Материалдар / "Тіл ұстарту" сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тіл ұстарту" сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне әдістемелік кқмек ретінде қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
681
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҚО Қаратөбе ауданы Жусандой ауылы Жамбыл ЖОББМ-Б жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Олжатаева Камшат Хамзақызы

Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту «Менің арман мектебім.Назарбаев атындағы

зияткерлік мектебі»

Сабақтың мақсаты:

білімділік - етіс түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың меңгеру деңгейін байқай отырып, өткен сабақтарды бекіту.

дамытушылық - тіл,сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту;

тәрбиелік - ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, талдауға алынған мысалдар арқылы адамгершілік қасиеттерге, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жинақтау, жүйелеу

Сабақтың әдісі: СТО стратегияларының әдістері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе.

-Балалар, бүгін сабақта сендерге сәттілік тілеймін, өйткені бүгінгі сабақ ерекше.Сендердің өткен сабақтарың бойынша алған білімдеріңді пысықтап, қорытынды жасаймыз және жаңа мағлұматтар аламыз.

-Бүгін сендердің сабаққа деген көзқарастарың, алған білімдеріңнің сапасы анықталады.Әр оқушының міндеті «4» пен «5»- ке оқу, өйткені келешекте сіздер өз республикамыздың жақсы азаматы болуларыңыз тиіс. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халқына арналған жолдауында айтқандай, біз үш тілді қазақ, орыс, ағылшын тілдерін толық біліп, жоғары білімді және жоғары төлемді жақсы білімдеріңді көрсете аласыңдар деп сенемін.

-Бұрын бір кезде М.Горкий былай деп айтыпты:»Жазуды бастардың алдында мен өзіме үш сұрақ қоямын: не жазғым келеді, қалай жазғым келеді, не үшін жазғым келеді?»

(«Прежде чем начать писать,я задаю себя три вопроса: что хочу писать, как написать, и для чего написать» М.Горький)

М.Горький айтқандай мен де бүгінгі сабақта үш сұрақтың жауабын тыңдағым келеді.

«Мен не білемін?», «Мен не білгім келеді?», «Мен не білдім?»

Өткенді қайталау, тиянақтау «Мен не білемін?»

І тапсырма: «Сұрақты тап?»

Сұрақтың бірнеше жауабы ұсынылған, қандай сұрақ екенін табу.

ІІ. Семантикалық карта

Етістің түрлері

Өздік етіс

Ортақ етіс

Өзгелік етіс

Ырықсыз етіс

Жыр айтқыз



+


Бiлiмiн толықтырды



+


Өзі киінді

+




Үй салысты


+



Сөз айтылды




+

Хат жазысты


+



Сабағын оқыттыр



+


Оқушылар жуынды

+




Үй тазаланды




+

Уәде берілді




+














«Ой қозғау»

1.Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебі туралы қандай мәлімет білесіңдер?

2.Бұл мектептің басқа мектептерден айырмашылығы не деп ойлайсыңдар?

3.Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебі қай қалаларда орналасқан?

«Мен не білгім келеді?»

(Қосымша мәліметтер беріледі, фотосуреттер мен видеофильмдер көрсету).

ІІІ тапсырма: Крестиктер-нөлдіктер

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

1. Етістік дегеніміз не?Қандай сұрақтарға жауап береді?

2.Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3.Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4.Салт, сабақты етістіктерді қалай ажыратамыз?

5.Қимылдың ,іс-әрекеттің орындаушыға,яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі қалай аталады?

6.Етістің неше түрі бар? Қандай?

7.Өздік етістің жұрнағы?

8.-ғыз,-гіз,қыз,-кіз,-дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір,-т жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі?

9.Ырықсыз етіс дегеніміз не?

10.Бірнеше орындаушы арқылы іске асатын етіс түрі?

11.Бір жұрнақ екі етіске ортақ. Ол қай етістер? Оны қалай ажыратамыз?

12.Омар мен Оспан хат жазысты деген сөйлемде қандай етіс қолданған?


IV тапсырма: «Түртіп алу» стратегиясы

«Киіз үйді тұрғызу» ойыны

Балалар киіз үй неден тұрады?

(шаңырақ,уық,кереге,есік)

Жақсы, олай болса керегені тұрғызу үшін мәтінмен жұмыс істеуіміз керек.Берілген мәтіннен етістерді тауып, түрлеріне ажырату қажет.

Астанадағы «Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебі»-жаңа инновациялық бағытты ұстанған білім ордасы.Жалпы, инновациялық мектептер-мемлекеттің жарқын болашағы деуге болады.Бүгінде, аталмыш оқу ордасы елімізде әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті педагогикалық ұжым мен оқушылар контингентін қалыптастырып отыр.Білім беру жүйесі барынша модернизацияланған интеллектуальды мектеп,орта білім беру бағдарламасын жетілдіруге бағытталған эксперименттік тәжірибелерді тиімді жүзеге асырып келеді.

Ұлттық зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету,әр мұғалімнің, оқушының өзін-өзі өсіруге және шығармашылыққа ұмтылуға, жоғары өнегелі болуға, ең бастысы, тәуелсіз Отанымыздың ертеңгі тұлғалы азаматтарын қалыптастыру мақсатында құрылған бұл білім ордасы соңғы жылдары ел аумағында үлкен беделге ие болып отыр.Жаңа оқу жылында Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Өскемен және Орал қалаларында 7 бірдей Назарбаев зияткерлік мектептері оқушыларға есік ашты.

Шаңырақты тұрғызу үшін төменде берілген жаттығуларды орындау керек.

253-Жаттығу.

Уықты керегемен байланыстыру үшін ән айтуымыз керек. (Сергіту сәті)

V тапсырма: «Тақырыптық түйінді сөздер»

Келтірілген сөздердің қайсысы мәтінге қатысты?


Сөздер банкісі Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебі


Shape2 Shape1 Shape3

Бірінші шеңберге әр түрлі сөздер жазылды: Зияткерлік, жарқын, алма, білім, тарақ, әлеуетін, киіз үй, нарығында ,жігіт, эксперименттік, кино, модернизацияланған.

Екінші шеңберге негізгі сөздер ауыстырылуы тиіс.( Зияткерлік, жарқын, білім, әлеуетін, нарығында, эксперименттік, модернизацияланған).

«Мен не білдім?»

VІ тапсырма: «Код арқылы диктант жазу»

1.Жанат жуынды,киінді, таранды. (өздік етіс)

2. Ақыл көпке жеткiзер,
Өнер көкке жеткiзер. (өзгелік)

3. Ашу шабыстырады,
Ақыл табыстырады.
(ортақ етіс)

4. Ақылды адам айтқызбай бiлер,
Ақ сұнқар қаққызбай iлер.(өзгелік етіс)

5.Қазақстанның көптеген аудандарында жаңа мектептер мен балабақшалар салынды.(ырықсыз етіс)

6.Жау қарасы көрінді,

Жиылған әскер бүлінді. (өздік етіс)

7.Тәңірберген ағасымен оңаша сөйлескісі кеп отырғаны. (ортақ етіс)

8. Елдестiрмек елшiден,
Жауластырмақ жаушыдан.(өзгелік етіс)

VІІ тапсырма: І топ: «Менің арманымдағы мектебім» эссе жазу

ІІ топ: «2030 жыл-менің мектебім» сурет салу.

Үйге тапсырма: «Әліппи желісі» деп аталады. Әліппи тәртібімен әріптерді пайдаланып етістер жазып келу.Мысалы: апарғыз, әкеліс,бастыр т.б

Бағалау. «Бағдаршам» арқылы жүзеге асады.

Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды.

Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, олар оны жоғары көтереді (қызыл = түсінбедім, жасыл = барлығы түсінікті).

-Біз мінеки,балалар, алуан түрлі күш жинап, 2030 жылдың биік шыңына шықтық, өйткені сендер не білгендеріңді, не үйренгендеріңді көрсете алдыңдар.Барлығыңызға рахмет.

«Біле бер қанша білсең, тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле-біле»,-деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.

-Сау болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!