Тіл мәдениетін қалыптастыру икемділіктері мен дағдыларын дамыту жүйесі
Исаков Ерхан Турсинханович - Бөкейхан атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қазіргі таңда да егеменді еліміз етек – жеңін жинап, оқу –ағарту жүйесіне білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына мектептердің материалдық - техникалық базасына жақсартуға ерекше мән беріп отыр. Тіл ұрпақтар арасын жалғар алтын көпір, ақыл- ойдың түйінін танытар асыл қазына. Тіл туралы ғылымның өзіндік нысандарына сай орныққан жүйе ережелері қалыптасқан.
Ана тіліміздің әр алуан жақтарын қамтитын «Тіл мәдениеті» атты білім саласы бар. Орфоэпия дыбыс сазы мен әдеби тілдің дауыс ырғағын тексереді, орфография емле ережелерін , пунктуация тыныс белгілерін, стилистика сөз тіркесі заңдарын, жақтық сөйлеу, сөз талғау тәсілдерін зерттейді. Ал тіл мәдениетінің нысаны не деген мәселе жалпы тіл ғылымында анық белгіленбей келеді.
Ол туралы М.Балақаев : «Қазақ тілінің қоғамдық қызметі арта түсіп отырған қазіргі кезде оның үздіксіз даму процесін терең ұғынып, өмірлік проблемаларын жан жақты зерттеуге ерекше мән беріліп отыр.Солардың қатарында теориялық, практикалық биік талаптар деңгейінен қарайтын сала – тіл мәдениеті мәселелері болмақ. Бұл қазақ тілінің енді-енді өзінің даму жолына түскен жас саласы. Тіл мәдениеті халқымыздың жалпы мәдениеті мен астарлас дамуға тиісті болғандықтан бұл ғылым саласы алдымен тіл мәдениетінің дәрежесін арттыруды , тілдің қатынас құралдық қызметін жетілдіру үшін оның күнделікті өмірлік мәселелерін ғылыми тұрғыдан дұрыс шешіп жөн сілтеуді көздейді»,- деп анықтайды.
Қазіргі әдеби тіліміз - халық тілінің жоғарғы формасы болып табылады. Әдеби тіл дамыған сайын оның қоғамдық қызметі , нормалық жүйесі нығая түседі. Сөйлеу тілі де, әдеби тіл де өзара тамырлас, әрі бірінен бір нәр алып дамиды, соңғы халық тілі негізінде жасалып, оның құнарлы қазынасын керегін таңдап, талғап алып дамыса, сөйлеу тілі де өзінің бұрыңғы дәрежесінде қалып қоймай әдеби тіл елегінен өтіп, жалпыхалықтық қасиетке ие болған байлықтарын, керісінше , үнемі қабылдап отырады. Бара-бара сөйлеу тілі мен әдебиет тілдің алыс-берісі күшейіп , әдеби тілдің екі түрі- жазба әдеби тілі мен сөйлеу әдеби тілі қалыптасады.
Әрбір тілдің сол тілде сөйлейтін қауымдар арасында қатынас құралдық қызмет атқаруымен қатар, сол қауымның күресі мен жеңісінің құралы, мәдени өмірінің тұтқасы болып табылады. Әрбір қоғам сондықтан ана тілінің тағдырына немқұрайлы қарай алмайды. Оны қызғыштай қорып халықтың мәдени дәрежесін көтеру жолында сол халықтың тілдік мәдениетін - жазу, сөйлеу мәдениетін жетілу , жақсарту талабынан басталып отырған
Бұған дәлелді іздемей- ақ туған халқымыздың тарихынан табуға болады. Тілдің қоғам өміріндегі маңызы , оның өткірлігі мен күші , өрнектілігі мен күші, сымбаттылығы жөнінде халқымыздың арасында әлденеше ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұшан- теңіз қанатты сөздер,тіл құдіретін түсінбейтін, оны шұбарлап ластайтындарды жер қыла сынайтын өткір сөздер көл- көсір. Сондықтан І.Кеңесбаев : «Халық тілінің байлығын игеру зор талғам , парасат тілейтін жұмыс.Халық сөзінің нарқын бағалап , салмақтай білсек, сап алтындай тазасын, ең асылын тұнығынан сүзіп ала білсек , сонда ғана оларды әдеби тіліміздің шын ырысы дей аламыз»,- деп көрсетеді.
Халқымыздың кешегі өткен ұлы ойшылдары , ағартушы-ғылымдар, ақын- жыраулары ішінде тіл мәдениетін сөз етпей , тіл шұбарлаушыларға кейістік білдірмей кеткені кемде-кем. Тіпті қазақ даласындағы алғашқы мерзімді баспасөздердің өзі , «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттері мен «Айқап» журналы қысқа мерзімді өмірлерінде тіл мідениеті, тіл тазалығы тақырыбына ондаған мақалалар жариялады. Бұл жағдайлар тіліміздің мәдениеттілігін арттыру , оны шыңдап жетілдіре беру талабының ерте кезден-ақ сөз болып келе жатқан жалпы халықтық мәселе ұлттық мәдениет мәселесінің бөлінбейтін бір саласы екендігін аңғартады. Сондықтан С.Қирабаев: «Қазіргі әдеби тілмен оның нормасын, жазу емлесін үйрену , жалпы тіл мәдениетін көтеруге ұмтылу ешкімге ұятты іс емес , қайта абыройлы борыш. Бұл- Отан алдындағы,халқымыз ,ұлтымыз,ана тіліміз алдындағы патриоттық борышымыз.Бұдан бізді ел сүю , ұлтымызды сүю сезімдерін міндеттейді»,- деген еді. Енді мәселенің екінші жағы, теориялық жағы бар.
Тіл мәдениеті мәселесінде теориялық негізінен табудың , яғни тіл мәдениеті жөніндегі ғылымды лингвистиканың бір саласы ретінде қалыптастырудың қажет екендігін бүкіл лингвистикада көтеріліп жүрген мәселе.Сондықтан болар , Т. Қордаев «Сөйлеу мәдениетін сөз еткенде, бұл саладағы кемшілікті сынға алғанда сүйеніш, етер негіз , бағыт тұтар құбыламыз тілдік норма, әдеби тіліміздің сөйлеу ,жазу нормасы болмақ. Сондықтан сөйлеу мәдениеті, тіл тазалығы үшін күрес - қалыптасқан норманы сақтау үшін күрес болмақ. Олай болса , бұдан шығатын қорытынды- сөйлеу мәдениеті жөніндегі ілімнің негізгі міндеті тілдік норма дегеннің сырын ашу, оның құрамына нелердің енетінін айқындау болса керек»,- деп анықтайды.
Сонымен, тіл мәдениетінің негізі тілдік норма болғандықтан тілдік норманы қарастырайық.
Тілдік норма да – тарихи құбылыс. Қоғамдағы адамдардың бәрінің сөйлеу дағдысын , тіл жұмсау мәдениетін бір өлшеммен өлшеуге бір үлгімен пішуге болмайды. Тіпті қоғамдық құбылыс есебінде пайдаланушы қоғам мүшелерінің ақыл- ой парасаты, білімі, мәдениеті өнер – ғылымға қанықтығы ,іс-әрекеті біркелкі емес. Оның үстіне олардың туып өскен ортасы, тілдік дағдысы бірдей емес. Сол сияқты қоғам мүшелерінің сөйлеу , жазу,мәнері де, дәрежесі де әр алуан. Жұрттың бәріне міндетті дейтін тілдік тәсілдер, нормалар бар. Тілдік нормалардың тәсілдері -- ғасырлар бойы дамып,қалыптасқан сөздік қор, грамматикалық құрылыс, фонетикалық заңдылықтармен қатар ресми түрде қабылданған орфография ережелері ,терминдер және оқулықтар мен оқу құралындағы нормативті ереже, нұсқаулар.
Қазіргі кезеңде мектеп оқушыларының тілдік нормада сөйлеу мен жаза білу туралы мәселелер көтеріліп қалғанымен , ол туралы түбегейлі пікірлер жоқ. Сондықтан Т.Қордабаев: «... Тіл мәдениеті дегенді ғылыми пән дәрежесіне көтеруіміз керек. Оның теориялық негізін ,өзіне тән объектісін айқындау қажет. Сөйтіп, оны лингвистиканың бір тарауы ету керек»,- деген болатын.
Алда тұрған міндеттің бірі – әдеби тіліміздің әр жанрының өзіндік стильдерін айқындау жұмысы. Мұны жете білмей тұрып әр жанрдың өзіндік ерекшелігін , өзіндік тіл нормасын білу мүмкін емес. Сондықтан тіл мәдениетіне сөйлеу мен жазба тілдің айырмашылықтарын стильдік тұрғыдан қарастырып, оны мектеп қабырғасынан, яғни оқушыларға таныту, игерту қажет.
Қазіргі кезде тіл мәдениеті мәселесі, ол туралы білім, білік, дағды беру 9- сынып көлемінде қарастырылады. Мәселен , оқу бағдарламасында тіл мәдениетін оқытылуындағы дайындық деңгейіне мынадай талаптар қойылған:
Білім:
Әдеби тілдің грамматикалық нормалары бойынша:
-
грамматикалық нормаларды білуі
-
сөздедің байланысу түрлерін мәтіннен ажырата алуы
-
мәтіндегі қарапайым тілдік талдау жүргізе алуы
-
ауыспалы мағыналы сөздер мен фразеологизмдердің қолданылу мақсатын айқындай білуі тиіс
Тіл мәдениеті бойынша :
-сөз әдебін танытатын сөйлеу әрекетіне сәйкес сөз орамдарының мәнін білуі
-сөйлем құрауда ұлттық әдеп нормаларын білуі
-интервью, мақала, әңгіме ерекшеліктерін білуі тиіс деп көрсетілген
Біліктілігі :
Әдеби тілдің грамматикалық нормалары бойынша :
-грамматикалық нормаларды дұрыс сақтай алуы
-сөздердің байланысу түрлерін мәтіннен ажырата алуы
-ауыспалы мағыналы сөздер мен фразеологизмдерді қолдана алуы тиіс
Тіл мәдениеті бойынша :
-сөз әдетін танытатын сөйлеу этикетіне сәйкес сөз орамдарын қолдана алуы
- сөйлем құрауда ұлттық әдеп нормаларын сақтай білуі
- интервью , мақала, әңгіме жаза алуы тиіс
Сөйлеу – қатысымдық қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығаратын құрал. Ол - қолданылуына қарай, адамның ой- өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл- парасатын көрсететін айна. Сондықтан сөйлеу мәдениетіне қай дәуірде болса да ерекше мән берілген ,қай халық болса да оған енжар қарамаған.
Қазақ халқының сөз өнерін жоғары бағалайтын тамаша дәстүрі бүгінгі біздің заманымызда ұмытылғаны былай тұрсын, қайта , оны жаңа түрде дамыта беруге көп көңіл бөлініп жүр.Өйткені сөйлеу мәдениеті мәселесі баспасөзде , республикалық дәрежедегі кеңесте арнаулы талқылана бастады. Оның нәтижесінде бірнеше жинақтар да жарық көрді.
Жоғарыда аталған еңбектер ,зерттеулер мен пікірлерде сөйлеу мәдениеті жөніндегі жұмыс оқу орындарының төл ісіне айналу керектігін анықтайды. Соның бірі – мектеп. Олай болса мектеп оқушылардың сқйлеу , жазу мәдениетін қалаптастыру – маңызды мәселе.
Р. Сыздықова тіл мәдениеті мәселесін: «Сөздерді бір - бірімен дұрыс байланыстыра білу , дұрыс орналастыра білу де , сөйлемдерді тым шұбалаңқы , т,сінуге ауыр етіп те емес, тым қарапайым келте етіп те емес, дұрыс құрастыра білу де тіл, сөйлеу мәдениетіне қатысты жайттар» ды ,- қолдана білу екендігін айтады.
Сөйлеу үдерісінде тілдік материал іс - әрекет үстінде өз бойындағы мағыналық мүмкіндіктерін жан – жақты көрсете алады. Бірақ сол мүмкіндіктерді қоғам мүшесінің әрқайсысы өз шама , білім талғам , танымына қарай пайдаланады. Мысалы, біреулер тілдік құралдарын өзінің ойын жеткізуде лайықтыларын таңдап ,қоя білсе,енді біреулерде ондай шеберлік болмайды. Осыдан келеді де, қоғамдық сипатты тіл жеке адамдардың сөйлеу, жазу үдерісінде даярлық сипатқа ие болады. Тіл мен сөйлеудің бір – бірінен өзгеше болатандығы да осы мәселеге байланысты.
Оқыту ісінде мұғалімдер тілдік материалдарды ғана білгізумен тынбай, оқушылардың сол тілдік материалдарды сөйлеу мен жазуларында дұрыс , дәл іріктеп ,таңдап ала білу, орынды қолдану қабілеттерін арттыру дағдыларын игерту қажет. Әдетте , өз білгенін дұрыс айтып беруге сөйлеу дағдысы жетпей тұрған балаға « тілі жетпей тұрғаны болмаса, білетіндігі байқалып тұр» деп дұрыс баға қоюшылар кездесіп қалады. Бұл педагогикалық жағынан кері әрекет , дұрыс емес. Оқушыларға таза,дұрыс, жатық сөйлеуге , әрдайым өз бақылауға әдеттендіру үшін , олар стилистикалық орашолақтылықты , жауапсыз сөйлеушілікті мұғалімнің кешірмейтінін дұрыс сезінуі тиіс. Сндықтан оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін арттыру жұмыстары әрбір сабақта ғана емес, мектеп өмірінің барлық саласында жүргізіледі.
Әдеби тілдің ауызша мен жазбаша түрін қатар дамытып, оның қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуіне мүмкіндік жасау, түрлі ауытқулардан арылтып отыру, небір күрделу ойдың әр қилы нәзік айырымдарын тіл арқылы діл, анық жеткізе білуге көпшілікті тәрбиелей түсу т.б. тіл мәдениетін көтеру деген ұғымды білдіреді.
Тілде толып жатқан амал- тәсілдер бар. Солардың ішінен қарым-қатынас жасаудың мақсатына сай келетін аса қажеттісін талғап ала білу арқылы ой мен сезімді дәлме- дәл жеткізе білу шеберлігі – сөз мәдениетінің жоғарғы түрі болып табылады.
Тіл мамандары, ғалымдар тіл мәдениетіне қатысты мынадай ұғым, категориялар бар деп есептейді. Олар: сөздің жаттықтығы , жүйелілігі ,сөз байлығы т.б. Бұл сапарлардың мектеп оқушыларына қандай көлемде беруге болады деген мәселені қарастыруға болады.
Әдеби тіл нормасы - сөзді дұрыс қолданудың , грамматикалық амал- тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған ,тіл тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары. «Тіл мәдениеті» әдеби тіл нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болған мәлім. Тілдік норма - әдеби тіл туралы ұғымның ең негізгі элементі. Ал әдеби тілдің нормасы дегеніміз не? Бұл жайында түрлі зерттеулер әр түрлі пікір айтылып, әр түрлі анықтама беріліп жұрсе де, табиғаты күрделі бұл құбылыстың сыры толық ашыла қойған жоқ.
Бұл жағдай мектеп бағдарламалары мен оқулық, оқу құралдарына да әсер етеді. Атап айтқанда айтқан оқулық пен оқу құралындағы тілдік материалдар орфография, орфоэпия, тіл білімнің сапалары туралы оқуға берілген теориялық материалдарды әдеби тіл нормасы деп танытады. Мысалы, «Тіл ұстарту,тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту , дамыту жұмыстырында тілден алған теориялық материалды дұрыс пайдалану және қазақ тілінің орфоэпия, орфографиялық заңдылықтарын дұрыс меңгеріп қолдана білу.Әдеби тіл нормасында ауызша, жазбаша түрде ойын айтып , жаза білуге дағдылану»,- деген пікірлерінен байқауға болады. Бір жағынан бұл да дұрыс шешім. Өйткені қоғамдық қатынасқа енді-енді келе бастаған , әлі де болса сөз байлығы тапшы оқушыларға әдеби тіл нормасы дегеннің өзіннен ұғым беру күрделі де қиын жұмыстарының бірі болмақ. Ал қазіргі бағдарлама сөйлеуге жаттықтыру үшін арнаулы тіл мәдениеті деген бөлім ашты.Мысалы: «Тіл мәдениеті екі үлкен саланы - ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін қамтитындығын танытатын жұмыстарын жүргізу»,- деген талап қояды.
Бұл пікірлерге қарағанда , тіл мәдениеті екі бағытпен қараластырылады. Соның бірі- жазба тіл мәдениеті . Ауызекі сөйлеу тілі де, жазба әдеби тілі де бір- бірімен тығыз байланысты. Екеуі де жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасып дамиды. Белгілі тілдік нормаға сай жүйеленеді.
Тілде толып жатқан өзара мәндес, мағыналас сөздер бар. Бұл қасиет сөздерді реті келген орайда, белгілі бір мақсатқа сәйкес талғап, саралап дәл жұмсауға мүмкіндік береді.
Алайда мағыналас сөздер бір - біріне қаншама жақын, мәндес болғанымен, олардың бойындағы рең, жұмсалу өрісіндегі айырма стильдік қолданысқа да тәуелді. Сондықтан тіл мәдениетіндегі дәлдік тіл стильдеріне де байланысты болады.
Сөз дәлдігі- әдеби стильдердің бәріне бірдей сапа болып табылады. Дегенімен сөз дәлдігі туралы әңгіме болғанда бұлардың ішінде зерттеушілердің алдымен ауызға алатын ғылыми стилі мен іс- қағаздар стилі.
Сөз дәлдігі сөйлеу тіліне де қатысты.Мысалы, емтиханнан бес алды- емтиханнан үздік баға алды, емтиханнан құлап қалды – емтихан тапсыра алмады. Сөйлеу тілінде алғашқы сыңары қолдана береді, ал ресми стилінде екінші сыңары жиі қолданылады.
Тіл мәдениетінің ең бір түйінді мәселесі- сөздің әсерлігі . Тілді әсерлі етудің алуан тұрлі амал –тәсілдер бар. Тіл әсерлілігі сөз, сөйлем,қайырым, тарау, бөлім тіпті тұтас шығарманың өзіне де қатысты. Әсерлі сөйлеу мен жазудың тілге тікелей байланысты шақтары бар. Біріншіден, орфоэпиялық норманы сақтау , дауыс, интонация, әуезділік арқылы ойды тыңдаушы мен оқушыға әсерлі жеткізу мүмкіндігі. Мысалы, хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің өзіндік интонациясы, диалогтағы кейбір жеке сөздер , қаратпа,қыстырма, сөздерді т.б. дұрыс айту нормалары бұл қасиетті жасауға көмекші болады.
Екіншіден, ойды әсерлі жеткізудің әдістері сөйлем құрауға да байланысты. Мысалы, сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыру, бірыңғай мүшелерді пайдалану ,ұйқас т.б. пайдалану да әсерлікті күшейту әдістеріне жатады.
Үшіншіден, тілдегі бейнелегіш тәсілдер мен көркемдегіш тілдік құралдар түгелдей осы тілдің әсерлілігіне қызмет етеді.
Тұжырымдағанда, оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіру ана тіліміздің нормасындағы тілдің жаттықтығы, мәнерлілігі, тазалығы сияқты тіл сапаларын игеріп, қатенің не үшін қате екендігін үйрету бағытында жүргізіледі.
Тіл мәдениеті тек жеке сөздерді немесе сөз тіркестері мен сөйлемді ойына байланысты таңдап, қолдау ғана емес, жалпы өзінің айтайын деген ойын, пікірін жүйелі, мазмұнды айтып, не жазып бере білуін де қарастырады. Осы тұрғыда экспиремент жұмысында оқушылардың жазбаша жұмыстарын (мазмұндама, шығарма т.б.) бақылағанымызда оларда негізінен мынадай қателер жіберетіндігі байқалады. Атап айтқанда, сөзді дұрыс өз ойына орай қолдана алмай, лексикалық қателер, мәтіндік мазмұнды жүйелілігін сақтамай , логикалық қателер және жазбаша сауаттылығы жөнінде орфографиялық қателер жібереді.
Қорыта келгенде,оқушылардың тіл мәдениетін арттыру үшін олардың жазбаша сөйлеу әрекеті икемділігі мен дағдысын қалыптастырумен бірге, жоғарыдағы топтап көрсетілген олқылықтарды түзету және болдырмау жұмыстары жүргізіледі.
Тіл мәдениетіне баулу жұмысын үш бағытта: 1) сөздерді ойына байланысты қолдана білу 2)сөздерді байланыстырып, грамматикалық нормада сөйлем құрастыруға жаттықтыру мақсатында, 3) мәтінді қарым- қатынас жағдаятына байланысты жүйелі құрастыра білу мақсатында жүргізіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы .-Астана,2005
2.Қордабаев Т.Қазақ тіл білімінің мәселелері ,-Алматы: Рауан, 1991
3.Кеңесбаев І.Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер,Алматы,Ғылым
4.Балақаев М.,Томанов М.,Манасбаев Б. Жанпейісов Қазақ тілінің стилистикасы,- Алматы: Мектеп,1974-192 бет
5.Кожина М.Н. Стилистика русского языка .Москва: Просвещение, 1965-408 стр
6.Мырзатаева М. Оқушылардың жазба жұмыстарында болатын қателердің классификациясы,Қазақстан мектебі,-Алматы
7.С.Исаев .Қазақ әдеби тілінің тарихы, Алматы,1989
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тіл мəдениетін қалыптастыру икемділіктері мен дағдыларын дамыту жүйесі " мақала

шағым қалдыра аласыз