Тіл дамыту, ширату тапсырмалары- 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл дамыту, ширату тапсырмалары- 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ақпарат күнделікті қолдану арқылы балаларға көп пайдасын әкелетіні анық айтуға болады. Бұл ақпаратың ерекшілігі, сұрақтары өте қарапайым және өте маңызды. Балалар жылдам жауап береді де осы арқылы олардың сабаққа деген қызығушылығы арта түседі , өздеріне сенімді болуға көмектеседі. Бұл ақпарат күнделікті сабақ алдында қолдануға ыңғайлы да қолайлы және мектепке дейінгі балалар мен 1 сынып оқушыларына арналып жасалған болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ширату

Бұл тапсырмалар баға қою үшін емес,баланы оқыту мен дамытуға арналған. Ширату барысында берілген сұрақтар баланың ой-өрісін, қиялын дамытып шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйрете түседі.

Ширату

1.Бүгін аптаның қай күні?

2.Аптаның нешінші күні?

3.Жылдың қай мезғілі?

4.Тағы қандай жыл мезгілдерін білесің?

5.11-ден 20-ға дейін және кері сана.

6.Екі бұзау тұр.Біреуі оңға, ал екіншісі солға қарайды. Олар бір-бірін көре ме?

7.Көзді жұмып тұрып нені көруге болады?



Ширату

1.Бір жылда неше ай бар? Екінші және жетінші айды ата.

2.Барлық бұрыштары бірдей төртбұрыш-

3.Метр-

4.Сағат-

5.Тәулік-

6.Ойнайтын балалардың бір бөлігі-

Ширату

1.Дауысты дыбыстарды ата.

2.Қосудың құрамдас бөлігін ата.

3.Аулада қаздар джүр. Олардың аяқтарының саны.

8.Аулада қанша қаз жүр?

4.Циркте ең күлдіргі әртіс кім?

5.Ең үлкен бір таңбалы санды ата.

6.Шөл далада келе жатқан түйелер тізбегі-...

7.Құстар ұшатын әуе кеңістігі-....





Ширату

1.Бір бағытқа қарап тұрған ағайын

2.Балдан тәтті

3.Қалпағы бар, басы жоқ

4.Күндіз бар, түнде жоқ

5.Бір шатырдың астында төрт батыр

Ширату



1.Әкеңнің әкесі-

2.Әкеңнің анасы-

3.Жасы үлкен құрметті адам-

4.Көрген білгені мол,көп жасаған ер адам

5.Қартайған әйел адам-

6.Қартайған ер адам-

Ширату

1.Бір жұмыртқа 5 минут піседі. 4 жұмыртқаны бір ыдыста қанша

уақыт пісіру керек?

2.Адамды тамақтандырады, бірақ өзі ештене жемейді: Ол не?

3.Сенбіден кейін үш күн өтті . Ол қай күн?

4.Жіпті бес рет түйінге байлады. Осы түйіндер жіпті неше бөлікке бөлді?

5.Екі ұл есік алдында кездесіп қалды.Егер біреуі 6 жаста екіншісі 7 жаста болса кім жол береді?



Ширату

1.Бір қайшының неше сақинасы бар?

2.Нан статын орын қалай аталады?

3.Шаш қиятын орын ше?

4.Төрт тышқанның құлағы нешеу?

5.Сиырдың қауіпті мүшесі? Ол не?

6.Сұйық – су емес, ақ-қара емес . Ол не?

Ширату

1.Күннің шығуы-

2.Мектептегі 45 минут-

3.Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме-

4.Көздің көру қасиетін жақсартатын зат-

5.Күз айларын ата:

6.Шаршының неше бұрышы бар?

7.Дөңгелектің бұрыштарын ата:

8.Жаз мезгілінің айларынан басқа, жылда неше ай бар?

9.Көктемдегі өзен арнасының толуы-



Ширату

1.Ауаның қозғалысы-

2.Жердің серігі-

3.Қойдың төлі-

4.Қосылғыштардың мәні-

5.Қазір жылдың нешінші айы?

6.Оның алдындағы айдың атын айт-

7.Соңынан қандай ай келеді?

8.Екі баланың біреуі солға,ал екіншісі оңға қарап тұр.Олар бір-бірін көре ме?



Ширату

1.Бұтақта 7 торғай қонып отыр. Үшеуінен басқасы ұшып кетті.Бұтақта неше торғай қалды?

2.Жануардың екі оң аяғы , екі сол аяғы,екі алдыңғы және екі артқы аяғы бар.Жануардың неше аяғы бар?

3.Көлде 7 қайық жүзіп жүрді.3 қайықты жағаға әкеліп қойды. Көлде неше қайық бар?

4.Қорапта 6 кәмпит бар еді. 6 қызға бір-бірден кәмпит бергенде, қорапта әлі бір кәмпит қалды.Ол қалай?





Ширату

1.Екі қолыңдағы саусақ-

2.Осыдан сегіз жыл бұрын жиырма жастағы жігіт-

3.Аптадағы күн саны-

4.Бір жылджағы күн саны?

5.Қыркүйек пен қаңтар арасындағы ай саны –

6.Төрт үстелдің аяғы-

7.Оң қолдағы саусақ саны-

Ширату

  1. Бір сиырдың аяғы,құйрығы,мүйізін бірге санағанда барлығы нешеу?

  2. Мен және сен ,біз екеуміз ,сонда біз қаншамыз?

  3. Жылдың ең қысқа айы?

  4. Біреуі сөйлейді, екеуі көреді және екеуі тыңдайды.Ол не?

  5. Тісі күнде өсетін жануар.

  6. Алма ағашында өсетін жеміс.



Ширату

1.Екі пілдің құйрығы нешеу?

2.Тоқашты үшке бөлуің керек.Неше рет пышақпен кесер едің?

3.Бөлке нанды үшке бөлуің керек.Сен пышақпен неше рет кесер едің ?

4.Үш тышқанның неше құлағы бар ?

5.Екі санды қосқанда неше шығады?

6.Бір санды екінші бір саннан азайтқанда ше?













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.01.2018
5060
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі