Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тіл біліміне кіріспе"

Материал туралы қысқаша түсінік
тсет дайын
Материалдың қысқаша нұсқасы

<question> Аккомадация дегеніміз не ?

<variant> көршілес келген дауыстының әсерінен дауыссыз дыбыстар артикуляциясында болатын өзгеріс

<variant> сөйлем құрамында немесе сөздердің қарамағында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі

<variant> біркелкі дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстардың әр басқа немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеру құбылысы

<variant> сөзге жалғанған қосымшалардың сөз түбірі соңындағы дауысты дыбыспен үндесіп келуі


<question> Диссимиляция дегеніміз не ?

<variant> біркелкі дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстардың әр басқа немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеру құбылысы

<variant> сөйлем құрамында немесе сөздердің қарамағында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі

<variant> сөзге жалғанған қосымшалардың сөз түбірі соңындағы дауысты дыбыспен үндесіп келуі

<variant> көршілес келген дауыстының әсерінен дауыссыз дыбыстар артикуляциясында болатын өзгеріс


<question> Сингармонизм дегеніміз не ?

<variant> сөзге жалғанған қосымшалардың сөз түбірі соңындағы дауысты дыбыспен үндесіп келуі

<variant> сөйлем құрамында немесе сөздердің қарамағында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі

<variant> біркелкі дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстардың әр басқа немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеру құбылысы

<variant> көршілес келген дауыстының әсерінен дауыссыз дыбыстар артикуляциясында болатын өзгеріс


<question> Ассимиляция дегеніміз не ?

<variant> сөйлем құрамында немесе сөздердің қарамағында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі

<variant> біркелкі дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстардың әр басқа немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеру құбылысы

<variant> сөзге жалғанған қосымшалардың сөз түбірі соңындағы дауысты дыбыспен үндесіп келуі

<variant> көршілес келген дауыстының әсерінен дауыссыз дыбыстар артикуляциясында болатын өзгеріс


<question> Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған

<variant> И.А.Бодуэн де Куртенэ

<variant> Л.В.Щерба

<variant> Н.И.Ильминский

<variant> В.В.Радлов


<question> Протеза мен эпентезаның айырмашылығы:

<variant> протеза – белгілі бір дыбыстың сөз басына кірігуі; ал эпентеза – белгілі бір дыбыстың сөз ортасына қосылып қыстырылуы

<variant> протеза – белгілі бір дыбыстың сөз басына кірігуі; ал эпентеза өзінен кейінгі белгілі бір дыбыс әсерімен сөздің алғашқы бір дыбысының түсіп қалуы

<variant> протеза – белгілі бір дыбыстың сөз ортасына қосылып қыстырылуы; ал эпентеза – белгілі бір дыбыстың сөз басына кірігуі

<variant> протеза – өзінен кейінгі белгілі бір дыбыс әсерімен сөздің алғашқы бір дыбысының түсіп қалуы; ал эпентеза белгілі бір дыбыстың сөз басына кірігуі


<question> редукцияға ұшыраған сөздер қатары:

<variant> мойны, бөркі,

<variant> қорытынды, мағлұмат

<variant> сар(ы) ағаш, жаң(а) алаң

<variant> ы+стол, Ү+рүстем


<question> диереза құбылысын көрсетіңіз:

<variant> чесный, сонце, здраствуй

<variant> метал(л)+ға, грам(м)+дап

<variant> танк+і, банк+і

<variant> секпіл-сепкіл


<question> элизияға мысал болатын қатар:

<variant> тор(ы) ат, жаң(а) айтты

<variant> қор(ы)тынды, ес(і)алаң

<variant> кеш(е) естідім

<variant> гырам, дырап


<question> Кириллица жазуы қай алфавиттің негізінде жасалған?

<variant> Грек алфавиті негізінде

<variant> Славян алфавиті негізінде

<variant> Орыс алфавиті негізінде

<variant> Араб алфавиті негізінде


<question> әлемде кең тараған үш түрлі жазу жүйесі:

<variant> латын, араб, кириллица

<variant> араб, грек, латын

<variant> грек, орыс, араб

<variant> ағылшын, орыс, араб


<question> қазақ тілі қандай жазудың жүйесін басынан өткізді?

<variant> латын графикасы, араб графикасы, кириллица

<variant> латын тілі, араб тілі, орыс тілі

<variant> латын тілі, араб тілі, кириллица

<variant> латын алфавиті, араб тілі, кириллица


<question> қазіргі қазақ алфавитіндегі қанша әріп орыс тілінен өзгеріссіз алынды?

<variant> 33

<variant> 9

<variant> 42

<variant> 25


<question> Протезалық құбылыспен айтылған сөзді табыңыз

<variant> рақат, лай

<variant> жүрек, саусақ

<variant> өмір, көңіл

<variant> қорытынды, грамм


<question> Метатеза:

<variant> Секпіл - сепкіл

<variant> Стол, рай

<variant> Коридор - колидор

<variant> Қорытынды – қортынды


<question> Эпитеза қандай құбылыс:

<variant> Эпитеза – сөз соңында артық дыбыстың қосылып айтылуы.

<variant> Эпитеза – сөз соңындағы ұяң дыбыстардың айтылуда қатаңдануы

<variant> Эпитеза – сөз алдынан басы артық дыбыстың қосылуы.

<variant> Эпитеза – сөз ішінде екпін түспеген буынның көмескі айтылуы.


<question> Сөз ішіндегі дауыстылардың қысаңданып көмескіленуі қалай аталады

<variant> Редукция.

<variant> Сингармонизм

<variant> Элизия.

<variant> Фонетикалық вариант


<question> Фонема туралы ілім қалай аталады

<variant> Фонология

<variant> Лексикология

<variant> Ассимиляция

<variant> Фонетика


<question> Фонема деген не:

<variant> Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажырататын ең кішкене дыбыстық бірлік

<variant> Дыбыстардың таңбалануы.

<variant> Тілдің ішкі дыбыстық жүйесі.

<variant> Тілдік қатынастардың ауызша және жазбаша түрі фонема делінеді


<question> «Қазақ жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы негізінде жасалған жаңа алфавитке көшіру туралы» Заң қашан қабылданды?

<variant> 1940 ж. 10 қараша

<variant> 1914 ж

<variant> 1920 жылдар іші

<variant> 1929 жылдың басы


<question> Тілдің қоғамда қызмет ете отырып дамуы:

<variant> функционалдық даму

<variant> физикалық даму

<variant> құрылымдық даму

<variant> генетикалық даму


<question> Тіларалық қарым-қатынас құралы болып табылатын халықаралық жасанды тілдерді зерттейтін ТБ саласы:

<variant> интерлингвистика

<variant> социолингвистика

<variant> психолингвистика

<variant> ареалдық лингвистика


<question> Тіл қолдану мәселелерінің практикалық әдістерін жасаумен айналысатын ТБ бағыты:

<variant> қолданбалы ТБ

<variant> этнолингвистика

<variant> социолингвистика

<variant> ареалдық лингвистика


<question> Тілдік жағдаят мәселесін зерттейтін ТБ саласы:

<variant> ареалдық лингвистика

<variant> қолданбалы ТБ

<variant> этнолингвистика

<variant> социолингвистика


<question> Вокалданған дыбыстық жазу түрі:

<variant> дауысты дыбыстарға құрылған

<variant> дауыссыз дыбыстарға құрылған

<variant> буынға құрылған

<variant> екпінге құрылған


<question> Сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіретін жазу түрі:

<variant> идеография

<variant> пиктография

<variant> буын жазуы

<variant> әріп жазуы


<question> Морфема-логографиялық жазудың жетілген түрі қазір қай тілдің жазуына сәйкес келеді?

<variant> қытай

<variant> жапон

<variant> корей

<variant> орыс


<question> Сөздің дыбыстық жағынан грамматикалық формаларын дәл беруге қолайлы жазу:

<variant> әріп жазуы

<variant> буын жазуы

<variant> идеография

<variant> пиктография


<question> Консонантты-дыбыстық таңбалар алғаш рет қай жазуда пайда болған?

<variant> египет жазуында

<variant> финикий жазуында

<variant> шумер жазуында

<variant> Орхон-Енисей жазуында


<question> Идеографиялық логограммалар мен фонетикалық логограммалар қабаттаса қолданылған жазу түрі:

<variant> египет жазуы

<variant> финикий жазуы

<variant> шумер жазуы

<variant> Орхон-Енисей жазуы


<question> Зерттеушілердің пікірінше, ең алғашқы таза дыбыстық жазу:

<variant> финикий жазуы

<variant> египет жазуы

<variant> шумер жазуы

<variant> Орхон-Енисей жазуы


<question> Әріп жазуының алғашқы түрі болып есептелетін финикий жазуы қай заманда пайда болған?

<variant> б.з.д.ХІ-Х ғғ.

<variant> б.з.д. V ғ.

<variant> б.з. V ғ.

<variant> б.з. Х-ХІ ғғ.


<question> Финикий жазуында ешбір әріппен таңбаланбаған қандай дыбыстар?

<variant> дауыстылар

<variant> дауыссыздар

<variant> консонанттар

<variant> буындар


<question> Финикий жазуынан пайда болған жазулар:

<variant> арамей, грек

<variant> египет, араб

<variant> Орхон-Енисей, Талас

<variant> славян, грек


<question> Арамей жазуынан тараған жазулар:

<variant> Азия халықтарының жазуы

<variant> Европа халықтарының жазуы

<variant> грек жазуы

<variant> орыс жазуы


<question> Грек жазуынан тараған жазулар:

<variant> Европа халықтарының жазуы

<variant> Азия халықтарының жазуы

<variant> грек жазуы

<variant> руна жазуы


<question> Арамей жазуынан тараған жазулар:

<variant> еврей, иран, сирия, араб

<variant> руна, грек, еврей, сирия

<variant> араб, сирия, руна

<variant> еврей, сирия, руна


<question> Қазіргі Европа халықтарының жазуы қай жазудың негізінде дамыған

<variant> грек

<variant> шумер

<variant> араб

<variant> арамей


<question> Кіші әріп таңбалары қай дәуірде жасалды?

<variant> орта ғасыр дәуірінде

<variant> ежелгі дәуірде

<variant> ХІХ ғасырда

<variant> ХХ ғасырдың 40-жылдары


<question> Славян әліппесі қашан жасалды?

<variant> ІХ ғасырдың екінші жартысында

<variant> Х ғасырда

<variant> V ғасырда

<variant> ХХ ғасырдың басында


<question> Славян жазуының графикалық түрлері:

<variant> кириллица, глаголица

<variant> ежелгі славян, крирллица

<variant> ежелгі слаян, глаголица

<variant> аффикс, кириллица


<question> жазудың қай түрі оңнан солға қарай бағытталады?

<variant> араб жазуы

<variant> қытай жазуы

<variant> славян жазуы

<variant> латын жазуы


<question> Бір әріптің бір фонемаға ғана таңба болуын ұстанатын ереже:

<variant> графика

<variant> алфавит

<variant> орфография

<variant> орфоэпия


<question> Консонанттық дыбыстық жазу:

<variant> дауыссыз дыбысқа құрылған

<variant> дауысты дыбысқа құрылған

<variant> аралас дыбысқа құрылған

<variant> буынға құрылған


<question> Азия халықтарының әріп жазуына негіз болған финикий жазуының шығыстағы жазу түрі:

<variant> арамей жазуы

<variant> латын жазуы

<variant> грек жазуы

<variant> түркі жазуы


<question> Бір жазудағы (алфавит) әріптерді екінші бір жазудағы әріптермен аударып жазу:

<variant> транслитерация

<variant> орфография

<variant> фонематикалық транскрипция

<variant> фонетикалық транскрипция


<question> Әр тілдің лингвистикалық картасын жасаумен шұғылданатын сала:

<variant> лингвистикалық география

<variant> лингвистика

<variant> диалектология

<variant> тіл білімі


<question> Жазудың алғашқы әріптік түрін қалыптастырушылар:

<variant> финикийліктер

<variant> гректер

<variant> шумерлер

<variant> қытайлар


<question> Қытай тілі жазудың қай түрін қолданады?

<variant> иерогkиф

<variant> логограмма

<variant> пиктограмма

<variant> идеографиялық суреттік жазу


<question> Араб жазуы қандай жазу?

<variant> консонанттық жазу

<variant> силлабикалық жазу

<variant> иероглифтік жазу

<variant> әріптік жазу


<question> Барлық европа алфавиттері жасалып таралған жазу түрі

<variant> грек жазуы

<variant> араб жазуы

<variant> кириллица

<variant> арамей жазуы


<question> Қазіргі орыс алфавитінің негізі:

<variant> кириллица

<variant> арамей жазуы

<variant> глаголица

<variant> грек жазуы


<question> Тіл білімі қандай ғылым саласына жатады?

<variant> қоғамдық ғылымдар

<variant> жаратылыстану

<variant> философия ғылымы

<variant> логика


<question> Таңбалардың жалпы теориясы туралы ғылым:

<variant> семиотика

<variant> семасиология

<variant> топонимика

<variant> лингвистика


<question> Дифференциялаушы қызметі басым тілдік таңба:

<variant> Дыбыс

<variant> Сөз тіркесі

<variant> Түбір морфема

<variant> Аффикс


<question> Дифференциялаушы қызметінен теңдестіруші қызметі басым тілдік таңба:

<variant> Аффикс

<variant> Дыбыс

<variant> Сөз тіркесі

<variant> сөйлем


<question> Тілдің табиғатына тән ең басты қасиет

<variant> қатынас құралы

<variant> көңіл-күй, сезімді жеткізу

<variant> ойды қалыптастыру

<variant> сөйлеу құралы


<question> Тілдік таңбаның неше түрі бар:

<variant> 3

<variant> 2

<variant> 5

<variant> 4


<question> Лингвистиканың негізгі объектісі:

<variant> сөйлеу тілі

<variant> ым тілі

<variant> жазба тіл

<variant> ойлану процесі


<question> Суретке негізделген жазу:

<variant> пиктографиялық жазу

<variant> идеографиялық жазу

<variant> логографиялық жазу

<variant> буын жазуы


<question> Тіл құбылыстарын тілдің өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің саласы:

<variant> синхрондық лингвистика

<variant> диахрондық лингвистика

<variant> жалпы тіл білімі

<variant> жеке тіл білімі


<question> Тіл құбылыстарын оның шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің саласы:

<variant> диахрондық лингвистика

<variant> жалпы тіл білімі

<variant> жеке тіл білімі

<variant> синхрондық лингвистика


<question> Фонемалар туралы, тіл-тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтар туралы ілім:

<variant> фонетика

<variant> лексикология

<variant> морфология

<variant> синтаксис


<question> Тілді биологиялық құбылыс ретінде қарастырған ғалым:

<variant> Шлейхер

<variant> Гумбольдт

<variant> Штейнталь

<variant> Бопп


<question> Тілдің сатылық даму теориясын ұсынған ғалым:

<variant> Марр

<variant> Гумбольдт

<variant> Штейнталь

<variant> Бопп


<question> Тілді психологиялық құбылыстар қатарына жатқызған ғалым:

<variant> Штейнталь

<variant> Шлейхер

<variant> Гумбольдт

<variant> Бопп


<question> Тіл білімін сыртқы және ішкі лингвистика деп бөлген ғалым:

<variant> Ф.де Соссюр

<variant> Г.Штейнталь

<variant> А.Шлегель

<variant> Н.Марр


<question> Тіл біліміндегі «Синхрония» терминінің мәні

<variant> қалып

<variant> тербеліс

<variant> өзгеріс

<variant> сатылап даму


<question> Тіл біліміндегі «Диахрония» терминінің мәні

<variant> өзгеріс, эволюция

<variant> қалып

<variant> тербеліс

<variant> сілкініс


<question> Туыстас тілдер материалдарын қамти отырып зерттейтін ТБ:

<variant> салыстырмалы тіл білімі

<variant> тарихи тіл білімі

<variant> салғастырмалы тіл білімі

<variant> сипаттама тіл білімі


<question> Туыстас емес тілдер материалдарын қамти отырып зерттейтін ТБ:

<variant> салғастырмалы тіл білімі

<variant> салыстырмалы тіл білімі

<variant> тарихи тіл білімі

<variant> сипаттама тіл білімі


<question> «Тіл адамдардың қуанғанда, қорыққанда шығарған эмоционалды дыбыстарынан пайда болды» дейтін теория:

<variant> одағай теориясы

<variant> еңбек айқайы теориясы

<variant> маркстік теориясы

<variant> қоғамдық шарттасу теориясы


<question> Тіл мен ойлау арасындағы бірлік:

<variant> психологиялық

<variant> физикалық

<variant> қоғамдық

<variant> астрономиялық


<question> Тіл мен ойлаудың шығуы және олардың байланысы жайлы екі сигнал жүйесін ұсынушы ғалым:

<variant> Павлов

<variant> Шлейхер

<variant> Востоков

<variant> Гумбольдт


<question> Тілдің даму заңдылығы:

<variant> тіл қоғамда өзінің ішкі даму заңдылықтарымен дамиды

<variant> тіл қоғамның дамуымен бірге дамиды

<variant> тіл қоғамнан тыс дамиды

<variant> тілдің қоғамда дамуы екіталай


<question> А.Шлейхер тілді қандай құбылыстар қатарына жатқызады?

<variant> биологиялық

<variant> физикалық

<variant> генетикалық

<variant> әлеуметтік


<question> Г.Штейнталь тілді қандай құбылыс қатарына жатқызады?

<variant> психологиялық

<variant> биологиялық

<variant> генетикалық

<variant> әлеуметтік


<question> «Тіл білімінің негіздері» атты оқулықтың аторы:

<variant> К.Аханов

<variant> Ә.Хасенов

<variant> А.Ысқақов

<variant> А.Байтұрсынұлы


<question> Тілдің шығуы туралы дыбысқа еліктеу теориясын ұсынған ғалым:

<variant> Августин, Лейбниц

<variant> Раск, Гримм

<variant> Бопп, Востоков

<variant> Марр, Шлейхер


<question> Тілдің шығуы туралы эмоционалды және одағай теориясын ұсынушылар:

<variant> Руссов, Кудрявский

<variant> Августин, Лейбниц

<variant> Бопп, Востоков

<variant> Марр, Шлейхер


<question> Тілдің шығуы туралы еңбек айқайы теориясын ұсынушылар:

<variant> Нуаре, Бюхер

<variant> Руссов, Кудрявский

<variant> Бопп, Востоков

<variant> Марр, Шлейхер


<question> Тіл білімі қандай ғылымдар қатарына жатады?

<variant> қоғамдық

<variant> философиялық

<variant> астрономиялық

<variant> жаратылыстану


<question> Тіл мен сөйлеудің өзара байланысын қаратсыратын ТБ саласы:

<variant> психолингвистика

<variant> социолингвистика

<variant> этнолингвистика

<variant> геолингвистика


<question> Тіл білімінің зерттеу нысаны:

<variant> Адамзаттың дыбыстық тілі.

<variant> Жазу тарихы.

<variant> Сөз мағынасы.

<variant> Өлі тілдер тарихы.


<question> Тіл білімінің негізгі міндеттері:

<variant> Тілдік құбылыстарды зерттегенде, олардың синхрондық және диахрондық жақтарына бірдей назар аудару.

<variant> Тілдің өмір сүруін айқындау.

<variant> Жалпы тілдерді салыстыру.

<variant> Туыс емес тілдерді өзара салғатыру.


<question> Тіл және оның даму заңдары туралы ғылым қалай аталады:

<variant> Лингвистика.

<variant> Фразеология.

<variant> Ассимиляция.

<variant> Диссимиляция.


<question> Сипаттама тіл білімі нені қарастырады:

<variant> Тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі қалпын.

<variant> Дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауды.

<variant> Тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады.

<variant> Тіл дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктерін


<question> Жалпы тіл білімі нелерді айқындайды:

<variant> Тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен қатынасын, байланысын, тілдің даму заңдарын, зерттеу әдістерін белгілейді.

<variant> Тілдің дұрыс бағытта дамуын зерделейді

<variant> Әлемдік тіл біліміндегі жетістіктерді ескере отырып, байланысын қарастырады.

<variant> Ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижелерін жинақтайды.


<question> Тіл білімінің логика ғылымымен байланысы неде:

<variant> Сөздің ұғыммен, сөйлемнің пайымдаумен байланысында.

<variant> Ой формасы мен құрылысының зерттелінуінде.

<variant> Тілдік категориялар мен логикалық категориялардың байланысында

<variant> Ойлаудың заңдары мен ой формаларының өзара байланысында


<question> Тіл немен тығыз байланысты:

<variant> Қоғаммен

<variant> Халықпен

<variant> Ұжыммен

<variant> Табиғатпен


<question> Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті:

<variant> Қатынас құралы

<variant> Байланыс тірегі

<variant> Ұжымды біріктіру

<variant> Тілдік таңба


<question> Тіл мен ойлаудың өзара байланысы мына ғылымдардың қайсысымен байланысты:

<variant> Философия, логика, психология

<variant> Философия, тіл білімі, биология

<variant> Математика, логика, психология

<variant> Психолингвистика, математика, география


<question> Тіл мен ойлаудың бірлігі неде:

<variant> Форма мен мазмұнда

<variant> Дыбыс пен ұғымда

<variant> Зат пен оның атауы арасындағы табиғи байланыста

<variant> Ұғым мен мағынада


<question> Адам қандай сөйлеудің негізінде ашық, айқын сөйлей алады:

<variant> Дыбыстап сөйлеуде

<variant> Жазуда

<variant> Күліп сөйлеуде

<variant> Іштей сөйлеуде


<question> «Фонема, сөз, морфема, сөйлем» қандай таңбаға жатады:

<variant> Лингвистикалық

<variant> Көмекші

<variant> Жасанды

<variant> Дыбыстық


<question> “Дыбысқа еліктеу теориясы тілдің шығуы жөніндегі бағыттардың қайсысына жатады:

<variant> Әлеуметтік.

<variant> Биологиялық.

<variant> Маркстік.

<variant> Психологиялық.


<question> Тілдің шығуы жөніндегі қай теория сыртқы факторға негізделген:

<variant> Әлеуметтік теория

<variant> Қоғамдық шарттасу

<variant> Еңбек айқайы

<variant> одағай теориясы


<question> Эволюциялық теория тілдің шығуын мыналармен байланыстырады:

<variant> Адамның ми, сөйлеу аппараты және сезім органдарының жетілуімен.

<variant> Ойлау және жазудың жетілуімен.

<variant> Таңбалық және қоғамдық қатынастардың орнығуымен.

<variant> Еңбек құралдарының жетілуімен.


<question> Тілдің «сатылық даму теориясын» жасаған кім:

<variant> Н.Я.Марр.

<variant> А.Шлейхер.

<variant> Г.Лейбниц.

<variant> Ж.Ж.Руссо.


<question> Субстрат дегеніміз не:

<variant> Жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері.

<variant> Тілдердің өзара тоғысуы.

<variant> Аралық тілдердің байланысы.

<variant> Жеңілген тілдегі жеңген тілдің элементтері.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.06.2018
2249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі