2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Тіл мен тарих тамырлас

Тіл мен тарих тамырлас

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Күні


Класы, жетекші


Сабақтың тақырыбы

«Тіл мен тарих тамырлас»

Мақсаты

Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер



Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Тарих және тіл тақырыбын меңгереді.

Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы;

Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?


Тіл – ұлттың ұлттық сипатын ерекшелейтіні белгілі. Тілі жоқ халықтың ұлты да жоқ болатыны дау тудырмайтын ақиқат. Қазіргі таңдағы қазақ қоғамындағы ұлттық бірліктің дамуын қамтамасыз ететін рухани байлық пен материалдық өндірісті бейнелейтін негізгі құрал – мемлекеттік тіл екенін сезіну тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша қарауымызды қажет етеді. Олай дейтін себебіміз мемлекеттік тілімізді бекемдей түсу жолында жауапкершілік пен тиянақты істер өте қажет. Ана тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Ел – жұртымыздың, туған жеріміздің ерекшелігін, қасиетін ана тіліміз арқылы қабылдап, соған деген махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.


Мұғаліммен амандасады.



Оқушылар тілдің тарихы жөнінде айтады

1.Тіл мерекесі қай күні аталып өтіледі?(22-қыркүйек) 2. Әдеби тіл түрлерін атаңыз?(ауызша-жазбаша) 3. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?(1992) 4. Тіл саясаты туралы тұжырымдаманы қай жылы қабылдады? (1996) 5. ҚР Тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды? (1992) 6. Тіл туралы Заң қанша баптан, қаншатараудан тұрады? (6-тарау, 27баптан) 7. Сүйемін туған тілді- анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. /Өлеңнің авторыкім? (С. Торайғыров.) 8. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес) 9.Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы туралы өлеңдерін ата және біршумағын айт? 10.Абайдың бес асыл ісін ата?

Негізгі бөлім

(15мин)



Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен. Олай болса, сендердің осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін! Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатына жетті. Тарих пен тіл тамырлас. Ана тіліміз бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіл халық тарихы, тіл ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Ана тілі – бұл атаңның тілі, анаңның тілі, туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп, құрметтеп үйрене бастаймыз. Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз ертегілері, шығарған өлең-жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құблыс атаулары, көрген-білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары ойы, сезімі бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.

Бабалардан қалған асыл сөз» деп аталады. оқушылар тіл туралы мақал – мәтелдер айтады. Мақал – мәтел Өнер алды – қызыл тіл Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады Ең ащы да, тәтті де – тіл

Тіл қаруы – сөз. Жеті жұрттың тілін біл Келесі мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жағалай – жағалай тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. (Тіл) Онан әрі қарай тіл туралы өлеңдердің авторын табу. Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда – ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін. (Сұлтанмахмұт Торайғыров) Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл. Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырзаәлиев) Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. (Әбділда Тәжібаев)




















Оқушылар тіл туралы мақалдарды айтады

Қорытынды

(10мин.)




Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар. Туған тілде әнім менен сәнім бар, Туған тілім- жүрек үнім наныңдар. Нанбасаң дар жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту біздің міндетіміз. Бүгінгі танымдық сағатымыздың соңын Ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен :

Тілің – халқың, халқың – тілің, Қос егіз! Екеуінің саясында өсеміз. Халық пен тіл – жасай берер қос емен, Саясында көгереді көсегең. Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз. Жасай бермек, жасайды сол қос – егіз!











Сау болыңыздар!


Ана тіліне, қазақтың ел болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан хан, билердің есімі тарихтан белгілі. Ақ пен қараның, шындық пен жалғанның, достық пен қастықтың ара – жігін ұстаған зерделі ақыл иелері, асыл сөздің шебері : Бұқар жырау, Аяз би, Жиренше шешендеріміз, Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміз «Тура биде тумажоқ» деп әділдігін айтқан, туған тілге деген тілектері бір емес пе еді?! Осы даналық сөздер, аңыз - әңгімелер, мақал – мәтелдер, ұрпақтан – ұрпаққа жетті. Бүгінгі жас ұрпақ, сендердің міндеттерің осы қасиетті сөздердің мән – мағынасын ұғыну, түсіну.





.



03 Желтоқсан 2023
1962
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі