«Тіл кемістігінің тұтықпа түрі және оны түзетудің жолдары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тіл кемістігінің тұтықпа түрі және оны түзетудің жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұтықпа – сөйлеу кемістігініңішіндегі ауыр сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, балалар түрі. Ол баланың психологиясын жакрақаттайды, арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы әдістемелік орталығы арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша әдіскері М.Мусабаева

Мақаланың тықырыбы: «Тіл кемістігінің тұтықпа түрі

және оны түзетудің жолдары»



Тұтықпа – сөйлеу кемістігініңішіндегі ауыр сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, балалар түрі. Ол баланың психологиясын жакрақаттайды, арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.

ХІХ ғасырдың аяғында психиатр И.А.Сикорский алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 жастағы балалардың арасында жиі кездесетінін анықтап, оны «Бала ауруы» деп атаған.

Тұтығу үш дәрежеге бөлінеді:

  1. Женіл дәрежеде тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлеген кезде ғана тұтығады.

  2. Орташа дәрежеде бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп аз тұтығуды, бөтен адамдар арасында тұтықпа күшейеді.

  3. Ауыр дәрежеде бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи да ілеспелі қимыл-қозғалыстар жасайды.

Тұтықпаның ауыр дәрежесінде қимыл-қозғалыстар әртүрлі болып келеді: көз қысу, танауын желпілдету, басын төмен салбырату, шайқалту, саусақ қысу, аяқтарын согу, денесін түрлі қозғалысқа келтіру.Тұтығуға тән белгілердің бірі – сөйлеу алдындағы қорқыныш, үрейлену. Тұтыққан адамда ойын жеткізу үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобиядеп аталады. Тұтығудың психологиялық белгілеріне баланын өз кемістігіне назар аударуы жатады.

Тұтықпа балалар 3 топқа бөлінеді

  1. Ақауын ескермейді, көңіл бөлмейді.

  2. Ұстамдылықпен қарайды, әрдайым ақаулығына көңіл бөледі.

  3. Ашық қайғырады.

Тұтықпамен күрес кешенді әсер ету мынадай бағыттардан тұрады

1. Медициналық ем беру арқылы әсер ету – ол баланың жүйке-жүйесінің қызметін қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Жұмыс нәтежесін айқындай түсуге көмектеседі.

2.Психотерапиялық әсер ету – барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Бұл бағыттағы жетістіктерге құрбыларын, тәрбиешілерін немесе ата-анасын қатыстыра отырып, баланың көңіл аударуына көңіл бөлу, белгілеп жазып алу.

3. Логопедиялық әсер ету – бұл ұзақ бойына, 8-9 ай жүйелі түрде жүргізілетін жүйелі сабақтар кешені. Бұл сабақтың негізі мақсатыөмірдің кез келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне дейін балалрды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады.

4. Логопедиялық ритмді ырғақ – сөзді анық, қимыл қозғалыс әуенін тындау, айту арқылы реттеу, дамыту, сөйлеу кемшілігін түзету. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады.

5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортаның әсер етуі – бұл тәрбие жұмыстарының барлық кезендерінде жүзеге асырылады.

Мұғалімдер мен ата-аналар баланы өзіне-өзінің сөйлеу кемістігін түсініп, одан құтылу жолдарын ойлауға тәрбиелеу қажет, сабақтардың әрбір кезендеріндегі қол жеткен жетістіктерді сезінуге қолдау жасап, түбінде толық тұтығудан біржолата құтылы, дұрыс сөйлей алатына көзін жеткізу керек. Тұтығуды жоюда ата-ана мен мұғалім, тәрбиешілерге арналған кеңес.

  1. Тұтықпасы бар балалар мына сөйлеу ережесін және есте сақтау қажет:

  • Айтылар ойды жинақтап алып, еркін, жай, ырғақты, тұтас сөйлеу қажет.

  • Терең тыныс алып, демді шығарған кезде ғана сөйлеу керек.

  • Әңгімелесу кезінде әңгімелесушіге сенімді қалыпта, тіке қарап сөйлеу керек.

  • Әрдайым асықпай сөйлеу қажет.

  • Сөйлеуі сәтсіз шықса – тоқтап, сенімділік пайда болғанша жәй сөйлеу керек.

  1. Тұтықпа пайда болған кезде алғашқы ай «үндемеу тәртібімен тұтығудың патологиялық рефлексін. Жою үшін, яғни жүйке жүйесінің тынығудың патологиялық рефлексін жою үшін , яғни жүйке жүйесінің тынығуына, демалуына мүмкіндік беру қажет.

  2. Тұтығатын балалар өте тынымсыз, ашуланшақ келеді. Олакрды түнде 10-11 сағат, сабақта жұмыс істеу қабілеті артады.

  3. Балаға шектен тыс сұрақ қойып, артық әңгімелетуге болмайды. Баланың көзінше, оның кемшілігін айтуға болмайды.

  4. Үйде бала үшін тыныш жағдай жасау керек.

Ұзақ уақытта дейін баланы қонаққа апаруға немесе баланы қатынастырып қонақ күтуге болмайды.

  1. Тұтығу жойылған соң баланы бірнеше айға дейін тыныш жерге алып кеткен жөн.

  2. Ең маңыздысы тұтықпаны жою өз қолында екеніне сендіру қажет. Осы жағдайларды дұрыс сақтағанда ғана дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға қол жетеді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
692
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі