілі қылыштан
өткір.
Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі
қайырады.
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де –
тіл.
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл
ашады.
Ашынған тілді
болар,
Ашыққан ұры
болар.
Ауызда жиек
жоқ,
Тілде тиек
жоқ.
Әдеп басы –
тіл.
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана
бақытты.
Бас кеспек бар,
тіл кеспек жоқ.
* *
*
Бал
тамған тілден у да тамар.
* *
*
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен
сөйле.
* *
*
Басқа
пәле – тілден.
* *
*
Жаман
көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі
ащы.
* *
*
Жалтақтамай өзге тілді
ұлысқа,
Ең алдымен өз
тіліңді дұрыста.
* *
*
Көнектей басыңа шүмектей тілің
жау.
* *
*
Қазақтың ақылы –
көзінде,
Қасиеті
сөзінде.
* *
*
Қотыр
қолдан, пәле тілден жұғады.
* *
*
Кісі
қызыл тілден өледі,
Түлкі қызыл
жүннен өледі.
* *
*
Қылыш
жарасы бітер,
Тіл жарасы
бітпес.
* *
*
Қызыл
тіл – жанның мияты,
Абырой – ердің
қуаты.
* *
*
Мал
басынан байланады,
Адам тілінен
байланады.
* *
*
Малға
кедей – жарлы,
Тілге кедей –
сорлы.
* *
*
Ішімдегінің бәрі
тілімде,
Тілімдегінің
бәрі түрімде.
* *
*
Өнер
алды – қызыл тіл.
* *
*
Өз
тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл –
тірлік үшін.
* *
*
Оқу
алды – қызыл тіл,
Бірден соңғы
мергеншіл.
* *
*
От
ауызды, орақ тілді шешен.
* *
*
Піл
көтермегенді, тіл көтереді.
* *
*
Сөз –
көмек, тіл – құрал.
* *
*
Тәрбие тілден
басталады.
* *
*
Тілін
білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер –
мәңгүрт.
* *
*
Тіземнен сүріндірсе
сүріндірсін,
Тілімнен
сүріндірмесін.
* *
*
Тіл –
қылыштан да өткір.
* *
*
Тіл –
тас жарады, тас жармаса да бас
жарады.
* *
*
Тілде
тиек жоқ.
* *
*
Тілсіз жерде тіршілік
жоқ.
* *
*
Тіл –
тіршілік тірегі.
* *
*
Тіл –
ұлттың сүйенетін тамыры,
Сыйынатын
тәңірі.
* *
*
Тіл
сүйексіз болса да, өзі сүйектен
өтеді.
* *
*
Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі
жоқ.
* *
*
Тіл
қоса алар жер мен көктің
арасын,
Тіл айырар
анасынан баласын.
* *
*
Тіл –
атадан қалған асыл мұра.
* *
*
Тіл –
асыл ойдың бұлағы.
* *
*
Тілге
әр күн мейрам.
* *
*
Тіл –
ел басқарудың құралы.
* *
*
Тіл –
буынсыз, ой – түпсіз.
* *
*
Тіл –
білім, тәрбие тұғыры.
* *
*
Тіл –
достықтың мерейі.
* *
*
Тіл –
елдігіміздің іргетасы.
* *
*
Тіл –
мәдени мұраның үзілмес өзегі.
* *
*
Тіл –
мәдени қазынаның қайнар
бұлағы.
* *
*
Тілдің майын
тамызып,
Сөздің балын
ағызып,
Хас шешендер
сөз айтар.
* *
*
Тілді
қорлау – халықты қорлау.
* *
*
Тілі
өлген ел – тірі өлген ел.
* *
*
Тіл -
өлшеусіз қазына, өрісі кең
әлем.
* *
*
Тіл –
сүйексіз, ақыл – түпсіз.
* *
*
Тілі
тәтті, көңілі қатты.
* *
*
Тіл –
тәуелсіздік тұғыры.
* *
*
Тіл –
татулық тірегі.
* *
*
Тілге
шешен, іске мешел.
* *
*
Тіл –
халықтың жаны, ділі, рухы, елдік қасиеті, ұлттық
болмысы.
* *
*
Тілсіздің дауы
арам,
Зекетсіздің
малы арам.
* *
*
Тіл
ерді қабірге салады,
Нарды қазанға
салады.
* *
*
Тіл
тікенді де алады.
* *
*
Туған
ел – тұғырың,
Туған тіл –
қыдырың.
* *
*
Ұлттың қуаты –
тілінде.
* *
*
Ұлттың өшуі тілдің өшуінен
басталады.
* *
*
Шешеннің тілі – шебердің
бізі.
* *
*
Шешеннің тілі
ортақ,
Шебердің қолы
ортақ.
* *
*
Халық
үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау
қауіпті.