Тіл тазалығы бәрінен қымбат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл тазалығы бәрінен қымбат

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тіл тазалығы бәрінен қымбат

Мақсаты:

Оқушыларға ана тіліміздің қасиетін сезіне білетін, ұлттық тіліміздің өркендеуіне, ана тілімізді сүюге, ұлт бірлігін нығайтуға өз үлесін қосатын,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі:тілге қатысты даналық сөздер, мақал-мәтелдер.

«...Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды.Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өлкен сайын көбейіп келеді..., Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады!Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»

Елбасының Қазақстан халқына

Жолдауынан

«Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ». (Ғабит Мүсірепов)

«Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды».

(Мұхтар Әуезов)

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы. (Мұхтар Шаханов)

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту деген сөз». (Бауыржан Момышұлы)

«Ұлттың тілі кеми бастауы, оның құри бастағанын көрсетеді».

(Мағжан Жұмабаев)

Мұғалім сөзі:

Тіл –әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы.Оны әр уақытта аялап, шұбарламай , кейінгіге жеткізу-біздің борышымыз.Халел Досмұхамедұлы : «Тіл ұлттың жаны. Өз тілін білмеген ел –ел болмайды.Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші.Тілінен айырылған жұрт-жойыған жұрт.», -деп керемет айтқан.Тіл жолындағы күрес-киелі күрес.Тілді қару еткен адамның ары да, жаны да таза болар еді.

Оқушы:Тіл тазалығына,сөйлеу мәнеріне халқымыз ерекше мән берген.Ана тіліміз бірнеше ғасырды басынан өткеріп, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.Бүгінгі күні қоғамдағы өзекті мәселе тіл тазалығын сақтау.Сөздерді тиімді пайдалану, анық, әдеби тілде сөйлеу-біздің басты міндетіміз.

Оқушы: Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, көптен күткен арманымыз ана тіліміз мемлекеттік мәртебесін алды.Еліміздің Ата Заңы Конституцияның 7-бабында ҚР мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген.

  • 1989 жылы 22 қыркүйек – «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Заң » қабылданды.

  • Қазақ тілі мемлекеттік тіл.

  • Орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды.

  • 1997жылдың 11-шілдесінде ҚР Парламенті «Тіл туралы» жаңа заң қабылдады.Онда мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу керектігі айтылған.

  • 1998 жылдың 20-қаңтарындағы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 22-кықкүйек- «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді.

Мұғалім сөзі:

Елімізде мемлекеттік тіл саясаты төрт бағытта дамып келеді:

-мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;

-орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;

-Қазақстан халқының басқа да тілдерін сақтауға мемлекеттік қолдау көрсету;

- ағылшын тілін және басқа да шет тілдерін оқып үйрену.

Тілге қатысты мақал-мәтелдер айту.

«Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық»

«Өнер алды-қызыл тіл»

«Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді»

«Тіл-адам ойының айнасы»

Қорытынды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
739
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі