"Тілашар" ертеңгілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тілашар" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



1-сынып оқушыларын мектепке қабылдау қарсаңында

өткізілген «Тілашар» ертеңгілігі



Мақсаты:

1. Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту, өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.

2. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, құттықтау сөздер

Сәлеметсіздер ме, қадірменді ұстаздар, қонақтар. Бүгін жиналып отыруымызға себеп-кеше ғана оңы мен солын танымай жүрген ойын балалары бүгін міне,мектеп табалдырығын аттап, «Тілашар» тойын тойламақшы.

Қазақ халқының дәстүрі бойынша-«Тілашар тойы» бала мектеп табалдырығын алғаш аттап, мына қалың қауымға өз бойындағы өнерлерін, ортаға салып,көрсететін үлкен той.

Олар әріп танып,оқуды,жазуды меңгеріп келеді. Бірақ ол бұл тек бастауы ғана. Ендігі сөз кезегін бүлдіршіндерге бермес бұрын, оларды ортамызға шақырайық.

Өсті міне ойларың

Өсті міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

-Балалар біз биыл қайда келдік?

-Абай орта мектебіне.

-Мектепте кімдер болады?

-Білімді адамдар, мұғалімдер болады.

-Біз білімді қайдан аламыз?

-Мектептен





-Олай болса саяхат мектептен басталады. Міне ортамызда өзінің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын, аяулы ұстаздарымыз отыр. Ендеше құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Билялов Қаныбек Бақытжанұлына береміз.

Ия балалар, біз енді жай ғана балалар емес, нағыз оқушы болдық. Біз бүгін соны дәлелдейміз, солай емес пе?

Али: Оқушының мойнына

Ақ жағасы жарасар

Кел, келіңіз тойыма

Тойымның аты -Тілашар

Нұриман: Алақай-ау, алақай

Алақай-ау алақай

Бұдан былай мен енді

Емеспін жай балақай

Дильназ: Осыдан да көлемді

Оқи алам өлеңді

Бардым бүгін мектепке

Оқушымын мен енді

Асанали: Биыл ғана мектептің

Табалдырығын аттадым

Әліппені қолға алып

Әріптерді жаттадым

Дастан: Партаға алғаш отырдым

Бұдан асқан бақыт жоқ

Оқушы болдым мінекей

Ойнауға енді уақыт жоқ

Інжу:Еркесімін атамның

Еркесімін анамның

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым



Нұрислам: Жетіге толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға

Ардақ: Бой алдырар селтеңге

Мен емеспін еркең де

Оқушы болам зейінді

Өнерге іске бейімді

Айжан: Болашаққа қол созып

Үмітпен отты жандырған

Ел сенімін ақтайтын

Біз бақытты балдырған

Аружан:Бар байлықты басқарып

Оқу-білім тұрады

Кітапты көп оқыған

Білімді боп шығады

Айкүнім: Таудай биік талабым

Оттай лаулап жанамын

Салт санасын сақтаймын

Дала менен қаланың

Мен мектепке барамын

Өте жақсы балалар, оқушы мектепте оқиды,жазады, өнерге, білімге, еңбекке, өз отанын сүюді үйренеді.

-Біздің отанымыз?

-Қазақстан

Біздің ұлтымыз?

-Қазақ

Біздің тіліміз?

-Қазақ тілі

Біздің астанамыз?

-Астана

Біздің елбасымыз?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Жарайсыңдар балалар, ендеше экранға назар аударайық. (видеоролик)

Балалар айта қойыңдаршы бізге білім алу үшін ең қажетті не?

-Оқу құралдары.

Олай болса, оқу құралдарымен танысайық. Әліппе, Қарындаш, Дәптер, Өшіргіш- интерактивті тақтадан суреттерін көрсету.

Мектеп мүлкін, мектеп құралдарын күтіп ұстау әрбір оқушының міндеті.

Ендігі кезекте балаларымыздың әсем әніне құлақ түрейік. «Үретеді» әні

Балалар біз мектепте көп нәрсеге үйренеміз. Қазір біздің оқу бағдарламамыз үштілді оқу бағдарламасы. Ендеше сендерге сұрақ қоямын үш тілде жауап беріп көрейік.

Анаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп бару жеу керек?

-Рахмет. Спасибо. Thank you

Балалар жүр көшеде

Естіледі шу-айқай

Сенде шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

-Кешіріңіз. Извините. Excuse me

Жарайсыңдар балалар, біз осылай әдептілікке үйренеміз.

Енді құрметті қонақтар біздің қыздарымыздың өнерін тамашалаңыздар. Лентамен би.



Хормен:

Ер жетеміз, өсеміз,

Елге қызмет етеміз

Мұғалімнің айтқанын

Мықтап миға тоқимыз

Сөз береміз сіздерге

Кілең беске оқимыз





Қорытындылау: Енді балалар, шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге жүректен жүрекке жететін тілектерімізді айтайық. Ары қарай бұл жүрекшені өздерінің лебіздерін жеткізу үшін ұстаздарға ұсынайық.

Балалар енді ортаға келіп, мына торттың үстіндегі майшамды барлығымызғ мектепте жақсы оқып, білімді бойымызға сіңіріп, осы мектептің абыройын асқақтататын, елдің азаматтары болайық деген тілекпен үрлеп өшірейік.

Осындай жақсы армандармен біз мерекемізді аяқтаймыз. Келіп көңіл бөлгендеріңізге көп рахмет!

Арнайы жасалынған рамкаға суретке түсу.

























Абай орта мектебі















«Біз оқушы болдық»- атты тілашар мерекесі

1-сынып















Сынып жетекшісі: Алимова М. С









2018-2019 оқу жылы















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2019
718
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі