Тіл дамыту "К дыбысы мен әрпі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл дамыту "К дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
К дыбысы мен әрпіне байланысты сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінің мектепалды дайындық

тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы


Тіл дамыту


Cабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балаларға К дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөздерді буынға бөлуге

және буындарды оқи білуге үйрету.

Дамытушылығы: Балалардың білімге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Әдіс -тәсілі: сұрақ- жауап, суретпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.

Көрнекілігі: кесенің, күшіктің, кенгурудың, бүркіттің суреті.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылығын ояту. Амандасу. Шаттық шеңберіне тұру.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Қане, балалар, көңіл- күйлерің қалай? Олай болса жақсы көңіл- күймен

сабағымызды бастайық. Қазір сауат ашу сабағы.

- Біз сауат ашу сабағынан нелермен таныстық?

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыс дегеніміз не?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дидактикалық ойын. «Қандай дыбыс?»

Жаңа сабақ.

  • Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына бір жұмбақты

шешу керек.

Жұмбақ. Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан. (Күн)

Балалар, ұйқыдан оянғанда, даладан нені көресіңдер?

  • Күнді, күннің нұрын көреміз.

  • Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?

  • Алақай! – деп қуанамыз.

  • Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?

  • Аспанды, бұлтты, күнді көреміз.

  • Күн бізге несін береді?

  • Жылуын береді.

«Күн» деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

  • К дыбысы.

  • Ендеше бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы осы К дыбысы мен

әрпі.

Балалардың назарын тақтадағы кесенің суретіне аудару.

«Кесе» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Текшелермен белгілету. Кеспе

әріптермен жазу. Тақтаға күшіктің, кенгурудың, бүркіттің суретін ілу,

дыбыстық талдау жасау.

Күшік - иттің баласы.

Кенгуру - Австралияда мекендейді. Оның салмағы 90 кг, құйрығының ұзындығы

1 м. Оның алдында қалтасы болады, оған баласын 68 ай сақтап өсіреді.

Ал, баласының салмағы 5,5 гр. Болады. Шөппен қоректенеді. «Қызыл кітапқа»

енген. Алдыңғы аяғымен қорегін тауып жейді.

Бүркіт - таудың ең биік шығында өмір сүреді. Түлкі, қоян сияқты аңдарды

Аңдып тұрып, өзінің әдіс-тәсілдері арқылы ұстап, жемтігін тауып жейді.

Ол қырағылықты, бірлікті білдіреді.

«Топтастыру» стратегиясы.

«К» әрпіне суретті топтастыру.

К әрпінің жанына к әрпінен басталатын суреттерді топтастыру.

«Дыбысты тап» ойыны.

Мен дыбыстарды әндетіп айтамын, сендер К дыбысын естіген кезде қолдарыңды

шапалақтаңдар.

(Дыбысты тыңдату). А-А-А-Т-Т-Т-Ғ-Ғ-Ғ-К-К-К-О-О-О

Әліппе дәптермен жұмыс.

Буындарды, сөздерді оқу.

Дәптерге жазу. К дыбысын ауада жазу.

Сергіту сәті. Жаздық, жаздық...

Жаңылтпаш жаттау. Тіл ұстарту жаттығуы.

Дидактикалық ойын. «Шашылған әріптер».

Сабақты қорытындылау.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
775
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі