Материалдар / Тіл-татулық тірегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл-татулық тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл – құрал. Тілді қайда бұрасаң, сонда кетеді. Оны дұрыс пайдалана біліп, тек жақсылыққа бұруымыз тиіс деп ойлаймын. Жақын туыстарға болсын, достарға немесе бір жерді мекен етіп келе жатқан ағайындарымызға жылы лебіз танытып, жақсы сөздерді айтуымыз керек. Айта кетуге тұрарлық, қазіргі жастар көбінесе сыпайы сөздерді пайдаланбаймыз, ата-анамызға, достарымызға дөрекі сөйлейміз. Осының нәтижесінде түрлі реніштер, ұрыс-керістер пайда болады. Меніңше, біз осы қасиетімізді қойып, тіршілікпен дұрыс, жылы тілдессек, ол да бізге солай жауап қайтарады. Тілімізге деген құрметімізді жоғалтпай, тілімізді дұрыс пайдалана білейік, себебі ол татулығымыздың тірегі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
519
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл – татулық тірегі.

Тіл – өте қасиетті ұғым. Қасиетті тіл – ол халықтың өткені , бүгінгі және болашағы. Тіл – адам бойына ана сүтімен дариды. Тіл қыштан да өткір. Тіл тас жармаса, бас жарады деген сөздер бекерге айтылмаған шығар. Тіл- кейде бізді көптеген жамандықтардан құтқаратын қамал, кейде жамандыққа жетелейтін дұшпан,кейде жақсылыққа апаратын шам. Тілді дұрыс пайдалана білген адам, бәріне де қол жеткізе алады. Тіл –достықтың , татулықтың алтын көпірі. Біз егеменді елміз, тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп келе жатырмыз. Ортақ шаңырақ аясында 140 тан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеміз. Дініміз де тіліміз де басқаша болғанына қарамастан, бір шаңырақ астында бір үйдің балаларындай татумыз. Әр біріміздің көптеген армандарымыз орындалып, біреуміз өз ана тілімізде білім алып, біреуіміз өз мамандығым бойынша еңбек етіп, ал ата-әжелеріміз сүйікті немере-шөберелерімен бірге бақытты өмір сүріп жатырмыз. Бұл әріне жылдар бойы еліміздің тыныштығын сақтаған Елбасымыздың еңбегінің жемісі. Елбасымыз ешкімді бөліп-жармай, бәрімізге бірдей бақытты өмір сүруімізге мүмкіндік жаратты. Қазақстанда ең басты, мемлекеттік тіл ол – қазақ тілі. Қазақ тілі- біздің татулығымыздың тірегі. «Қазақстан Республикасының әрбір азаматының мемлекеттік тілін білуі парызы» деп Елбасы айтқандай , еліміздегі әр ұлт өкілі мемлекеттік тілді білуі міндетті деп ойлаймын. Ынтымақ түбі-береке деп ата-бабамыз даналығын қалдырған. Қандайда ұрыс-керіс түсініспеушіліктен басталады, егерде біздің ортақ тіліміз болмаса, қалай бір-бірімізді түсінеміз?

Тіл –адамдар арасындағы қарым-қатынастың ең алдыңғы құралы.

Сол құралымыз арқылы біз тіршілікпен тілдесеміз. «Бір тіл білсең-бір адамсың, екі тіл білсең-екі адамсың» деп Абай атамыз айтқандай тілді білген ешқашан артықшылық етпейді. Менің ана тілім-ұйғыр тілі, бірақ өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді деп айтқандай, ана тілімнен басқа қазақ, орыс тілдерін жетік меңгеріп, ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Қазіргі қоғамымыздағы адамдардың көбі үш тілді жақсы біледі. Ағылшын тілі дүниежүзілік тіл, орыс тілі халықаралық тіл болса да, мен үшін қазақ тілінің мәртебесі жоғары.

Себебі, қазақ тілін Қазақстандағы бәріміз түсінеміз. Қазақ тілі арқылы достарды тауып жүрміз, осы тілмен білім алып келеміз. Осы тіл арқылы жүз қырықтан астам ұлт өкілдері бір-бірімізді түсінеміз. Түсінушілік барда достық бар, достық жүрген жерде татулықта болады. Жылы-жылы сөйлесең жылан да інінен шығады. Татулығымыздың ең басты тірегі осы тіл, деп ойлаймын. Тіл тек қана үлкен мемлекетте емес отбасында, жұмыс орындарында тағы басқа қоғамдық орындарында басты рөл атқарады. Қазақстанда тұрып жатқан соң, біз барлығымыз қазақ тілін жақсы білуіміз керек. Өйткені шет елден қонақтар келсе, біздің елді, біздің мәдениетті тануы әрине тіл арқылы болады. Олар өздері тұрып жатқан елде қазақ тілін үйреніп келуі әбден мүмкін. Ал, шет елдің адамдары біздің мемлекеттік тілді жақсы біліп жатса, ал біз басқа тілдерде сөйлеп жатсақ, бұл ыңғайсыз жағдай туғызуы әбден мүмкін.

Тіл – татулық тірегі деген тіркестің, ұғымның мағынасын ашарда мен дәл осындай жәйттерді ойладым. Мысалы, біз өзіміз саяхатқа шығып, өзге елде жүрсек, кездейсоқ қазақ тілінде сөйлеп жатқан адамды кездестірсек қаншама қаншама кетуіміз сөзбен жеткізгісіз. Ал біз, өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, сол тілде өз ойымызды жеткізе білсек, сауатты жаза алатын болсақ, қазақ ұлты тек мақтаныш пен сүйіспеншілік тануы даусыз. Мысалы, менің қазақ достарым бар, олармен қазақ тілінде араласамын. Кейде кім қандай ұлт екенін де ұмытып кетеміз. Менің тіл білгенім – әрине, татулық тірегі. Мүмкін, тіл білмегеннің өзіде де біз дос болуымыз мүмкін, алайда көптеген нәрселер басқаша болады арамызда.

Еркін әңгімелесу деген тіпті жоқ болады. Мысалы, ұзақ жылдар бойы көршілес болып келген адамдар түсінбеушіліктің арқасында ұрысып қалды делік. Оларға бүкіл ренішті ұмытып қайтадан бұрыңғыдай араласып кетуіне араларындағы бір адамның бірінші болып жылы лебіз танытуы, кешірім сұрауы болады. Кез келген кикілжіңді жылы сөзбен басуға блады. Жақсы сөз- жарым ырыс демекші , тіл арқылы жүректен шыққан шын сөз арқылы дауға айналысып бара жатқан реніштерді татулыққа айналдыру мүмкін.

Тіл – құрал. Тілді қайда бұрасаң, сонда кетеді. Оны дұрыс пайдалана біліп, тек жақсылыққа бұруымыз тиіс деп ойлаймын. Жақын туыстарға болсын, достарға немесе бір жерді мекен етіп келе жатқан ағайындарымызға жылы лебіз танытып, жақсы сөздерді айтуымыз керек. Айта кетуге тұрарлық, қазіргі жастар көбінесе сыпайы сөздерді пайдаланбаймыз, ата-анамызға, достарымызға дөрекі сөйлейміз. Осының нәтижесінде түрлі реніштер, ұрыс-керістер пайда болады. Меніңше, біз осы қасиетімізді қойып, тіршілікпен дұрыс, жылы тілдессек, ол да бізге солай жауап қайтарады. Тілімізге деген құрметімізді жоғалтпай, тілімізді дұрыс пайдалана білейік, себебі ол татулығымыздың тірегі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!