Тіл тірегім-соғып тұрған жүрегім!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл тірегім-соғып тұрған жүрегім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мерекесіне арналған сенарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кештің мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу. Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер.  1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Ана тілім, Жүрегісің анамның. Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз мынау керегі не ғаламның! Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпеп тілдесем.  2-жүргізуші: Бүгін сіздермен «22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер» мерекесі күніне және «Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің» апталық ашылуына орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. 1-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. 2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Осы кезде кешке қатысушылар «Елім менің» әнін орындайды. 1-жүргізуші:  Тіл деген – алып мұхит түбі терең, Піспегі толқын шашқан күбі ерен. Қадірін тілдің сұра сақаулардан, Көзіне жас алып бір күбірлеген. Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы, Арманның қиял жетпес баспалдағы. Қадірін тілдің сұра мылқаулардан, Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы. Тіл деген – адастырмас темірқазық, Өрісі магнитінің өмірге азық. Қадірін тілдің сұра кереңдерден, Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып. Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар! 2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік! 6 «В»оқушыларын қарсы алыңыздар! 1-жүргізуші: « » әнін қабыл алыңыздар! 

Орындайтын






1– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін, Қажеті не басқаның өлшемінің? Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын, Енді міне жетеді көпке үнім.
2-жүргізуші: Ана! - десем ана тілі ойға оралар.  Баладай қуанарсың тойға барар.  Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл  Олжам да қанжығама байлап алар.  Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең,  Неше миллион інжу-маржан шамамен?!  Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы,  Қандай дана өлшер қандай бағамен?!  Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім:  Еркежан, айналайын, күнім менің,  Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым,  Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! . Ән: «Анамның тілі» Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев 1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер.

1-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен. Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген. Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген. Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.

1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет! Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады. Қызықты мақалалар: 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні Тіл туралы өлеңдер Тіл туралы нақыл сөздер Тіл туралы қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымды ойлары Тіл мерекесіне арналған сценарий (жалғасы) Президент Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойды Тіл – ең асыл құндылық Тілдер күні құтты болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.00.2019
2806
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі