ТІЛДЕН АСҚАН БАЙЛЫҚ ЖОҚ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТІЛДЕН АСҚАН БАЙЛЫҚ ЖОҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл - ұлттың жаны. Тіл туралы қанша толғасақта аздық етеді. Бұл эсседе ана тіліміздің қадір - қасиеті туралы толық қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілден асқан байлық жоқ

Дауға салса - алмастай қиған,сезімге салса - қорғасындай балқыған, ойға салса - қырандай қалқыған, ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!(Н.Ә.Назарбаев )

Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына. Тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына.
Тіл - өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы.

Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.
Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «… Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – 
тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, Сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ», - деп тіл жайында терең толғанған екен.Б. Момышұлының "Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту"- деген болатын. Сондықтан тілімізді ұмытпай, әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп білемін. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай сақтап , орынсыз шұбарлануына қарсы тұруымыз керек.
Бауыржан Момышұлы «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп, текке айтпаса керек – ті.Ата-бабамыздан қалған асыл қазынатілімізді 

сақтаудың тиімді жолы, әр қазақ  отбасында ана тілінде сөйлеп, сол тілде болашақ ұрпаққа тәрбие беруге тиіс.

Ақын Оразақын Асқар «Тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде:

Ана тілде ата-баба сыры бар,

Аудармадан түп нұсқадайкім ұғар.

Өсекелеқұстыңтілің білсең де,

Ана тілсізоныңқандайқұны бар»,-деп өлеңжолдарындаөзтілің анаңның тілі,әкеңніңтілі, туғанхалықтыңтілі екенін тілге тиек еткен.

Әрбір ұлттың алтын діңгегі, ажырамас бөлігі де – осы тіл. Ұлттың азаттығы мен ашық аспанының, ұлт болып қалыптасуының, мәңгілікке қол созып, көз тастауының, биіктерге ұмтылуының алғышарты ұлы тілінің асқақтауында жатыр.

Тағылымы биік, аңыз бен ақиқатты ұштастырған жұмбақ сыр мен тылсымға толы тарих беттеріне үңілсек, халқымыз сөз құдіретіне кем емес екенін ұғамыз. Бір ауыз сөзбен дауды тоқтатып, бір ауыз сөзбен жауды қайтарған, білек күшімен емес, терең ой мен ақыл парасаттың арқасында елге сыйлы болған даналарымыз қаншама?! Өзі өмір сүрген заманда қазақ зиялыларының әрқайсысы тілдің ұмыт болмауы үшін қосқан үлестері ұшан теңіз. Жанға медеті де осы. Ұлттық рух пен ұлттық ой-санамыздың биік тұғырынан түспеуі – зиялылардың ел үшін жасаған ерлігініңарқасы.Нәтижесі - көріп жүрген көк туы желбіреп, әнұраны асқақтаған тәуелсіздіктің арайлап атқан әрбір ақ таңы.

Қоғам тіл мен пікірге бай болған сайын, қайратты бола түседі. Халық қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемдігін сақтаса, сол деңгейде өмір сүреді. Өткеннен аманат болып жеткен қастерлі тіліміз алтын тұғырында мәңгі тұрақтаса, одан артық ел үшін бақыт болмас еді. Түбі бір түркі, тілі ұқсас қырғыз халқының заңғар жазушысы Шыңғыс Айтыматовтың: "Халықтың мәңгі ғұмыры – тілінде. Әрбір тіл халқы үшін – ұлы",– деген сөзі бар. Тілі біртіндеп жоғалған ұлттың уақыт өте келе өзі де тарих сахнасынан жоғалары анық.Біздің бар болмысымыз қастерлі тілімізді қадірлеуден сипат алады.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы, қадір-қасиеті Елбасын да аз ойландырып, аз толғандарып жүрген жоқ. Бір сөзінде, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Анна тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», - десе, кейінгі Жолдауында айтылған: «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың анна тілін одан әрі дамытуға күш жігерімізді жұмсауымыз керек», - деген сөзінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші фактор екенін айқын дәлелдеп отыр.

«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы  түпкілікті емес. Күндердің күнінде  сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі  жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.

 

 











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2024
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі