«Тілашар» мерекесі
Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.
Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген
сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.
Сахна мәдениетіне
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, тақырып жазылған
плакат
1.Жүргізуші: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:
-
Дарынды дарабоз Ерсұлтан
-
Ұшқыр ойлы — Құндызай мен білімге құштар — Ерасыл
-
Ерке мінезді Бексұлтан мен ұтқыр да тапқыр – Жұлдызай
-
Жаны жомарт — Тілеубек пен талабы таудай — Үкілай
-
Байсалды жан Ерқанат пен ақкөңілді Нұршуақ
-
Жаны жайсаң – Айтөре мен нәзік жанды-Аружан
-
Асыл да аяулы Самал мен сымбатты Азамат
-
Белсенді Ұлағат пен пәк сезімді Ару
-
Алғыр да зерек Сезім
1-оқушы:Ерсұлтан Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем,
Тілашарға келген қуанып,
Қонақтарға мың сәлем!
2.Жүргізуші: Айналайын балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Құтты болсын қадамың
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жаға біл.
1.Жүргізуші: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын
жасайық. (Ортаға әже шығып, шашу шашады, батасын
береді).
Әже: Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа жиналған
Құтты болсын тойларың.
2.Жүргізуші: Шашу шашты әжелер,
Сылдырлатып теңгелер.
Тойымыздың шашуын,
Сәт сапарға теңгерер.
2- оқушы:Азамат:
Еркеңіздің мойнына,
Ақ жағасы жарасар.
Кел, келіңіз тойыма,
Тойымның аты,тойымның аты – тілашар.
3-оқушы:Нұршуақ:
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
4- оқушы:Аружан:
Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен
мектепке барамын.
5- оқушы:Самал:
Мен оқушы баламын –
Оқып, білім аламын.
Мектеп-ұям, өзіңе
Арналады бал әнім.
6- оқушы: Бексұлтан:
Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.
7 оқушы.Ерқанат:
Оқуды көп ойлаймыз,
Қызығына тоймаймыз.
Әріптерді үйреніп,
Өлең айтып, би билеп
Өнерден де қалмаймыз.
1.жүргізуші
Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісін қабыл алыңыздар
Қатысатындар: Құндызай-автор. Қалам- Үкілай. Оқушы- Сезім. Дәптер-Ерсұлтан. Қарындаш-Ерасыл.Әліппе –Ерқанат.Өшіргіш- Ару
Автор-Құндызай: Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:
Қалам-Үкілай: Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?
Оқушы-Сезім : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.
Қалам-Үкілай: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.
Оқушы- Сезім: Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?
Қалам-Үкілай: Мені дәптерге жазады. Жүр, мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген достарды тауып кездестірейін.
Автор-Құндызай: Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың барлығы алдарынан шыға келеді.
Оқушы-Сезім: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы дос бола алады ?
Дәптер-Ерсұлтан: Мен дәптермін. Маған жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза жазса, 5- тік деген баға алады.
Қарындаш-Ерасыл: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен
саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін — мені ұқыпты ұстамасаң мен ренжимін.
Әліппе-Ерқанат: Ал мен болсам — бар кітапқа бас болған Ғылым атасы -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.
Өшіргіш-Ару: Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.
Қалам-Үкілай: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз. Тек сен біздің жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?
Оқушы-Сезім: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.
Автор-Құндызай: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.
8-оқушы.Жұлдызай
Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз — шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
9 оқушы:Құндызай
Еркесімін атамның,
Еркесімін анамның.
Толып биыл алтыға
Мен оқушы атандым.
Арқама сөмке асына
Мектепке барам асыға.
10 оқушы:Ұлағат:
Өсірді ой сананы
Тіл дамыту сабағы.
Жаңылмай айтып үйрендік
Жаңылтпаш, жұмбақ, мақалды.
2.Жүргізуші
«Кім тапқыр?» жұмбақ, логикалық есептер шешу, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айту.
1.Көп-көп ине, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине.
Іс тікпейді, әрине. /кірпі/
2.Мұрны пұшық, көзі қысық.
Өзі пысық , бұл не?…. /мысық/
3.Мекені көкте екі ару,
Бірін-бірі көруге зәру. / ай мен күн/
4.Өшірді, сүртті, өзгені құртты,
Өзін де құртты. /өшіргіш/
5.Көлден ұшты 3 аққу,
Қайтып қонды 2 аққу.
Қонбады оның нешеуі
Қане, кім тез табады? /1 аққу/
6.Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр үш ешкі.
Екі ешкі мен үш ешкі
Болады бәрі неше ешкі? /5 ешкі/
7.5 алманың екеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? /3 ал
12 оқушыҮкілай:
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
13 оқушыСезім:
Ойыншық қалды жайында,
Әріптер бөлді көңілді.
Тәбетім жоқ ойынға,
Сезінем үлкен өзімді.
Қуыршақты тастадым,
Уақыт жоқ қой ойынға.
Әріпті құрай бастадым,
Сөздерді тізіп қоюға.
14 оқушыАру:
Әжептеуір бойым да,
Сабақ қана ойымда.
Оны ұқпас інім тек,
Шақырады ойынға.
Дейді «Жел боп есейік»
Қайдан білсін ол менің,
Кеткенімді есейіп.
15 оқушыЕрасыл:
Кіп-кішкентай
баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Озат оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағы
1.Жүргізуші: Ұрпақпен ұласады мұрат арман,
Бәйтерек бой көтерер құба талдан.
Тойлаңдар,қуаныңдар, ағайындар,
Шалқып қайт, шаттық тойы —
Тілашардан!
Т – тәртіпті болайық
І – ілімді бойға жинайық
Л – лашындай биік самғайық
А – ақылды азамат болайық
Ш – шыншыл болайық
А – айбынды болайық
Р – рахат өмір сүрейік
Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Үлгілі боп өсетін, Біз- оқушы боламыз
Оқып, білім аламыз.
1.Балапан биі қабыл алыңыздар
2.Вальс
1.Тәлен Сезімнің орындауында «Бауырларым» әнін қабыл алыңыздар
2Қыздардың орындауында «өзбек» биін қабыл алыңыздар
3.1- сынып оқушыларының орындауында «көңілді шарлар» биін қабыл алыңыздар
4.Ерболқызы Нұршуақтың орындауында» Қошақаным «әнін қабыл алыңыздар
5. Ұлдардың орындауында флешмоб қабыл алыңыздар
Құрметті оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім білдіремін.
Бірінші бастайды: Дильназ:
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем,
Тілашарға келген қуанып,
Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем!
Көрініс:
Автор-Дильназ: Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:
———-
Автор-Дильназ: Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың барлығы алдарынан шыға келеді.
——-
Автор-Дильназ: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.
Ислам:
Еркеңіздің мойнына,
Ақ жағасы жарасар.
Кел, келіңіз тойыма,
Тойымның аты – тілашар.
—
Р – рахат өмір сүрейік! Ислам
—-
Хормен: Мектеп –
қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Қуандық:
Кіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Озат оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
Мерейім:
Мен оқушы баламын –
Оқып, білім аламын.
Мектеп-ұям, өзіңе
Арналады бал әнім.
——
І – ілімді бойға жинайық! Мерейім
——
Хормен: Мектеп –
қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Магеррам:
Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.
—-
Л – лашындай биік самғайық ! Магеррам
—-
Хормен: Мектеп –
қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Султанбек:
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
—-
Т – тәртіпті болайық! Султанбек
—-
Хормен: Мектеп –
қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Абдолхаким:
Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
Нұрмұхаммед:
Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз — шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
Алишер:
Өсірді ой сананы
Тіл дамыту сабағы.
Жаңылмай айтып үйрендік
Жаңылтпаш, жұмбак, мақалды.
——
Ш – шыншыл болайық! Алишер
—-
Хормен: Мектеп –
қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Алия:
Оқуды көп ойлаймыз,
Қызығына тоймаймыз.
Әріптерді үйреніп,
Өлең айтып, би билеп
Өнерден де қалмаймыз.
Жанбек:
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Аяна:
Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.
Досымжан:
Еркесімін атамның,
Еркесімін анамның.
Толып биыл алтыға
Мен оқушы атандым.
Арқама сөмке асына
Мектепке барам асыға.
Көрініс:
Әліппе-Досымжан: Ал мен болсам — бар кітапқа бас болған Ғылым атасы -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.
Дана:
Ойыншық қалды жайында,
Әріптер бөлді көңілді.
Тәбетім жоқ ойынға,
Сезінем үлкен өзімді.
Қуыршақты тастадым,
Уақыт жоқ қой ойынға.
Әріпті құрай бастадым,
Сөздерді тізіп қоюға.
Дария:
Ұстаздарды мақтаймын,
Сенімдерін ақтаймын.
Біздікіндей мектепті
Әлем шарлап таппаймын.
Тақпағымды жаттаймын,
Сабағымды баптаймын.
Біздікіндей мектепті
Ешбір жерден таппаймын.
Әже:
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа жиналған
Құтты болсын тойларың. /шашу шашады/
Рената:
Әжептеуір бойым да,
Сабақ қана ойымда.
Оны ұқпас інім тек,
Шақырады ойынға.
Дейді «Жел боп есейік»
Қайдан білсін ол менің,
Кеткенімді есейіп.
Қалам-Инкар: Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?
—-
Қалам-Инкар: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.
—-
Қалам-Инкар: Мені дәптерге жазады. Жүр, мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген достарды тауып кездестірейін.
—-
Қалам-Инкар: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз. Тек сен біздің жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?
Оқушы-Жалғас : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.
—-
Оқушы- Жалғас: Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?
——
Оқушы-Жалғас: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы дос бола алады ?
——
Оқушы-Жалғас: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.
Дәптер-Бекзат: Мен дәптермін. Маған жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза жазса, 5- тік деген баға алады.
Қарындаш-Расул: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін — мені ұқыпты ұстамасаң мен ренжимін.
—-
А – ақылды азамат болайық ! Расул
—
Хормен: Мектеп –
қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Өшіргіш-Нұрасыл: Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.
——-
А – айбынды болайық! Нұрасыл
——
Хормен: Мектеп –
қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тілашар" тәрбие сағаты 1- сынып

шағым қалдыра аласыз