Тіл-татулық тірегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл-татулық тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты, орта және жоғарғы буын оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл-татулық тірегі»

Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, 
көркемдігін сезініп, сөздің адам өміріндегі маңызын ұғуға 
                                                үйрету.

        - Оқушылардың назарын аудару.Кең байтақ қазақ жерінде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Соған қарамастан қазақ жерінде барша халық бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруде.Жер бетінде қанша халық болса сонша тіл бар екені де белгілі,дегенмен береке-бірліктің,бір-біріне деген сүйіспеншіліктің,бір-бірінің тілін құрметтеудің арқасында еліміз тыныш өмір кешуде.

Ойын: «Амандасу» Әр ұлттардың амандасуы

 ІII. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
         Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.
    Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.

IV.«Тілі байдың – ойы бай» зияткерлік ойыны:

1 - кезең. «Мақал – сөздің мәйегі»
Берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру.
1. Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3. Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4. Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті, баланың тілі тәтті)
5.
Қаржанама?
(Қалауынтапса, қаржанады)
6. Не оттан да ыстық?
(Отаноттан да ыстық)
7. Тауықтүскөреме?
(Тауықтыңтүсіне тары кіреді)
8. Шашу мен жинаудыңқайсысыоңай?
(Шашуоңай, жинауқиын)
9. Білгеніңқанша, білмегеніңқанша?
(Білгеніңбіртоғыз, білмегеніңтоқсантоғыз)
10. Адамныңқаймүшесіқорқақ, қаймүшесі батыр?
(Көзқорқақ, қол батыр)
11. Отқатүсіпкүймеуге бола ма?
(Отанүшінотқатүс, күймейсің)
12. Ер қаруынеше?
(Ер қаруы бес қару)

7-оқушы: Тілтазалығыдегеніміз- анатілдіңсөзінбасқатілдіңсөзіменшұбарламау.
2-кезең.  «Кім шапшаң?». 

 Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады

1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
       8-оқушы: Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін,
                          Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін, - депті Абай атамыз.
       9-оқушы: Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.
                          Сөз өнері-киелі өнер.
       10-оқушы: Өнер алды- қызыл тіл.
                          Әдептің басы- тіл.
3. «Ойлан, тап!»
     Берілген сөздерден мақал құрастыру.
   ( ата, гүл, бала, жақсы,  еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,  ана).
V.Қорытынды:
      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
       Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
       Оқушылар хормен: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
                                            Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
                                            Өссе тілім мен де бірге өсемін,
                                            Өшсе тілім мен де бірге өшемін-деп бүгінгі «Тіл татулық тірегі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

















































«Шал ақын ауданының Жалтыр негізгі мектебі»КММ

















«Тіл-татулықтірегі»



























Бастауыш сынып мұғалімі:Г.Т.Оспанова

1-4 сыныптар

2016-2017 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.06.2018
1296
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі