Бастауыш сынып бірлестігінің
ұйымдастыруымен өткізілген «Тілдер
апталығының»
жабылу салтанатты
концерті.
«Жасай бер, ана тілім, қазақ
тілім!»
Қош келіпсіздер, құрметті
ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары!
Бүгін біз апта бойы мерекелік
көңіл-күймен өткізілген ҚР Тілдері апталығын аяқтағалы
отырмыз.Осынау кең байтақ республикамызды мекендеген әрбір тіл,ұлт
өкілдеріне құрмет ретінде біздің бастауыш бүлдіршіндері өздерінің
керемет әндерін өздеріңіздің назарларыңызға ұсынғалы келді.Олай
болса әнші балапандарымызды қошеметпен қарсы
алыңыздар!
Жылаған алғашқы іңгә үнмен
тілім, Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.
Жағымды ана әлдиі, ақ
сүтімен,
Жүрегіме, қаныма сіңген
тілім!
Жанымды жадыратқан бала
тілім,
Жыр-ертек жаттаттырған дана
тілім!
Жаралып жермен бірге күн
көзімен,
Жасасқан қазақ тілі – ана
тілім! 1.Айасыл Шекербек . «Жаным қазақ»
Жарысқан жыл құсымен үнді
тілім,
Жарысқан дала желмен сырлы
тілім!
Жиханкез желмаялы Асан
қайғы,
Жер-жерге баға берген сынды
тілім!
2. Гүлназ Көшкінбай. «Бал
балалық»
Жырлатқан қазақтардың
қазақтығын,
Жырлатқан елдік - ерлік
азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы
болған,
Жауынгер ана тілім - қазақ
тілім!
3. Аружан Қынабек.
«Әкелер»
Туған тілім - тірлігімнің
айғағы,
Тілім барда айтылар сөз
ойдағы.
Өссе тілім - мен де бірге
өсемін,
Өшсе тілім - мен де бірге
өшемін.
4. Азамат Бектай.
«Атамекен»
Ана тілім – бала шағым,
өркенім,
Ана тілім - болашағым,
ертеңім.
Ана тілім - сайын далам,
жер-көгім ,
Ана тілім – арман, ойым,
өрнегім!
5. Ұлтөре Сансызбай. «Ана
тілім»
Ана тілді білмесем,
Шат-шадыман күлмес ем.
Жер бетінде сайрандап, қазақ
болып жүрмес ем!
6. Назерке Артықбаева.
«Қазағым»
Ана тілім бәрін сөйлер
шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не
білем?
Тілім барда ғана мынау
ғаламда,
Кілтін табар саналысы
сезінем!
О, адамдар, қадіріне
жетіңдер!
Ана тілің – Анаң, сыйлап
өтіңдер!
7. Бекзат Назарқұл «Алға,
Қазақстан!»
Кенің бай, келімің мол қазақ
тілім!
Дыбысын теріп сөз ғып буған
гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік сен
ең,
Мен қосып тауыса алмас қусам
білім!
8. Сәрсенбай Әсел, Төлегенова
Әсел. « Анамның тілі – аяулы үні»
Қадірменді достар, ұстаздар,
қонақтар! Осымен біз мерекелік концертімізді аяқтаймыз, және
концертіміздің соңын бастауыштан кеше ғана қанат қағып, түлеп ұшқан
керемет талантты әнші қызымыз – Фазлитдин Динараның орындауындағы
«Көкке өрле» әнімен аяқтаймыз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!