Тіл мәселесі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тіл мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда қазіргі таңдағы тіл мәселесі туралы көтерілген. Неліктен ондай оқылық болып жатқанынның себебі және оның алдын алу жолдары көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

СЕБЕП-САЛДАР ЭССЕСІ
Тіл мәселесі

Қазіргі таңда қоғамда өз ана тілін дұрыс меңгермегендер саны күн өткен сайын артып келе жатыр.Бұл туралы филология саласында жүрген ғалымдар өз алаңдаушылықтарын білдіруде. Ия, шыныменде қазір бесікте жатқан баланың қолына ата-анасы телефонды беріп, түрлі шетелдің мультсериалдарын қосып береді.Тілі шықпаған бала өз көргенін тез меңгеріп алуға бейім келеді.Ал бұдан баланың тілі өз тілінде емес, өзге тілде шығатыны бесенеден белгілі.Бұның барлығына қоғам кінәлі ме, әлде ана-анасының немқұрайлылығында ма?
Меніңше, бұл сауалдың баста мәселесі, бірінші кезекте, ата-анасының немқұрайлылығында. Өйткені, қазір ата–аналар балаға көп көңіл бөлмейді. Ең бастысы бала жыламаса болды деп бар айтқанын жасайды. Тіпті аналар бесік жырын айтуға қиналып, телефоннан түрлі әуендерді қосу арқылы баланы уатады. Бауыржан Момышұлы айтпақшы: «Менің үш қорқынышым бар.Біріншісі –бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбеюінен, екіншісі-немересіне ертегі айта алмайтын әжелердің көбеюінен, үшіншіден-салт-дәстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын». Қазір мұздайда бесік таянып, жыласақ шошып оянар аналар бесік жырын айтудан қалып барады. Әрбір қазақ баласы сәби кезінен ертегі, бесік жырын тыңдаса есейген шағында орысшаға масаттанып өз тілін ұмытпас еді. Мысалы, бір орыс келсе сол түсіну үшін орысша сайраймыз. Өзге ұлттар қанша қазақтың алдына келсе де өз тілінде мақтана сөйлейді, ал бізге неге олай етпеске. Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы,сондықтан бірінші кезекте баланың тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет. Қазір көптеген шетелдің мультсериалдары қазақ тіліне аударылуда. Ия,балаға шетел сериалдары жаман деп айтпаймын.Тек өз тілінде көрсе деген арманым бар.Сонда ғана баланың тілі өз тілінде шығар еді.Ал қалған тілдерді өсе келе де меңгеріп алады. 
Қазіргі таңда сөздің қадіріне жетуді, қазақ тілінің тазалығын сақтауды назардан тыс қалдырып жүргендейміз. Бірқатар жұрттың қазақша сөйлегеніне разы боламыз да, тілді оңды-солды қойыртпақтауына кейде кешіріммен қарай саламыз. Түптеп келгенде, тілді шұбарлау оны білмеуден де қатерлі. Бүгінгі күні жаһандану дегенді алға тартқан ірі державалар өз саясаттары мен дәстүрлерін сөз саптауларымен, түрлі атауларымен қоса қажымай-талмай тықпалап жатыр. Мұндай жағдайда біз жердің бүтіндігі үшін шекарамызды қалай күзетсек, ана тіліміздің тазалығына да дәл солай қырағылық танытуымыз керек.
Әсіресе, балаларды балабақшадан, мектептен бастап, ең алдымен, өз ана тілінің қаймағын бұзбай, таза сөйлеулеріне баулудың маңызы айтарлықтай. Қазіргі күні ЖОО қазақ топтарында білім алып жатқан студенттер, қазақ мектебінде оқитын, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар мен жасөспірімдер сабақтан тыс уақытта өзара орысша сөйлеседі. Таяу болашақта ана тілімізден мүлде көз жазып қалуымызға осының өзі жетіп жатыр. Енді, осы қасірет аз болғандай еліміздің ресми органдары «үштұғырлы тіл» дегенді желеу етіп, «Әлем тарихы» секілді кейбір пәндерді қазақ мектептерінің өзіне орысша оқытпақ. Егер біздің ұрпақ әлем елдеріне Ресейдің терезесінен қарап, дүниежүзінен тек орысша мәлімет алатын болса, онда тілдің де, елдің де болашағы жоқ деген сөз.
Олай болса, тіліміз бен мәдениетімізді сақтауды ең қарапайым қадамдардан бастауымыз керек.
Қазақ – қазақ болғалы пайда болып қалыптасқан білім мен пайымның жинақталған энергиясы ана тілімізде ғана болса керек. Тілдің арқасында ғана ата-бабамыздың өсиеттері, ырым-тиымдары, салт-санасы бүгінге дейін сақталды. Ендеше, біз күш-қуатты да, білім-ғылымды да ана тіліміз арқылы ғана аламыз.
Сапалы білімді орта мектеп бағдарламасындағы негізгі пәндерді ағылшынша, орысша оқыту арқылы береміз, тілді солай жаппай меңгертеміз деп ойлау өрескел қате. Мұндай ессіз тірлікті тоқтату керек. Әрине, қоғам үшін көп тіл білетін адамдар керек. Мысалы, барлау немесе тыңшылық қызметіндегі мамандар, шекара, полиция, қорғаныс, ғылыми-зерттеу, ақпарат құралдары қызметкерлері, дипломатиялық міндет атқарушылар, сыртқы сауда саласының өкілдері секілді тұлғалардың әлем тілдерін жетік білгендері абзал. Ал балабақшадан бастап халыққа жаппай ағылшын тілі мен орысшаны тықпалаудан ұтарымыз шамалы. Қарапайым ғана тұрмыстық қызмет көрсететін сантехник, монтер, аспаз, етік тігуші үшін ағылшын тілін жетік білгеннен кәсіби шеберліктері артып, еңбек өнімділігі өсіп кетпейді ғой.
Олай болса, мектеп бағдарламсындағы жалпы білім беретін базалық пәндерді ағылшын және орыс тілінде емес, қазақ баласы өз ана тілінде сапалы алғаны тиімді болады
Елімізде қазақ тілінен өзге ешбір шет тіліне басымдық берілмегені абзал болар еді. Ол үшін аударма ісі мамандарын тек қазақ тілінің базасында ғана дайындап шығаруды меншік нысандарына қарамастан барлық ЖОО басшыларына, ғылыми кеңесіне талап ету керек.
Жыл сайын ақпан айының 21-ін ЮНЕСКО тарапынан «Халықаралық ана тілі күні» етіп атап өтеді. Қыркүйек айының соңғы аптасында біз де тілдер мерекесін тойлаймыз. Көптеген игі шаралар ұйымдастырылады, қалыптасқан жақсы дәстүрлеріміз де баршылық. Енді оның тиімділігін арттыру, ықпалын күшейту мәселесін уақыт оздырмай, қолға алуымыз өзекті болып отыр.



Ол үшін ең алдымен, жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, нұсқаулықтар, кітап, құралдарда қазақ тілінің ережелері, стильдік талаптары, әдеби тілдің нормасы қатаң қадағалануы бәрінен маңызды деп есептейміз. Ана тіліміздің тектілігін, әсемдігін, көркемдігін дәл осы нысандарда барынша сақтап, шешендігі мен шеберлігін мейлінше жеткізе білсек, жас буынның тілдік әлеуетінің арттырылуына баға жетпес үлес қосқан болар едік. Сондай-ақ, оны кейін Тіл саясаты жөніндегі ұлттық кеңес етіп кеңейтіп ұйымдастырсақ, тіпті де нұр үстіне нұр болар еді. Сол арқылы тіл ұйымдарының функцияларын, іс-қызметтерінің бағыт-бағдарларын белгілеп, ана тіліміз бен шет тілдерінің оқу стандарттарының мазмұнын ұлттық ерекшелігіміз бен әлемдік нормаларға сай жетілдірсе.
Қала және елді мекендердегі ұйым, мекемелердің атаулары, күре жолдар бойындағы жазбалар тек қазақ тілінде ғана болуын да қалыптастыруымыз керек. Жарнама, түрлі атаулар, ақпарат құралдары мәтіндерінен бастап, оқулықтар, әдеби басылымдарға дейінгі барлық жазбалардың тілдік сапасына, стиліне тұрақты бақылау жасап, кеткен қателерді дер кезінде жөнге келтіре білу қажет.
Қорыта келгенде, «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» деп атам қазақ айтпақшы, өзге тілдің барлығын меңгер, алайда өз тіліңді әрқашан бірінші кезекке қоя білу қажет.Бұнымен өзге тілді құрметтеме деп айтқаным емес, керісінше, өзге тілдерге өз тіліңдей құрмет көрсет, алайда өөз тіліңді шұбарлап алма деп айқым келеді. «Болашақ-жастардың қолында» деп президентіміз айтпақшы, жастарымыз ең бірінші кезекте өз тілін құрметтеп, әлем нарқына шығару арқылы елімізді көркейте білуге жағдай жасауы керек.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.06.2023
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі