№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық –педагогтік колледжінің «Тіл дамыту теориясы және әдістемесі» пәнінің оқытушысы
Смагулова Салтанат Қалибековна
Тақырыбы: «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!»
Мақсаты:
Тіл тазалығын сақтау,мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді студенттердің бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, ұлы ақын-жазушыларымыздың тіл туралы жырлаған өлеңдерінен үзінділер оқу арқылы студент дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. Ұлтшыл емес, ұлттық сана-сезімі мол, Отанын, өз Ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу.Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.Туған тілді төмендетпейік, тілім тірі тұрса, түндігіміз түрулі, туымыз тік, табиғатым таза, туар таңым да тамаша!

Смагулова С.Қ.
Менің ана тілім - шексіз бай,
шырайлы, мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын
түсіне білуіме басты себепкер - ана тілім! Мынау жарық дүниеге
келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім
мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана
тілімді:
Сүйемін туған тілді - анам
тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.
Анатілім-ата-бабамызданмирасболыпкележатқанбағажетпесмұра.
Демекәрадаманатілінкөзініңқарашығындайқорғауға,
оныңтазалығынсақтауғатиіс. Амал не, туғантіліміздішұбарлап,
басқатілдіңсөздеріменараластырыпсөйлейтіндердіжиікөремін. Ана тілі
- ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл
тұнығын майлау. Ең жақсы адам - ана тілін құрметтеген адам. Бұл
сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені
адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді Елбасының «Мәңгілік
ел» идеясы барша жастарымызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге
жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс.Олай болса, Елбасы салған сара
жолдан таймайық, елдігімізбен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін,
көк туымыз желбіреп, айбынымыз асқақтай
берсін! Ана тілдің терең иірімдеріне
бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші
парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу
деген сөз.

Ғабдиев Ж.Н. Рафу Қайырбеков
Ана тілі
Мейлі шарлап, теңіз өттім, тау бастым,
Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым.
Сондадағы сен қалмассың көкейден,
Сондадағы сені ұмыта алмаспын.
Бар қазақтың орман, көлі, өзені
Тау қиясы жалпақ жазық кезеңі
Сайрап сөйлеп тұрған жоқпа қазақша
Қалай тозар сендік асыл сөз енді
Сенде емеспе, солардың бар ажары
Орман үні, бұлағның таза әні
Гүл бәйшешек, көгорайдың жұпары
Жақсы қыс, жомарт көктем, жаз айы
Ана тілім- күшім менің қуатым
Жырым сендік жүрегімнен туатын
Тауысарма ырысыңды, қорыңды
Тізерлесіп, қатар жазса мың ақын
1-жүргізуші:

Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлділді.
Қазақ деген елімнің
2-жүргізуші:
Ана тілдің құдіретін айтсақ та
түсіну мүмкін емес...Біле білгенде адамдағы ұлттық мақтаныштың
ұшқындары жүрекке тіл арқылы ұялайды,өмір бойы адамға ең тамаша
эсстетикалық ләззат беретін де Ана
тілің!

1-жүргізуші:
Иә,өте орынды айтылған.Сонымен қатар Қазақ тілі өткірлігімен бой балқытып,тамыр шымырлатып жан дүниеңді жандырып,құлақ құрышыңды қандырып,ұғымына қонымды,жүрегіңе тиімді тіл.керек кезінде көмейіне құм құйып,аузын аштырмай үнін шығармай,қоятын ғажап тіл.
2-жүргізуші:
Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста, мұңды көңіл түндігін,
Тіл туралы Заңым енді күшіне
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады
Ел елдігі сыналады тілімен.
Сол арқылы жайқалады гүл бағы-дей отыра
«Тіл- тірегіміз, соғыптұрған жүрегіміз!» атты кешіміз ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші:
-Халқымыздың тарихында елі үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгерлері, ойшылдары, қайраткерлері аз болмаған. Солардың ең бастылары: от айызды, орақ тілді, ақылы асып туған билер – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп арашаға келген осынау сұңғыла жандардың атқарған қызметі ұшан-теңіз.Ендеше,құрметті қонақтар,сол билеріміздің ортаға шақырайық. (Ұлттық үлгіде киінген үш би кіреді)
-Армысыздар,халайық!
1-жүргізуші:
Қош келдіңіз,бабалар!
Үш кемеңгер дүл-дүлім
Сақтаған ел бірлігін
Қалың елім пір тұтар,
Қасиетті үш бабам тілім туралы не айтар?
Төле би(Жұмағали Мөлдір):
Әрбір тілде сөйле таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер бабаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.
Қазыбек би(Жамбылова Гүлназ):
Жетер енді әркімге ермейік,
Қазақ болсын құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін халқым-ау
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.!
2-жүргізуші:
Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып,қадірлеп өткен.Ол-ел,жер және тіл.Ана тілі-әр халықтың төл белгісі.Адам білімді,тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады,мәдениетті,өнерді,салт-дәстүрімізді,ғылымды тіл арқылы үйренеді.Оның құдіреті,қасиеті туралы ақын толғаулары өте көп. Мысалы Аян Нысаналин ағамыз:
Ана тілі деп атаудың себебі-
Анасындай қастерлесін дегені.
Өз анасын сыйлайтұғын әр адам
Өз тілін де құрмет тұтып келеді,-дейді
1-жүргізуші:
«Қазақ тілі-рухани байлағымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды.Қазақ елінде,қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс.Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес,Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс.Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз,дәріптеуіміз,насихаттауымыз керек.
2-жүргізуші:
1989жылы қазан айында республикалық Жоғарғы Кеңес қабылдаған Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Қазақстан Республикасының «Тіл туалы» Заңы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезектен иыс он төртінші сессиясында 1989 жылы 22-қыркүйекте қабылданды.Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі.Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Тіл байлығы-әрбір елдің мақтанышы.Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес асыл мұра.
Әйтеке би (Диана Жұмаділ)
Қазақ,қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені.
Көргені көп тілімнің,
Мүмкін емес өлмегі.
Төле би:
-Қош балалар,бүгінгі тіл мерекесіне орай өлең-жырларыңдытыңдай отырайық.

Жұмаділ Диана:
Қазақ тілі-қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі-қазақтың дара тілі.
Кейбіреулер түсінбек қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды.
Орыс тілі сіңген ғой санамызға,
Неге олар тілім деп қуанбайды?!
Шынымен-ақ басқа болып барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Қасиетті қазақ тіл-бабам тілі,
Ол тарих,сенің,менің абыройым!
Жамбылова Гүлназ:
Ақыл-ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Өсірген ой-білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуге.
Елекбаева Айғаным:
Мейлә шарлап теңіз өттім,тау бастым.
Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым,
Сонда-дағы сен қалмассың көкейден.
Сонда-дағы сен ұмытпа алмаспын.
Бар қазақтың орман,көлі,өзені
Тау қиясы,жалпақ жазың,кезеңі.
Сайрап сөйлеп тұрған жоқ па қазақша!
Қалай тозар сендік асыл сөз енді.
Сенде емес пе солардың бар ажары,
Орман үні бұлағының таза әні,
Гүл,бәйшешешек,көкорайдың жұпары,
Жақсы қысы,жомарт көктем,жаз айы,
Ана тілім күнім менің,қуатым.
Жырым сендік жүрегіммен туатын,
Тауысар ма ырысыңды қорыңды.
Тізелесіп қатар жазса мың ақыл!.

2-жүргізуші:
Ана тілі адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп,түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын,халық тарихының барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
1-жүргізуші:
Әлеуметтік желі дерт пе әлде қажеттілік пе?Қазіргі қоғамда,әсіресе,жастар арасында өршіп тұрған дерттің бірі әлеуметтік желі екені белгілі. «Уақыттың бос өткені-өмірдің бос кеткені» деп келген қазақ қазірде экранға телмірумен өмірін өткізіп жатқаны жасырын емес.
2-жүргізуші:
Иә,сенімен толықтай келісемін.Тек уақыт емес,сонымен қатар тіліміз де құрып бара жатқан сияқты.Олай болса, қазір көрермендерге осы әлеуметтік желі туралы сұрақтар қойсақ!
1(конверт)сұрақ: Whatsapp-та қазақша әріптермен тересіз бе?
2(конверт) сұрақ:
3(конверт) сұрақ:
4(конверт) сұрақ:
5(конверт) сұрақ:
1-жүргізуші:
Рахмет!Әр адам белгілі бір істі немесе мәселені шешу барысында әрине Ақыл арқылы шешіп,Жүрек арқылы қабылдап,ал сол істі бастап,жеңу үшін Қайрат керек.
2-жүргізуші: Абай атамыздың Қара сөздерінің ішіндегі 17 қара сөзге тоқталсақ!
Көрініс
(Егенова Гүлзина,Қырғызбаева Баян,Сағат Айгерім)
Қайрат,Ақыл,Жүрек үшеуі өнерлерін айтысып,таласып келіп,ғылымға жүгініпті.
Қайрат: -Ей ғылым,өзің де білесің ғой,дүниеде ешнәрсе менсіз,кәмлетке жетпей тұғын.Әуеліөзіңді білуге ерінбей жалықпай орнына келтірмек те менің ісім.Лайықты өнер,мал тауып,абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды.Орынсыз,болымсыз нәрсеге үйір болмай,бойды таза сақтайтұғын,күнәкірліктен,көрсе қызар жеңілдіктен,нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын,адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емеспе? Осы екеуі маған қалай таласады?»
Ақыл:-Не дүниеге не ахиретке не пайдалы болса,не залалды болса,білетұғын ол Мен,сенің сөзіңді ұғатұғын Мен,менсіз пайданы іздей алмайды екен.Залалдан қаша алмайды екен.Ғылымды үйреніп алмайды екен.Екеуі маған қалай таласады.Менсіз өздері неге жарайды?
Жүрек:-Мен Адам денесінің Патшасымын.Қан менен тарайды,жан менде мекен қылады,менсіз тірлік жоқ.Жылы төсек,тамағы тоқ,жатқан кісіге төсексіз кедейдің,тоңып жүрген киімсіздің тамақсыз қандай болып жатыр екен деп,ойлатып,жан ашытып,ұйқысын арылтып,төсекте дөңбешіп қоймайтын –МЕН. Ұят сақтап,кішіге рақым қылдырып, ол мен бірақ мені таза сақтай алмайды,ақырында қор болады.Таза болсам,адам баласын алалмаймын,жақсылыққа елжіреп кететін, ол мен.Әділет,нысап,ұят,рақым,мейірбандық дейтұғын,бәрі менен,менсіз осылардың күні не?Осылар неге екеуі маған таласады?
Ғылым айтыпты:
-Қайрат сенің айтқандарыңның бәрі рас,көп өнерлеріңнің бәрі рас,сенсіз ештеңе болмайтұғыны да рас,қаруңа қаттылығыңа да мол.Кейде жақсылық пен жамандықты берік ұстап кетесің соның жаман.
Ей,Ақыл айтқандарыңның бәрі рас,сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас,екі дүниенің жайын да сен білсең,амал да,айла да сенен шығады.Сенің қырың көп,Жүрек сенің қырыңа жүрмейді.Жақсылық құмар болады айтқаныңа, көнбек түгіл қуанады.
Жаманшылық айтқаныңа ермейді.Жиреніп,үйден қуып шығарады.Қайрат сенің қаруың көп,күшің мол,сені де еркіңе жібермейді.Орынды іске күшіңді аятпайды және де қолыңды босатпайды.Үшеуің басыңды қос,бәрін Жүрекке билет,деп ұқтырып айтушының аты Ғылым екен.Үшеуің бірдей табылсаңдар,топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам –сол.Үшеуің ала болсаң,мен жүректі жақтадым.Құдайшылық сонда,құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы,-депті.

(Жұмахмет Әлия өз шығармашылығынан өлең оқиды)
1-жүргізуші:
Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп,сауатты сөйлеп,сауатты жазып,тіл байлығын мол қолданбайынша,шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды.
2-жүргізуші:
Сондықтан да әрқашан өз тілімізді,ана тілімізді,қазақ тілін құрметтеп,ардақтап әрбір сөз мағынасына тереңірек үңіліп,сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.
1-жүргізуші:
Ортаға әсем әнімен Түзелбай Нұржамалды шақырамыз!

2-жүргізуші:
Қорытынды: Орыс тілін түсінемін білемін
Шет тілінде жаттап оқып жүремін
Ата бабам қастерлеген жанындай
Ана тілім- менің нағыз жүрегім- дей келе
оқып, бір- бірімізбен қазақша сөйлесейік. Қазақ тілінің дамуына үлкен еңбек сіңіріп жүрген кісілердің еңбектері жемісті бола берсін. Бізде ана тілімізді сыйлап, таза сөйлеп қазақ тілін бүкіл әлемге таныту және мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге өз үлесімізді қосайық. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Сонымен бүгінгі «Тіл тірегіміз-соғып тұрған жүрегіміз»-атты кешімізді аяқтаймыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ
Тақырыбы: «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!»
Топ: 11 м
Оқытушы: Смагулова С.Қ.
Алматы 2017 ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!»

шағым қалдыра аласыз