Тіл мәртебесін қайта жандандырудың бүгінгі күнгі тиімді тәсілі.
-Қазақ тілі. Бір оқығаннан-ақ, бойға өршіл рух, жүрекке алаулаған намыс әкелер ұлы сөз. Қилы күндерде қазақ қоғамын оятқан, сіріңкедей сілкіндірген- ұлттық тіліміз. Сөздің парқын, адамның нарқын білетін сұңғыла тұлғалардың арқасында, сан ғасырлар бойы қадір-қасиетін жоғалтпай, тұғырынан таймаған тіліміз, бүгінгі күні қолданыстан шетке шығып, тоқырауға ұшырау үстінде тұр.
Бірақ, енді бұрқ етіп қайнаған, сарқ етіп суалған, бір өліп, бір тірілген тіліміздің ғұмыры келте емес, мәңгілікке ұласуы үшін өткенге мойын бұрғанша, болашаққа бас бұрып, қолға алуымыз керек. Алайда, келешек ұрпаққа аманаттар жігерлі жастардың бойындағы тілге деген сүйіспеншілікті ояту жолында байырғы тәсілдер жарамсыз болғандықтан, жаңа тәсіл ойлап таптық.
Ол- қазір жастардың ең көп қолданысы- смартфон болғандықтан, смартфондарға тіл турлы- бонустық бағдарламалар ойлап табу. Бағдарлама барысы былай: негізі бөлімде өткенннің іргелі тағылымдарынан, ұлттық тіліміздің көркемдігін көрсетер, көнерген сөздермен көмкерілген көрнекі шығармаларынан, сан-ғасырлар ғаламат-ғажаптығын жоғалтпаған жыр-дастандардан, ең бастысы тіл тарихын санаға сәулелей салар шығармалардан тест, сұрақтар құрастыру. Айлық, апталық, күндік ойындар ойнату арқылы жаңа деңгейге өту. Ал тіл тағдырына толғаныспен қарайтын, нағыз тіл жанашыры, ұлт жанашыры болып жүрген жандар мен бірлестіктер демеушілік жасау арқылы әр деңгейге арналған бонустар берілуі. Әрине бонустарды - кітапханаларда, білім ордаларында жұмсай алады. Бұл жастарды қызықтырып қана қоймай, алдыға жетелері сөзсіз!
Бұл бағдарламаның мақсаты- ақын-жырауларымыздың сөздерінен ой-маржанын теріп, ізгілердің ізінен келе жатқан ізбасар ұрпақтың санасына құя отырып, олардың да келер ұрпаққа кемел түрде аманаттай аларына көз жеткізу.
Қорыта келе, бабадан аманат боп қалған ұлттық тілдің ұлы тұлғасын жоғалтпай, тарих сахнасынан өшіріп алмай, мәңгілік алтын әріптермен қашап жазып, жүрекпен жырлап жүруіміз керек. Тіл тағдыры- ұлт тағдыры. Оны мәңгілік өшпестей алаулатып жағу үшін бір ғана тәсіл емес, барша қазақ шет-шеттен, шама-шарқы келгенше шарқ ұрып қол созуы қажет. Қазақ қоғамында әлі күнге ұлтымыздың ұтылмауы үшін аянбай еңбек етер ұлылардың барына бек сенімдімін. Көш бастап берсек, ары қарай сіз болып, біз болып тіл қадірін түсінер, сөзге шешен, қаламы көсем жастарды тәрбиелеп шығарарымыз анық.
Сөз соңында, жастарға арнап Тұманбай Молдағалиевтің мына сөздері арқылы ой тастасам:
Бір ауыз сөз үйреніпсің,бүгінде,менің ана тілімде,
Қазақ болып туғаннан соң бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде.
Максут Ұлданай
*48 Саңырау шағын жинақты жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Түркістан облысы
Келес ауданы
Саңырау ауылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіл мәртебесі
Тіл мәртебесі
Тіл мәртебесін қайта жандандырудың бүгінгі күнгі тиімді тәсілі.
-Қазақ тілі. Бір оқығаннан-ақ, бойға өршіл рух, жүрекке алаулаған намыс әкелер ұлы сөз. Қилы күндерде қазақ қоғамын оятқан, сіріңкедей сілкіндірген- ұлттық тіліміз. Сөздің парқын, адамның нарқын білетін сұңғыла тұлғалардың арқасында, сан ғасырлар бойы қадір-қасиетін жоғалтпай, тұғырынан таймаған тіліміз, бүгінгі күні қолданыстан шетке шығып, тоқырауға ұшырау үстінде тұр.
Бірақ, енді бұрқ етіп қайнаған, сарқ етіп суалған, бір өліп, бір тірілген тіліміздің ғұмыры келте емес, мәңгілікке ұласуы үшін өткенге мойын бұрғанша, болашаққа бас бұрып, қолға алуымыз керек. Алайда, келешек ұрпаққа аманаттар жігерлі жастардың бойындағы тілге деген сүйіспеншілікті ояту жолында байырғы тәсілдер жарамсыз болғандықтан, жаңа тәсіл ойлап таптық.
Ол- қазір жастардың ең көп қолданысы- смартфон болғандықтан, смартфондарға тіл турлы- бонустық бағдарламалар ойлап табу. Бағдарлама барысы былай: негізі бөлімде өткенннің іргелі тағылымдарынан, ұлттық тіліміздің көркемдігін көрсетер, көнерген сөздермен көмкерілген көрнекі шығармаларынан, сан-ғасырлар ғаламат-ғажаптығын жоғалтпаған жыр-дастандардан, ең бастысы тіл тарихын санаға сәулелей салар шығармалардан тест, сұрақтар құрастыру. Айлық, апталық, күндік ойындар ойнату арқылы жаңа деңгейге өту. Ал тіл тағдырына толғаныспен қарайтын, нағыз тіл жанашыры, ұлт жанашыры болып жүрген жандар мен бірлестіктер демеушілік жасау арқылы әр деңгейге арналған бонустар берілуі. Әрине бонустарды - кітапханаларда, білім ордаларында жұмсай алады. Бұл жастарды қызықтырып қана қоймай, алдыға жетелері сөзсіз!
Бұл бағдарламаның мақсаты- ақын-жырауларымыздың сөздерінен ой-маржанын теріп, ізгілердің ізінен келе жатқан ізбасар ұрпақтың санасына құя отырып, олардың да келер ұрпаққа кемел түрде аманаттай аларына көз жеткізу.
Қорыта келе, бабадан аманат боп қалған ұлттық тілдің ұлы тұлғасын жоғалтпай, тарих сахнасынан өшіріп алмай, мәңгілік алтын әріптермен қашап жазып, жүрекпен жырлап жүруіміз керек. Тіл тағдыры- ұлт тағдыры. Оны мәңгілік өшпестей алаулатып жағу үшін бір ғана тәсіл емес, барша қазақ шет-шеттен, шама-шарқы келгенше шарқ ұрып қол созуы қажет. Қазақ қоғамында әлі күнге ұлтымыздың ұтылмауы үшін аянбай еңбек етер ұлылардың барына бек сенімдімін. Көш бастап берсек, ары қарай сіз болып, біз болып тіл қадірін түсінер, сөзге шешен, қаламы көсем жастарды тәрбиелеп шығарарымыз анық.
Сөз соңында, жастарға арнап Тұманбай Молдағалиевтің мына сөздері арқылы ой тастасам:
Бір ауыз сөз үйреніпсің,бүгінде,менің ана тілімде,
Қазақ болып туғаннан соң бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде.
Максут Ұлданай
*48 Саңырау шағын жинақты жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Түркістан облысы
Келес ауданы
Саңырау ауылы
шағым қалдыра аласыз













