Сабақтың тақырыбы: "Тіл -ұлттық байлық"
Сабақтың мақсаты: 1.Балаларға қазақ тілі туралы түсінік беру.
2.Қазақ тілінде таза сөйлеуге үйретіп, мақал-мәтелдерді, ертегілерді пайдалана отырып, балалардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту.
3.Қазақ тілі,өз тілін құрметтеуге, қадірлеуге, оны бағалауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады. Шаттық шеңбері:Амансың ба алтын Күн!
Амансың ба көк Аспан!
Амансың ба Жер ана!
Амансың ба Достарым.
Міне менің қолым,
Жылуыңа жылу қос!
Тәрбиеші: Ал балалар енді қолымызды жүрек тұсына қойып Қазақстан еліміздің Әнұранын айтайық. (Әнұран айтылады)
- Балалар бүгін біз "Тіл - ұлттық байлық" тақырыбында сабақ өтеміз.
Қазақ халқының тілі - ол қазақ тілі,ол Қазақстанның Мемлекеттік тілі. Біз Қазақстан елінде тұрған соң оны құрметтеп бағалай білуіміз керек.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - таусылмайтын байлық. Қазақ тілі өте бай тіл. Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім. менде бірге өсемін,
Өшше тілім менде бірге өшемін -
деп, ақын Әбділдә Тәжібаев атамыз жырлағандай тәл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастық бастауы, ырыс берекенің алды, ұлттық әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.
Қазақ халқының қазақ тілінде көптеген мақал - мәтелдері, халық ауыз ертегілері, жаңылтпаштары бар. Ертегілерде айтқанда онда әр түрлі жақсы сөздерді қолданылған. Мысалы; ержүрек, айдай сұлу, қанатты пырақ.
Ал қанатты сөздер: "Ана тілің алпыс тілге татиды", "Атағыңды өсіретінде, өшіретінде - тіл", "Әдеп басы - тіл", "Өнер алды -қызыл тіл" тағыда көптеген тіл туралы мақалдар бар.
Тәрбиеші: Балалар енді осы тілімізге байланысты тақпақтарымызды айтып берейікші.
Қазақ тілі - туын биік ұстаған,
Қазақ тілі - кең далама ұқсаған,
Қазақ тілі - мәртебелі еңселі,
Құрметтеп отыр бүгін ел сені! Ұлжан
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем. Амина
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім. Асылбек
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Дарын
Ал екінші бақытым - тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниелен түңілсем де,
Қаситетті тілімнен түңілмедім. Аяжан.С
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Кім мықты? - десе біреу,- Отан дер ем.
оты сөнген жалғанда жан барсың ба?.
Ойланбай - ақ кел - дағы от ал менен. Томирис
Өз тілінде жыр оқу бақыт қайда!
Жан - дүниең жарқырап сала берер,
Ағарып келе жатқан атып таңдай.
Баба тілін қадірле,
Болашақтан түңілме!
айналайын, боздақтар,
Аралас тілге үңілме! Айсұлу
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар. Алтынай
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп
Қазақ тілін,
Қазақ тілін сүйеміз. Абухан
Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Ең алғаш сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім. Еңлік
Өз тілімдей тіл қайда еркін басар?
Тілім барда еркіме кім таласар.
Туған тілім күрмелеп әлсіресе,
Ыстық қаным сунып сиқым қашар. Нұрай
Қорытынды: Балалар тақырыпты қорыта келе мен сендерге мына сұрақтарды қойғым келеді.
- Қазақстан елінің мемлекеттік тілі қай тіл?
- Ана тілі бойымызға не арқылы дарыған?
- Қазақстан халқы қай тілде сөйлеуі керек?
Өте дұрыс жауап бердіңдер.
Сонымен "Тіл - ұлттық байлық" тақырыбындағы сабағымыз аяқталды.
Сабақ соңында "Атамекен" әні тыңдалады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тіл ұлттық байлық"

шағым қалдыра аласыз