жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тіл туралы" Заңның орындалуы
«Тіл туралы Заңның» орындалуы туралы есеп
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.
Қазақстан Республикасы орта, арнаулы орта және жоғары білімді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал қажетіне қарай және мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуды қамтамасыз етеді.
Мектептегі мәдени шаралар мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі. Тілді дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі талабы білім сапасын арттыру болып табылады. Ал білім сапасын көтеру-оқушының білімін жоғары деңгейге көтеру осы мақсаттарды алға қоя отырып, жаңа технологиялардың қолданылуын, тәжірибе алмасу, тіл мамандарының күнделікті жұмыстары болып табылады. Мектептің жұмыс жоспарында тіл мәртебесін көтеру саласында көптеген іс-шаралар жоспарланған.
Мектеп құжаттарының жүргізілуі(екі тілде):
1. Мектепішілік жұмыс жоспары.
2. Бұйрық кітабы.
3. Педагогикалық кеңес хаттамасы.
4. Әдістемелік кеңес хаттамасы.
5. Директор жанындағы кеңес хаттамасы.
Жыл сайын қыркүйек айында мектебімізде тіл мерекесіне орай онкүндік өтеді. Онкүндікте түрлі іс-шаралар жоспарланады. Атап айтсақ, шығармалар сайысы, мәнерлеп оқу сайысы, көрмелер сайысы, мақала жазу сайысы, Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған салтанатты жиындар өткізіледі. 2018-2019 оқу жылында онкүндік аясында төмендегідей іс шаралар өткізілді.
«Тілдің-мерейі-елдің мерейі» демекші оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу негізінде 7,8 сынып оқушылары арасында тіл туралы сайыс өтті. Сайыста оқушылар «Тіл туралы» Заң қашан қабылданғаны және «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» екендігі туралы айтты. С.Мәуленовтың, Ғ.Мүсіреповтың өлеңдерін оқыды. 7 сынып оқушылары мақал-мәтелдер мен өлеңдер жатқа айтты. 8 сынып оқушысы Егель Валерия, Швабауэр Виолетта, Дүкенбай Әліби тіл туралы өз білімдерін тамашалатты. Оқушылар мадақтама грамоталарымен марапатталды. 6 сынып оқушылары арасында «Бабамның тілі-ұрпағына аманат» мәнерлеп оқу конкурсы өтті. Байқауда оқушылар Абай Құнанбаев, Махамбет Өтемісұлы, Мағжан Жұмабаев өлеңдерін жатқа айтты. Байқау қызықты өтті. Оқушылар жүлделі орындарға ие болып мадақтама грамоталарымен марапатталды. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Әнші балапан» ән байқауы өтті. Қатысуға ниет білдірген барлық оқушылар қатысты. Сонымен қатар байқауға оқушылардығ ата-аналары да келіп, өз балаларына қолдау көрсетті. Байқауда әділқазы алқасына ән-күй мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі және ата-ана отырып, біздің әншілерді әділ бағалады. Марапаттау рәсімі 18 қыркүйек онкүндіктің жабылу салтанатында өтеді. Дене шынықтыру мұғалімі Ивашура А.А. және Яковлев С.С. оқушылар арасында ұлттық ойындар сайысын өткізді. Сайыс өте қызықты өтті. 11 қыркүйекте Тілдер күні майрамына қатысты сынып сағаты өтті, сейсенбі күні барлық оқушылар қазақ тілінде сөйлеуге тырысты.



Сонымен қатар мектеп оқушылары аудандық іс щараларға, байқауларға да қатысты. Рассохина Наталья эссе байқауына қатысып 3 орын, Дүкенбай Әліби шығармалар байқауына қатысып 1 орын алды. Ауыл тұрғындары Аудандық тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Армысың әз Наурыз» байқауына қатысып 2 орын алды. Тағы оқушылар Жарқын болашақ, Тіл парасаты, Зерде ғылыми жұмыстар байқауына қатысты.
ӘБ жетекшісі Досмуханова А.Р.
ақалалар байқауы болды. Оқушылар мақала жазу барысында тілге деген өз ой түйгендерін қағаз бетіне түсіріп нақты да, дәл жеткізе білді. Жақсы жазған оқушылар мақтау қағазын иеленді. Атап айтсақ, Жақан Диана 7 «А» сынып оқушысы-1орын, Әуез Нүргүл 7 «А» сынып оқушысы-1 орын, Рахат Ғалия 5 «А» сынып оқушысы-2 орын, Қабиденова Мәдина 5 «А» сынып оқушысы-2 орынға ие болды.
«Ұлтым басқа-тілім қазақ» атты тақырыбында мақала байқауы ұйымдастырылды. Мақаланы жақсы жазған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Быстрова Алена 7 «Б» сынып оқушысы-1 орын, Потрух Анастасия 7 «Б» сынып оқушысы-1 орын, Бейль Кристина 7 «Б» сынып оқушысы-2 орынға ие болды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруларымен, «Достықтың терең тамыры» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, тілдің қадір-қасиетін бойларына сіңіру.
5-10 сыныптар арасында, Нарыбаева Ш.Ж. және Жалилова Н.В. ұйымдастыруларымен, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты тақырыпта, тіл мерекесіне арналған көркем сөз шеберлерінің байқауы өткізілді. Байқауға қазақ және орыс сынып оқушылары да атсалысып, өз шеберліктерін көрсетті. Өлеңді мәнерлеп оқып, жақсы айтқан оқушыларға мақтау қағаздары берілді. 6 «А», сыныбы-1 орын, 5 «А» сыныбы-2 орын, 8 «Б» сыныбы-3 орынды иеленді.
Сурет пәнінің мұғалімі Уәлиев Ә.Қ. ұйымдастыруымен, «Бір шаңырақ астында» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар суретті өте айшықты және көркем сала білген. Қазақстанда барлық ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұратындығы суретте анық салынған. Жақсы сурет салған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
Мектепте өткізілетін барлық іс-шаралар баспасөз беттеріне үнемі жарияланып отырады. Арнайы газет беттеріне жарияланатын, мақалалар жинағы бар.
Қазақ тілінің қазақ сыныптарында оқытылу жағдайы
Қазақ сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 1 мұғалім сабақ береді.
Нұрмағамбетова Ақбаян Мейрамханқызы – қазақ сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-10 «А» сыныптар аралығы бойынша сабақ береді. Білімі-жоғары. Санаты-бірінші. Жұмыс өтілі-9 жыл. Әдістемелік жұмыс тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу». Сабақта сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданады. Биылғы 2012-2013 оқу жылында «Ел қорғауға әзірміз» атты аудандық байқауға, 6 «А» сынып оқушысы Қапанов Елнұр қатысып, «Өнерлі өркен» атты номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар аудандық өткізілген «Жарқын болашақ-2013» олимпиадасының «Жазушылар» бөлімінде, 10 «А» сынып оқушысы Зейнолла Оразхан қатысып, 3 орынға ие болды. Аудандық өткізілген 3-6 сыныптар аралығында ғылыми жоба конференциясында, «Шешендік сөздердің мәні» атты тақырыпта, 6 «А» сынып оқушысы Қапанов Елнұр қатысып, 1 орынды иеленді.
II жартыжылдық бойынша оқу үлгерімі мен сапасы:
Қазақ тілі
5-а сыныбында 7 оқушы сапасы-71% үлгерімі-100%
6-а сыныбында 5 оқушы сапасы-100% үлгерімі-100%
7-а сыныбында 4 оқушы сапасы-75% үлгерімі-100%
8-а сыныбында 3 оқушы сапасы-100% үлгерімі-100%
10-а сыныбында 5 оқушы сапасы-80% үлгерімі-100%
Қазақ әдебиеті
5-а сыныбында 7 оқушы сапасы-85% үлгерімі-100%
6-а сыныбында 5 оқушы сапасы-100% үлгерімі-100%
7-а сыныбында 4 оқушы сапасы-75% үлгерімі-100%
8-а сыныбында 3 оқушы сапасы-100% үлгерімі-100%
10-а сыныбында 5 оқушы сапасы-80% үлгерімі-100%
Қазақ тілінің орыс сыныптарында оқытылу жағдайы
Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 3 мұғалім сабақ береді. Оның екеуі -жоғары білімді, біреуі-арнаулы орта.
Шәкір Айнагүл Бақытжанқызы– орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінен 1-4 «Б» бастауыш сыныптарында сабақ береді. Білімі-жоғары. Санаты-бірінші. Жұмыс өтілі- 12 жыл. Әдістемелік жұмыс тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөздік қорларын дамыту» тақырыбымен жұмыс атқарады. Сын тұрғысынан ойлау технолгиясының элементтерін сабақта үнемі қолданып отырады. 2012-2013 оқу жылында аудандық өткізілген бастауыш сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінен олимпиада байқауына, 4 «Б» сынып оқушысы Приймакова Елена қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды.
II жартыжылдық бойынша оқу үлгерімі мен сапасы:
Қазақ тілі
1-б сыныбында 7 оқушы сапасы-87% үлгерімі-100%
2-б сыныбында 6 оқушы сапасы-83% үлгерімі-100%
3-б сыныбында 5 оқушы сапасы-60% үлгерімі-100%
4-б сыныбында 6 оқушы сапасы-67% үлгерімі-100%
Зейникенова Зәуреш Сүлейменқызы – орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-7 «Б» сыныптар аралығы бойынша сабақ береді. Білімі-арнаулы орта. Санаты-екінші, Жұмыс өтілі-15 жыл. Әдістемелік жұмыс тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеиті сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту». Сабақта сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданады.
II жартыжылдық бойынша оқу үлгерімі мен сапасы:
Қазақ тілі
5-б сыныбында 6 оқушы сапасы-55% үлгерімі-100%
6-б сыныбында 6 оқушы сапасы-83% үлгерімі-100%
7-б сыныбында 7 оқушы сапасы-71% үлгерімі-100%
Қазақ әдебиеті
5-б сыныбында 6 оқушы сапасы-66% үлгерімі-100%
6-б сыныбында 6 оқушы сапасы-66% үлгерімі-100%
7-б сыныбында 7 оқушы сапасы-85% үлгерімі-100%
Нарыбаева Шырақ Жұртшыбайқызы – орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8-11 «Б» сыныптар аралығында сабақ береді. Білімі-жоғары. Санатсыз. Жұмыс өтілі- 13 жыл, 1 ай. Әдістемелік жұмыс тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту». Сабақта сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданады. 2012-2013 оқу жылында аудандық өткізілген «Тіл-халық жанын танудың кілті» атты олимпиадаға, 10 «Б» сынып оқушысы Гарифуллин Әлішер қатысып, 3 орынға ие болды. Осы сайысқа 8 «Б» сынып оқушысы Рева Екатерина қатысып, белсенділік танытып қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.
II жартыжылдық бойынша оқу үлгерімі мен сапасы:
Қазақ тілі
8-б сыныбында 8 оқушы сапасы- 62% үлгерімі-100%
9-б сыныбында 5 оқушы сапасы- 60% үлгерімі-100%
10-б сыныбында 5 оқушы сапасы-60% үлгерімі-100%
11-сыныбында 6 оқушы сапасы- 66% үлгерімі-100%
Қазақ әдебиеті
8-б сыныбында 8 оқушы сапасы- 62% үлгерімі-100%
9-б сыныбында 5 оқушы сапасы- 60% үлгерімі-100%
10-б сыныбында 5 оқушы сапасы-60% үлгерімі-100%
11-сыныбында 6 оқушы сапасы- 66% үлгерімі-100%
Жыл бойғы қазақ сыныптарының қорытындысы
Қазақ тілі-83%
Қазақ әдебиеті-89%
Жыл бойғы орыс сыныптарының қорытындысы
Қазақ тілі-69%
Қазақ әдебиеті-66%
Өмірлік орта мектебінің І жарты жылдық 2013-2014 оқу жылы бойынша
«ҚР Тіл туралы заңының» орындалуы туралы ақпарат
ҚР-ның «Тіл туралы заңының» орындалуы мектептің жылдық жоспарына енгізілген. «Тіл туралы заңның» орындалу барысында іс қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуі, жаңа технологияны қолдана отырып, тілдерді оқыту барысында сапалы нәтиже көрсету, дарынды балалардың шығармаларын мектепішілік, аудандық газеттерге жариялау, баспа сөз беттерінде жарық көрген жаңа заң, мақалалармен танысып, әдістеме кеңесінде жариялау, ақын-жазушылардың мерейтойларын атап өту, ай сайын мектепте кітап көрмесін ұйымдастыру, тіл мамандарының уақытылы курстардан өтуі, ауыл әкімшілігімен бірлесе отырып қоғамдық жұмыстар жүргізу т.б. мәселелер ұйымдастыру жоспарға қойылған. Басшылық тарапынан газет-журналға мемлекеттік тілде мақалалар жариялау, көрнекі ақпараттарды қазақ тілінде жазу қарастырылған.
5-14 қыркүйек аралығында Өмірлік орта мектебінде «Ана тілім – ардағым» атты тілдер онкүндігі өтті. Тілдер онкүндігінде түрлі іс-шаралар атқарылды. Атаулы мерекенің ашылу салтанатында оқушылар тіл туралы үш тілде өлеңдер оқып, «Менің тілім өлмейді» атты көрініс қойды. Қойылымда Қ.Рысқұлбеков пен прокурордың рөлін 6-сынып оқушылары Әуелбек Бегімбет пен Есілбаев Дәурен жақсы сомдап шықты. Мектеп кітапханасында кітапханашы Курмашова А. ұйымдастыруымен тіл мерекесіне арналған «Кіршіксіз қардай сақтаңдар, қазақтың тілін ғаламат! Ана тіл – арым, иманым, Аманат, саған, аманат» тақырыбында көрме ұйымдастырды. 5-11 сыныптар аралығында ана тілімізге байланысты сынып сағаттар өткізді. «Достықтың терең тамыры» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Накупов А. С. жоғары сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде Қазақстанның өзге елдермен достастығы жайлы деректер тыңдалып, өзге елдермен достық қарым-жайлы пікірлер ортаға салынды. Іс-шара барысында 11-сынып оқушылары жеңіске жетті. «Көп тілді білу – заман талабы» тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдашев А.К. ұстаздар арасында өткізген семинарында қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалды. Үш тілде өткен бұл іс-шарада «1-сыныптан бастап ағылшын тілін өткізу», «Өзге тілді меңгертуде өз тіліміздің жағдайы қандай болмақ?!» деген сияқты сауалдар қойылды. Әр мұғалім өз пікірлерін ортаға салып, талқыға салынған сұрақтарға лайықты жауаптар берілді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...» тақырыбындағы көркем сөз оқу шеберлері байқауы А.Байтұрсыновтың 140 жылдық мерейтойына арналды. Бұл сайысқа 5-10 сынып оқушылары қатысып, Ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Жоғары сынып оқушылары мысалдарынан қойылым қойып, орта буын оқушылары мысалдарына сурет салды. Сонымен қатар А.Байтұрсынұлына арнап өз шығармашылықтарын, яғни өлең шығарып көпшіліктің алдында ортаға салды. Іс-шара жақсы деңгейде өтті. Сонымен қатар онкүндікке байланысты өтілген шығарма, мақала байқауында 10-сынып оқушысы Бірімжанова Д. І орын, 11-сынып оқушысы Өмірзақова А. ІІ орынды иеленді. Мақала жазған оқушылардың қатарынан 10-сынып оқушысы Бірімжанова Б. Мақаласы үздік деп танылды. 5-7 сынып оқушылары «Бір шаңырақ астында» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды. Орындалған іс-шаралардың барлығы жақсы деңгейде өтті.
Қыркүйек айында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәндерінің арасында «Тіл - дарын» атты конкурс өтті. Бұл конкурсқа біздің мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдашев А.К. қатысып бас жүлдені иеленді.
6 қараша күні мектепішілік олимпиада болды. Барлық қатысқан балалар саны 32, Орын алған балалар саны 21. Жеке тоқталар болсақ, І орын алған бала саны 7, ІІ орын алған бала саны 7, ІІІ орын алған бала саны 7, Олимпиадаға қатысып орын алған оқушылар: орыс тілінен Құрмантаева Дильназ, Алтынбай Нұрсұлтан 4-сынып оқушылары ІІ орынды иеленді. Қазақ тілі бойынша ІІ орын Сапаш Б. 8-сынып оқушысы, ІІІ орын Сыздықов А., Әуелбек Б. 6-сынып оқушылары иеленді. Тарих пәнінен Өмірзақова А. 11-сынып оқушысы ІІІ орынды иеленді.
Қараша айында 10-13 жас аралығындағы ер балалар арасында аудандық «Ел қорғауға әзірміз!» атты байқау өтті. Бұл байқауға біздің мектебімізден 6-сынып оқушысы Қайырбек Жақсылық қатысып алғыс хатқа ие болды.
Халықтың біртуар азаматы, ақын М.Мақатаевқа арнап қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі З.Ж.Өмірзақова «Жырлайды жүрек» атты әдеби кеш өткізді. Бұл кеште мектеп оқушылары мен мұғалімдері ақынның әндерін айтып, өлеңдерін оқыды. 10-сынып оқушысы Абайділдә Н. мен Бірімжанова Б. ақынның «Махаббат диалогын» оқыды. Іс-шара өте жақсы деңгейде өтті.
Атаулы мереке «Тәуелсіздік күніне» арнап барлық сыныптар сынып сағаттарын өткізді. Сонымен қатар мектепте мерекелік кеш өткізілді. Кітапханашы Карина А. кітап көрмесін ұйымдастырылды.
Жыл сайын өтетін аудандық олимпиадаға қазақ тілі, химия, биология пәндерінен үш бала қатысып, бағын сынады.
Желтоқсан айында 10-сынып оқушысы Абайділдә Нұрдидар биология пәнінен, 11-сынып оқушысы Өмірзақова Айгүл бейнелеу өнері пәні бойынша облыстық ғылыми жұмысқа қатысып сертификатқа ие болды және Өмірзақова Айгүл облыс көлемінен ІІ орынды иеленіп, республикалық ғылыми жұмысқа жолдама алды.
Мұғалімдер арасында тарих пәнінің мұғалімі А.С.Накупов пән бойынша курстан өтті. Үш деңгейлі курс бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Н.Айтжанова І деңгейінен өтті.
7-11 сынып аралығындағы оқушылар интернет желісі арқылы республикалық деңгейде олимпиадаға қатысты.
Әр өткізілген педагогикалық кеңес барысында «Тіл бағдарламасының орындалуы» қарастырылып, тіл мәдениетін сақтау, тіл бағдарламасын орындау талаптары ескертіліп отырылады.
Тіл туралы заңның орындалуы
2012-2013 оқу жылында Кен негізгі мектебінде Тіл туралы Заңның орындалуы жайында мәлімет
Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығының бірі- ұлтаралық ауызбірлік. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы бейбіт те, тыныш заманды аңсаған. Сол заман орнаған кең- байтақ елімізде көптеген ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әрдайым солай болғай! Тіліміздің мәртебесін асқақтатып –әр ұлт өкілінің міндеті. Сондықтан осыған байланысты мектебімізде басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың баға жетпес мұрасы тіл екенін сезіндіру үшін, мектебімізде Тіл заңының орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. «Тілге құрмет» тақырыбында іс-шара 5 жыл бойы жұмыс жүргізіп келеді. Бұған қазақ тілі пәнінің мұғалімдері жетекшілік жасайды. Әрбір өткізілген жұмысқа есеп беріліп, өткізілген іс-шара жұмысының фотосуреттері жинақталып, альбомдар мен жинақ папкалары жасалынған. Тілімізге мұрагер болып қанатын кеңге жаюына, қарыштап дамуына, өрістеуіне үлес қосатын еліміздің балғын ұрпақтары. Ал тілдің тегеурінін мықты ұстап, тілмен сусындататын әрине ұстаздар.
Мектебімізде тілге байланысты өткізілетін іс-шараларға ұстаздар қауымы да белсене ат салысады. Қазақ тілінің қанатын кеңге жаю мақсатында әріптестерімізбен мемлекеттік тілде тілдесеміз. Мектепшілік іс-қағаздар, кіріс-шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне әкімшілік тарпынан қадағалау жасалынады. «Өз тілің – өркенің, мақтаның, ұлтың ол сенің» дегендей мектебіміздегі басқа ұлт өкілдері өздерінің сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын молайту мақсатында әр түрлі тіл басылымдарына жазылады. Мысалы: «Уроки казахского языка»; «Тіл» басылымдарына мектеп медбикесі Годун Галина В; «Күншуақ» орталығының шаруашылық меңгерушісі Трошина Светлана А. жазылып, кәсіподақ ұйымының жетекшісі Тарковская Ирина П, Бакаев Андарей В, мектебіміздің аспазшылары да «Қазақшаңыз қалай?» үйірмелеріне белсене қатысып, тілді үйренуге ат салысуда. Тілге байланысты мектебімізде нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Тілдер меркесінің онкүндігіне байланысты аудандық оқу бөлімінің жоспарына сүйене отырып, пән мұғалімдері Серікбаева З.М. және Ильясова А.Ж. мектепшілік жоспар құрды. Сол жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» тақырыбындағы лездемеде 7-9 орыс сынып оқушылары шағын баяндама жасады.
Ағылшын пәнінің мұғалімі Бейсенова Гүлшат Серікқызы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Ойын барысында оқушыларымыз үш тілді қалай меңгергендіктерін байқатты. «Бір шаңырақ астында» атты сурет көрмесін жас маман Қайдауылова Гүлім Сейтбекқызы сәтті ұйымдастырды. Оқушылар өз ой-қиялдарын сурет арқылы жеткізе білді. «Сөз мерген» сайысы 5-8 сыныптар арасында өтті. Оқушылардың көне сөздерді қаншалықты жетік білетіндеріне пән мұғалімі Ильясова А.Ж жетекшілік жасады. Осындай тіл саясатын дамытуда әрбір өткізген іс-шараға сынып жетекшілер және пән мұғалімдері жан-жақты ізденіп, өз үлестерін қосады. Орыс сыныптары арасында орыс тілі пәнінің мұғалімі Нұрмұханбетова Г.О. ұйымдастыруымен «Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында әдеби кеш өтті. Кешке мектеп ұжымы және басқа ұлт өкілдері де келіп қатысты. Кеш барысында оқушылар қазақ тілінде таза сөйлеп, ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқыды. «Тілі бірдің – тілегі бір» дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тілдің қазіргі жайы туралы қатысушылар ой бөлісті. «Күш- білімде, бірлік - тілде» демекші басқа ұлт өкілдерінің тілге деген құштарлығын оятып, қызықтыру үшін мектебімізде осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.
Пән мұғалімдері «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде» атты тақырыппен іс-шараны қорытындылады. Оқушыларымыз мемелекеттік тілді қаншалықты жетік игергендерін дәлелдеу мақсатында аудандық байқауларға қатысып, нәтиже көрсетуде. Қазіргі таңда Кириллова В; Паизова К. мен Трошина А. Көкшетау қаласында өз бақтарын сынады. Трошина А. Х ІҮ Абай және ІҮ Махамбет оқуларына да үлкен дайындықпен аудандық байқаудан өтіп, Көкшетау қаласына жолдама алды.
Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шарааларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай мектеп ұжымы ат салысады. Тілдің діңгегі одан әрі күшею үшін әлі де талай игі істер бірігіп атқарылады. Тіл үшін күрес –тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы жанашырлық танытуға мектебіміздегі басқа ұлт өкілдері де ат салысатынына сенеміз.
Ақтөбе қаласындағы мектептерде қазақ тілін оқыту мен дамыту мәселелерін тексерудің қорытынды
А Н Ы Қ Т А М А С Ы
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған “Қазақстанның болашағы -мемлекеттік тілінде” атты тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қалалық білім бөлімі жанынан құрылған комиссия кестеге сәйкес 2006 жылдың қазан айында,2007жылдың қаңтар,ақпан,наурыз айларында қаладағы №№14,31,2,11,22,6,52,29,13,15,1,3,17,19,21,
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген