Материалдар / Тіл дамыту оқу қызметіндегі ойын іс - әрекетін ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл дамыту оқу қызметіндегі ойын іс - әрекетін ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың сөздік қорын дамыта отырып, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білу арқылы сөйлеу, сөйлеуін дамыту, ой - өрісін кеңейтуде тілдік қарым - қатынасқа қажеттілікті қалыптастыратын жағдайларымен қамтамасыз ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2022
786
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МАЗМҰНЫ:


І - тарау ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

1.Тәжірибе жобасының мақсаты мен міндеттері.................................................... 3

2.Тәжірибенің өзектілігі ........................................................................................... 5

ІІ – тарау ТӘЖІРИБЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1. Мектепке дейінгі ұйымда сөйлеуді дамыту жұмыстарындағы заман талабына сай әдістер мен тәсілдер.............................................................................7

ІІІ - тарау ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛІЛІГІ

1.Жобаның перпективалық жоспары...................................................................... 11

2.Жоба мониторингісі ..............................................................................................14

3. Ата-аналарға сауалнама.........................................................................................15

4. Ата-аналарға сауалнама қорытындысы ..............................................................16

5.Педагогтарға арналған ұсыныстар .......................................................................17

6. Ата-аналарға арналған кеңестер .........................................................................19


ІV-тарау ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Қолданылған шығармалар ....................................................................................21

V – тарау ҚОСЫМША

1. «Шалқан» ертегісі ҰОҚ ...................................................................................22

2. «Бесік жыры» ҰОҚ ...........................................................................................24

3. «Судағы қауіпсіздік ережесі» ойын – сауық .................................................26

4. «Театр күні» ойын – сауық ..............................................................................27 №5. «Шұбар тауық» ертегісі ойын – сауық ...........................................................29

6. «Қоянға көмектес» ҰОҚ ..................................................................................31

7. «Денсаулық еліне саяхат» ойын – сауық .......................................................35





МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ

Тәжірибе тақырыбы: «Тіл дамыту оқу қызметіндегі ойын іс - әрекетін ұйымдастыру»

Тәжірибе авторы: Үрметай Баян Бекбайқызы

Педагогикалық өтілі: 7 жыл

Тәжірибенің жұмыс істеу ұзақтығы. 3 этаптан тұрады:

Жұмыс тәжірибесі 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп, бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

I кезең – бастапқы – теориялық кезең 2018 жыл, қыркүйек

ІІ негізгі кезең – тәжірибелік кезең 2019 жыл

ІІІ кезең – қорытынды – бағалау кезеңі мамыр 2021 жыл.


І.Тарау

ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

1.Тәжірибе жобасының мақсаты мен негізі міндеттері:

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыта отырып, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білу арқылы сөйлеу, сөйлеуін дамыту, ой - өрісін кеңейтуде тілдік қарым - қатынасқа қажеттілікті қалыптастыратын жағдайларымен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

  • қойылымдар арқылы балалар сөйлеуін дамыту, сөздердің түрлі тәсілдермен жасалуын, зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру,сөздік қорларын байыту;

  • сан есімдерді ретімен атауға,оларды зат есімдермен бірге қолдану дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды кеңінен қолдану;

  • қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын және тыңдау мәдениетін қалыптастыру;

  • тілдің грамматикалық құрылымына, сөзді дыбыстау мәдениетіне және байланыстырып сөйлеуге үйрету

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.


Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыруда 7 түрлі міндет қойылады


Халық байлығының сарқылмас мұрасы, келер ұрпақтың рухани азығы, тәрбие тірегі – ана тілі. Осындай халық қазынасын меңгерту бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен басталатыны белгілі. Тіл үйрету мектепке дей, тәр мен білім беру жұмыстарының негізі болып табылады. Өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, ол көкжиегін кеңейтеді. Бала ана тілінде сөйлеуге үйренеді, табиғат тамашаларын танып, қабылдайды. Көрген – білген басқаларға, сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім-дағдысының молайып, күнделікті өмірден алған әсері нығая түсуіне себепші болады.

Тіл баланың жеке басын қалыптастыру, өзіндік дербес іс-әрекетін дамыту, ой-парасатын жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.

Республикамыздың егеменді туралы қабылдаған Декларациясында халқымыздың тіл мәдениетін, әдет-тұрлы мен тұрмыс-салтын, ана тілімізді дамытумен қатар, ұлттық қадір-қасиетімізді нығайту аса маңызды міндеттердің бірі екені атап көрсетіледі.Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыруда 7 түрлі міндет қойылады.


1.Сөздік қорын дамыту.

Мектепке дейінгі кезеңде балалар негізгі сөздерді айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста қоршаған ортаға байланысты. Әсіресе қоршаған орта.

2.Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру.

Сөздік қор – тілдің құрылымдық материалы болып табылады. Грамматика – сөйлемдегі сөздердің өзгеруін қалыптастырады. Сонымен бірге, тілдің сындарлы үлгісін анықтайды.

Бала айналадағы адамдардан грамматикалық дұрыс құрылған сөйлемдерді естілді, осы арқылы ол тілдегі сөздердің үлгісін менгереді. Тәрбиеші баланың өмірден алған сөйлеу қабілетін, оқыту арқылы адам әрі жаттықтырады.

Сонымен бірге, балаларға жаңа сөздер үйретеді, грамматикалық дұрыс байланыстқан сөйлемдер құрып сөйлеуге тәрбиелейді.

3.Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.

Бала дыбыстарды дұрыс дыбыстауды керек. Сөйлем сөздегі дыбыстардың дұрыстығымен жұмыс жасауда, тәрбиеші фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарына сүйенеді.

Бала озінің ана тілінде сөйлеп, сөйлемдердегі екпінді айыра білуге тиіс. Баланы бір-бірімен сөйлескенде, әдепті, тәртіпті бояуға үйретудің маңызы зор. Оған: амандасу, сөйлесіп тұрған адамына жылы қабақпен қарау назар аудару көпшілік жерде өзін-өзі ұстау білу жатады. Баланы мәнерлер сөйлеуге үйрету керек.

4.Диалог түрінде, әңгемелесу дағдысын қалыптастыру.

Бұған баланың тыңдау қабілеті мен түсінуі, әңгімеге араласуы, сұраққа жауап беруі мен сұрақ қоя білуі жатады. Бұдан, баланың қаншалықты грамматикалық сөздерді дұрыс сөйлегені, сөздік қорының молайғанын білүге болады. Әңгімелесу кезінде, бала өзін-өзі мәдениетті түрде ұстай білу керек.


5.Әңгімелеп сөйлеуге үйрету – монолог түрінде.

Баланың өзінің көрген-білгенін әңгімелеп беруі – мектепке барғанында өте қажет. Мектепте осы қабілеті одан әрі қалай бекиді. Баланың әңгімесінен біз сөйлем немесе сөз құрап сөйлей алуын, сөзінің мазмұнын сөздік қорын қаншалықты меңгергенен анықтаймыз. Балаларды ауызша әңгімелерді таңдай білуге, оны сосын қайталап айтып беруге үйретеміз.

Сонымен қатар, әңгіме құрап айтуға, шығармашылық белсенділігін қалыптастырамыз.Баланың бұл белсенділігі–бала бақшадағы мейрамдарда, үлкендердің алдына шығып тақпақ айтуға немесе басқа топтың алдына шығып сөйлеуіне деген қабілетін арттырады.

6.Көркем әдебиетпен таныстыру.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда балалар әдебиетіндегі ең үздік шығармалар оқылып, топтастырылады

Тәрбиеші балаларды көркем шығарманы тыңдауға түсінуге, шығармадағы кейіпкерлерді суреттеп айтуға үйретеді. Балалар жатталатын тақпақтың мазмұнын ұғып, оны мәнерлеп айта білу керек. Олардың оқуға деген қызығушылықтарын, кітаптың ішіндегі түрлі – түсті суреттерді қарап шығуын, кітаппен жұмысты ұқыпты да дұрыс қолдануларын қадағалау маңызды болып табылады.

7.Балаларды сауат ашуға дайындау.

Балабақшадағы сөйлеуді дамыту жұмысы – баланы мектепке әзірлейді, бала ауызекі жақсы сөйлеуі тиіс, басқа адамды тыңдай білуі қажет. Мектепке жақсы әзірлікпен келген балада мынадай қасиеттер болуы керек:

1) Педагогтың айтқанын тыңдау.

2) Өзінің ойын, пікірін грамматикалық түрде дұрыс сөйлеммен жеткізу, оны дұрыс сөйлеу. Бұл қасиеттер мектеп алды даярлық тобында немесе ересектер тобында қалыптасады. Бұл кезде балалар 2 - 4 сөздерден сөйлем құрап, сөйлей алады. Осы 7 міндет балалардың тілін дамытуда зор роль атқарады. Әрбір міндетте – оқыту мен тәрбиелік жағы, ақыл – ой тәрбиесі дамиды деп те айта аламын.

Тәжірибе өзектілігі:

Соңғы кезде балалардың сөйлеу, тіл дамуының проблемасы өткір мәселе болып тұр. Неге балалар нашар сөйлейді?

Мүмкін біз олармен сөйлеуді ұмытқандықтан ба?

Ата -аналар балаларымен сөйлескенде мақал - мәтел, жұмбақтар, тыйым сөздер, жаңылтпаштар, нақыл сөздер сирек қолданады. Негізінде, халық ауыз әдебиеті адамдарды мейірім шуағын оятатын ғажайып қабілетке ие.

Балалармен жұмыс жасағанда халық ауыз әдебиетін қолдану -баланың тілін, ойлауын дамыту, мінез-құлқын реттеу, жеке тұлғаның ара қатынаста дұрыс моральдық тәжірбие жинақтау үшін жақсы жағдай жасау керектігін қажет етеді.

Тәжірибенің нәтижесі:

  • Жетістікке жету жолын және тәсілін іздейді

  • Оқиғаны, іс-әрекетті ретімен айта біледі

  • Өз тәжірибесін қолдана біледі

  • Нәтижеге жетуге тырысады

  • Дербестік

  • Тапсырманың дұрыстығын тексереді

  • Қорытынды, тұжырым жасай біледі

Күнделікті топта баланы ойынға қызықтыра отырып оқу-қызметі кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру. Баланы өжеттілікке , шапшаңдылыққа,ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа,тапқырлыққа үйрететін де ойын.

Оқу қызметінде қолданатын ойын түрлері мынандай топтарға бөлінеді.

Ойын түрлері:

  • ұлттық ойындар.

  • сюжетті рольді ойындар.

  • шығармашылық ойындар.

  • қимылды ойындар.

  • дидактикалық ойындар.

Қоғам талабына сәйкес, еліміздің дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру–отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.

Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұның түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.

Кеңестік педагог А.С.Макаренко: “Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады” деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктелініп алынатын нақты мазмұнымен анықталады.Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті–ойын, сондықтан да оның мәні ерекше.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады

Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою) ерік арқылы байқалады. Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады.

ІІ тарау.

ТӘЖІРИБЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Мектепке дейінгі ұйымда сөйлеуді дамыту жұмыстарындағы заман талабына сай әдістер мен тәсілдер


Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда балалардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлу біздің басты міндетіміз.

Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз.

Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, ұйымдастырылған оқу қызмет өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат.

Сөйлеуді дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар ұйымдастырылған оқу қызметі көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір ұйымдастырылған оқу қызметте ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Сөйлеуді дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойын ұйымдастырылған оқу қызмет басында – өткен сабақты еске түсіру. Ұйымдастырылған оқу қызмет ортасында – көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, ұйымдастырылған оқу қызметке ынтасын арттыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің соңында-тақырыпты бекіту, ұйымдастырылған оқу қызметтен алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс– тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Ұйымдастырылған оқу қызмет сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдісі – ұйымдастырылған оқу қызмет сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйре

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!