400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тіл туралы толғаныс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі жайлы мақала, қазақ тіліміздің құдіреті жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл – адам болмысының айнасы


Тіл - адамның барлық саналы әрекетінің құралы, оның өнерлі, білімді, мәдениетті болып қалыптасуына тіл маңызды рөл атқарады. Қазіргі жаңа қоғам білікті, іскер, мәдениетті адамдардың қалыптасуына мүдделі болып отыр. « Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл», - дегендей қазіргі заман жастары қанша елдің тілін, білімін білсе де, оның барлығы ана тілімізден басталатынын барлығымыз да білеміз. Біздің қазақ тіліміз көркем әрі бай тілдердің бірі болып келеді.

Тіл дегеннің өзі - ұлы нәрсе. Оның ұлылығы мынада, тілмен адамдарды біріктіруге болады, тілмен оларды алшақтатуға да болады.

Тіл- ұлттың жан дүниесі. Қазақ жұрты - жаратылысынан шешендік

өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қанатты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Ол туралы көрнекті орыс ғалымы В.В.Радловтың жазғанын айтып өтейін, «Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде сөйлеген сөздері ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең деп таң қаласың» - деген екен. Сонда шешен сөйлеу қазақтың қанына сіңген өнер деп те, айтуға болады. Шешендігінің үстіне қазақ халқы - ақын халық. Түйеге мінгеннің төрт ауыз, атқа мінгеннің алты ауыз өлеңі бар демекші, кезінде Қожаберген жырау да қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін мынадай өлең жолымен айтып өткен:

« Асан Қайғы, Жиренше

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Жәнібек пен Қойлыбай

Сыйлап өткен ғажап тіл...

Осы тілді жек көрген

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен

Баба тілі асыл дүр»,- дегендей бұл өлеңде ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту, оны талғампаздықпен жұмсау, егер ана тілін білмесең дүниеден құр қаласың деп, шындықты айтады. Шешендік нақылдар мен толғаулар – ділмар ата-бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, қасиетті ата-бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиеті. Демек, біздің мұндай асыл мұрамызды керексіз қылуға бола ма? Олай болса ана тіліміздегі шешендік өнерді үйренуге талаптану, әркімнің тілегіне, рухани қажеттілігіне байланысты.


Шегирова Жадыра Батырбекқызы

Көкшетау қаласы

С. Жүнісов атындағы

№18 МЛ педагог-психологы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
12
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі