Материалдар / Тіл жүйрікте , кім жүйрік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл жүйрікте , кім жүйрік

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
485
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы Алғабас ауылы

«Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ысқақова Перизат Рахымбайқызы

«Тіл жүйрікте кім жүйрік?»


Мақсаты: оқушыларға туған тіл,тана тіл туралыитүсінік беру, олардың логикалық ойлауын дамыту, түрлі ойын арқылы шығармашылық қабілетін дамыту; сөздік қорын кеңейту, тілдерін дамыту, қазақ тілін құрметтеу, патриоттық сезімді санаға енгізу,

Дамытушылық: ой өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнердеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік : еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбелеу.

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ақын-жазушылардың портреті, кітап бұрышы,интереактивті тақта

Ұлағатты сөздер

1)« ... Халық тілінің байлығын игеру- зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс»

Ғабит Мүсірепов.

2) «Тіл – жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды».

Абай.

3)«Әр халықтың ана тілі- білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

Ахмет. Жұбанов


Мұғалім: Ана-тіліміз -қазақ тілі. Тіл-кез-келген ұлттың мақтанышы, ұлттық белгісі. Ұлан байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз,ана- тіліміз бар. Атк-а-заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» деп жазылған. Ата заңның талаптарын әрбір адам орындауға міндетті. Ана-тілін сүйген азамат елін де жерін де сүйеді. Бойында қазақ қаны бар азамат ана тілін қадірлеуге, оны көздің қарашығындай қорғауға міндетті. Себебі тіл-ұлттың белгісі, мемлекеттік айбыны.

Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
А
заматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін. 8 -9 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Искакова Нағима Неспаевна және Абешова Мейрамгүл Тлеуқызы. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.
Бүгінгі біздің сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
І. Таныстыру
ІІ. Шешендік өнер
ІІІ. Білімді мыңды жығар
ІҮ Сөз болаты – мақал
Ү. «Ойлы болсаң озып көр»
І. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.
Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.
ІІ. «Шешендік өнер» деп аталатын бөлімде әр топ өздерінің дайындалып келген шешендік сөздері бойынша сайысқа түседі. Сайыскерлерімізді шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Оқу мәнеріне назар аударылады.
- Осы бөлім бойынша әр топтың ұпай сандары сұралады. 


Дана халқымызда «Білекті бірді , білімді мыңды жығар» деген асыл сөз бар. Бұл кезеңде тілге байланысты сұрақтар қойылады.
ІІІ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сұрақ-жауап
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).
5. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
7. Синтаксис нені зерттейді? (сөз тіркесі, сөйем мүшелері) 
8. Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу)
9. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы 
10. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

9
сыныпқа қойылатын сұрақтар реті
1. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
2. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
3. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? 
4. «Абай-қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
5. -Балталы, Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман қол! – үзінді қай жырдан алынған? 
6. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата (жалғау арқылы, шылаулар арқылы, орын тәртібі арқылы, интонациы арқылы) 
7. Морфология нені зерттейді? (сөз құрамы, сөз таптары)
8. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.
9. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз). 
10. Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)

ІҮ. «Сөз болаты-мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші сайысымызды жалғастырамыз. ІҮ турымыздың шарты бойынша сайыскерлер, сендерге сөздер беріледі, сол сөзі бар қандай да бір мақал тауып айтуларың керек. 

Мақал – сөздің мәйегі

(тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)

1. Жақсы кісі байқап сөйлер, ...(жаман кісі шайқап сөйлер)

2. Ер еліне, ...(ит иесіне)

3. Балапан ұяда не көрсе ... (ұшқанда соны іледі)

4. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...(Білім – жанып тұрған шырақ)

5. Жақсының аты өлмейді ...(Ғалымның хаты өлмейді)

6. Көз жетпеген жерге, ...(сөз жетеді)

7. Отыз тістен шыққан сөз, ...(отыз рулы елге тарайды)

8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді, ...(Досы көптер мақтана біледі)

9. Жалған достан ...(жау артық)

10. Өнерлінің қолы алтын, ...(өлеңшінің сөзі алтын)

11. Еңбек етсең ерінбей, ...(тояды қарның тіленбей)

12. Отан үшін күрес - ...(елге тиген үлес)
Құрметті әділ қазылар ұпай сандарын көтерсеңіздер.

Ү. «Ойлы болсаң озып көр» Көнерген сөздердің қай кісіпке байланысты екенін табу, мағынасын ашып беру.Соңынан әр топ өздерінің дайындап әкелген көнерген сөздерін сөз қоржынына салады.
Құрметті әділ қазылар ұпай сандары сұралады. 
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
Желмаяның үстінде желіп тұрып;
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!