«Тілашар» мерекесі
Мақсаты: алғаш мектеп табылдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім
алуға, оқуға шақыру.
Ұлттық дәстүр «
Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру, мектепке деген
сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.Сахна
мәдениетіне тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата – аналар
және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім
баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1- сынып оқушылардың
мерекесіне жиналып, «Тілашар – білімге жол ашар» тойының куәгері
болып отырсыздар. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған
қадамдарына сәт- сапар тілей отырып, бүгінгі мереке иелерін ортаға
шақырайық.
Қарсы алыңыздар:
1. Дарынды дарабоз Рамазан мен кіші пейілді
Ақниет
2.
Ұшқыр ойлы –Дияр білімге құштар Айшырақ
3. Ерке мінезді – Нұрдана Ұтқыр да тапқыр - Бақсұлтан
4. Жаны жомарт -Ерасыл мен талабы таудай Жансая
5.Байсалды жан - Мирас Ақкөңілді - Амина
6. Жаны жайсаң- Нурали Нәзік жанды- Айянур
7. Белсенді - Сұлтан сезімді - Амина
9.Ақ ниетті -Қымбат алғыр да зерек Диас
10.Қайсар жанды - Санжар мейірімді жан Аружан
12. Ұяң мінезді - Досжан Инабатты Каусар мен
Зейнеп
Мұғалім: Айналайын балалар!
Алдыңда Мектеп -ана бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер, даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Еркеңіздің мойнына,
Ақ жағасы жарасар.
Кел- келіңіз тойыма
тойымның аты – тілашар.
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт- санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Мен оқушы баламын
Оқу , білім аламын.
Мектеп- ұям, өзіңе
Арналады бал әнім.
.
Ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде Білім патшасында
Мектеп сарайында Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді,
бірақ ешқандай жазатын, оқитын құралы болмайды. Жылап келе жатса
алдынан қалам шығады.
Қалам: Әй
бала сен неге жылап келе жатырсың?
Оқушы: Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай
құралым жоқ. Соған жылап келемін.
Қалам: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды
үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза
боламын.
Оқушы : Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда
жазамын?
Қалам: Мені дәптерге жазады. Жүр, мен саған оқуға
қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Сауат ашу деген достарды тауып
кездестірейін.
Автор: Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың барлығы алдарынан
шыға келеді.
Оқушы: Қалам, мына тұрғандар кімдер? олар не үшін қажет? Менімен
қайсысы дос бола алады?
Дәптер:
Мен
дәптермін, алдыңда
Таза ұстау мойныңда
Жыртып, сызып бетімді
Болмайды ғой бояуға.
Қарындаш:
Ал мен
болсам қарындаш
Менсіз ешбір оқушы
Сызалмайды пішінді.
Дос болсаңшы менімен
Үйретемін көңілді.
Сауат ашу:
Әріптерді танытып
Оқуғада үйретіп
Мен боламын сүйікті
Сауат ашу кітабы.
Өшіргіш:
Менің атым – Өшіргіш
Қажет болам мен саған
Қате сызып шимайласаң
Керек болам мен саған
Қалам: Оқушы , бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз
сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.
Оқушы: Ия менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің
достарым болыңдар.
Автор: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен
дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы
болыпты.
"Әрқашан күн сөнбесін " әні орындайтын; Көпен
Нұрдана
Күн
әдемі, көк әлемі,
Бұл
суреті жас баланың.
Ақ
қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.
Қайырмасы: Әрқашан күн
сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
2.
Айрылмас дос, айнымас дос,
Бейбіт өмір керек елге.
Отыз беске біз келсек те,
Тұрар жүрек сөз есте.
3.
Анда солдат, мында солдат,
Халық оқтан шошынады.
Сұм
соғысты, кан төгісті,
Болдырмаймыз сәби үшін.
Еркесімін атамның
Еркесімін анамның
Толып биыл алтыға
Мен оқушы атандым
Арқама сөмке асына
Мектепке барам асыға
Өсірді ой сананы
Сауат ашу сабағы
Жаңылмай айтып үйрендік
Жаңылтпаш, жұмбақ, мақалды.
Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен.
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап
Мектебіме жеткенім.
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым – білімін,
Ой аламын деп келдім
Оттан ыстық мектебім!
Ойыншық қалды жайында,
Әріптер бөлді көңілді
Табетім жоқ ойынға,
Сезінемін үлкен өзімді
Қуыршақты тастадым,
Уақыт жоқ қой ойынға
Әріпті құрай бастадым,
Сөздерді тізіп қоюға.
Әжептәуір бойымда
Сабақ қана ойымда
Оны ұқпас інім тек,
Шақырады ойынға.
Дейді « Жел боп есейік»
Қайдан білсін ол менің
Кеткенімді есейіп
Кіп – кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын
Озат оқушы боламын,
Жақсы баға аламын
таудай үлкен талабым
Содан жақсы сабағым
Ұстаздарды мақтаймын
Сенімдерін ақтаймын
Біздікіндей мектепті
Әлем шарлап таппаймын
Тақпағымды жаттаймын,
Сабағымды баптаймын.
Біздікіндей мектепті
Ешбір жерден таппаймын.
Мұғалім: Ұрпақпен ұласады, мұрат арман
Бәйтерек бой көтерер құба талдан.
Тойлаңдар, қуаныңдар ағайындар
Шалқып қайт, шаттық тойы – Тілашардан!
Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып , білім аламыз
Үлгілі боп өсетін,
Біз- оқушы боламыз!
Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сендердей өнерді
Білімнің нәрлі сырына
Оқитын әрі жазатын
Білімге қол созатын
Құтты болсын балдырған,
Оқушы деген жаңа атың.
Құрметті оқушылар осымен Тілашар мерекесіне
арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті аман сау
болыңыздар!
Еркеңіздің мойнына,
Ақ жағасы жарасар.
Кел- келіңіз тойыма
тойымның аты – тілашар.
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт- санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Мен оқушы баламын
Оқу , білім аламын.
Мектеп- ұям, өзіңе
Арналады бал әнім.
Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең бестік аламын.
Оқуды көп ойлаймыз,
Қызығына тоймамыз.
Әріпітерді үйреніп,
Өлең айтып, би билеп
Өнерден де қалмаймыз.
Көрініс көрсету: « Оқушының достары»
ертегісі
Қатысатындар:
Ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде Білім патшасында
Мектеп сарайындп Оқушы қыз өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді,
бірақ ешқандай жазатын, оқитын құралы болмайды. Жылап келе жатса
алдынан қалам шығады.
Қалам: Әй
қыз сен неге жылап келе жатырсың?
Оқушы: Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай
құралым жоқ. Соған жылап келемін.
Қалам: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды
үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза
боламын.
Оқушы : Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда
жазамын?
Қалам: Мені дәптерге жазады. Жүр, мен саған оқуға
қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Сауат ашу деген достарды тауып
кездестірейін.
Автор: Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың барлығы
алдарынан шыға келеді.
Оқушы: Қалам, мына тұрғандар кімдер? олар не үшін қажет?
Менімен қайсысы дос бола алады?
Дәптер:
Мен
дәптермін, алдыңда
Таза ұстау мойныңда
Жыртып, сызып бетімді
Болмайды ғой бояуға.
Қарындаш:
Ал
мен болсам қарындаш
Менсіз ешбір оқушы
Сызалмайды пішінді.
Дос болсаңшы менімен
Үйретемін көңілді.
Сауат ашу:
Әріптерді танытып
Оқуғада үйретіп
Мен боламын сүйікті
Сауат ашу кітабы.
Өшіргіш:
Менің атым – Өшіргіш
Қажет болам мен саған
Қате сызып шимайласаң
Керек болам мен саған
Қалам: Оқушы , бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз
сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.
Оқушы: Ия
менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым
болыңдар.
Автор: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып,
барлығымен дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы
болыпты.
Еркесімін атамның
Еркесімін анамның
Толып биыл алтыға
Мен оқушы атандым
Арқама сөмке асына
Мектепке барам асыға
Өсірді ой сананы
Сауат ашу сабағы
Жаңылмай айтып үйрендік
Жаңылтпаш, жұмбақ, мақалды.
Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен.
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап
Мектебіме жеткенім.
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым – білімін,
Ой аламын деп келдім
Оттан ыстық мектебім!
Ойыншық қалды жайында,
Әріптер бөлді көңілді
Табетім жоқ ойынға,
Сезінемін үлкен өзімді
Қуыршақты тастадым,
Уақыт жоқ қой ойынға
Әріпті құрай бастадым,
Сөздерді тізіп қоюға.
Әжептәуір бойымда
Сабақ қана ойымда
Оны ұқпас інім тек,
Шақырады ойынға.
Дейді « Жел боп есейік»
Қайдан білсін ол менің
Кеткенімді есейіп
Кіп – кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын
Озат оқушы боламын,
Жақсы баға аламын
таудай үлкен талабым
Содан жақсы сабағым
Ұстаздарды мақтаймын
Сенімдерін ақтаймын
Біздікіндей мектепті
Әлем шарлап таппаймын
Тақпағымды жаттаймын,
Сабағымды баптаймын.
Біздікіндей мектепті
Ешбір жерден таппаймын