Тілдер күніне арналған «Тіл - ұлттың жаны» атты іс - шара (3 – 4 сыныптар)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілдер күніне арналған «Тіл - ұлттың жаны» атты іс - шара (3 – 4 сыныптар)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдер күніне арналған «Тіл - ұлттың жаны»атты іс - шара 3 – 4 сыныптар арасында,оқушыларды ізденуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дағдыландыру; оқушылардың ауызша ой – өрісін дамыту, туған тілін сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге, тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы







Тілдер күніне арналған

«Тіл - ұлттың жаны»

атты іс - шара



(3 – 4 сыныптар)







Қазақ тілі мұғалімі: Шаяхметова Р.С.

















Внеклассное мероприятие на неделю языков

Тіл - ұлттың жаны.

Мақсаты: оқушыларды ізденуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында сөз сөйлеуге  дағдыландыру; оқушылардың  ауызша  ой – өрісін дамыту, туған тілін сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге, тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  интерактивті тақта, мақал – мателдер, бейне таспа.

Түрі:  сайыс

Әдіс тәсілі:  сұрақ-жауап,  түрлі  тапсырмалар.

Іс-шараның барысы:

-Құрметті ұстаздар, оқушылар! « 22 – қыркүйек –тілдер мерекесіне» арнап өткізген « Тіл – ұлттың жаны»   атты сайысымызға қош келдіңіздер!

         Алдымызға  қойылған мақсат – қазақ  тілінің мәртебесін көтеру. Балалардың тіліне, еліне сүйіспеншіліктерін арттыру.

         «Халықтың мәңгі ғұмыры-оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін  - ұлы,»- деген Шыңғыс Айтматов, сондықтан әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.

         Ортаға 4-сынып оқушыларын шақырамыз.

1-оқушы: - Сүйемін туған тілді-анам тілін,

                   Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

                   Шыр  етіп жерге түскен минутымнан

                   Құлағыма сіңірген таныс үнім.

 2-оқушы: - Туған тілде сыры терең жаным бар,

                   Туған тілде әнім менен сәнім бар.

                   Туған тілім тіл болудан қалса егер,

                   Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

3-оқушы: - Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

                   Тілім барда айтылар сыр ойдағы!

                   Өссе тілім – мен де бірге өсемін,

                   Өшсе тілім  мен де бірге өшемін!

 4-оқушы: - Сақтар болсаң халқынды – тілді сақта,

                   Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!

                   Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел

                   Базарлайсың  қалтаңда ақшаң жатса.

5-оқушы: - Көп тіл білсең – көкжиегің кең болар,

                   Құрметтейді кісі екен деп төрге озар!

Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы –

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар!

6-оқушы: - Ана тілін білмеген –

                   Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас!

-Ал, енді, әділқазылар алқасымен таныстырайық. Әділ баға беретін мұғалімдер... 

         Қатысушылар – 4-сынып оқушылары. Әр сыныптан 5 оқушы келіп отыр. Топтар өздерін таныстырады.

Сайыс 5 кезеңмен өткізіледі және 5 ұпайлық жүйемен бағаланады.

Сайыстың барысы:

кезең: « Дода»

кезең: «Полиглот»

кезең: «Зерде»

кезең: « Сөз мәйегі-мақал»

кезең: « Сен білесің бе?»

 кезең. «Дода». 

Әр топ берілген сұрақтарға тез жауап және нақты жауап берулері керек.

 топқа:

1.    Қазақстан қандай мемлекет?

2.    Көктем мезгілінде неше мереке бар?

3.    Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

4.    Қазақстанның мемлекеттік тілі?

5.    Қыста не жауады?

6.    Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады?

7.    Күздің бірінші айы?

8.    Қазақстанның туының түсі қандай?

9.    Бір тәулікте неше сағат бар?

10.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

топқа:

1.    Наурызда пісірілетін тағам?

2.    Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата.

3.    Күз айларын ата

4.    Тышқаннан қорқатын аң.

5.    Атақты күйшілерді ата.

6.    Жалғаудың неше түрі бар?

7.    «Бұл», «мынау», «сол» сөздері есімдіктің қай түріне жатады?

8.    Тамақты бұзбайтын салқын жәшік.

9.    Кішкентай сәби тез жүріп кету үшін қандай рәсім жасалады?

10.Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын қалай аталады?

  кезең: «Полиглот»

-Ең бай адам – көп тілді меңгерген адам. Ал, көп тілде еркін сөйлейтін адамды – ғылым тілімен «полиглот» дейміз. Сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын табасындар. Оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аударасындар.

1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылын болса аттама

(кітап-книга-а book)

2. Түк білмей барасың,

Тәлімін аласың.

Есейіп кетесің де,

Қарыз болып қаласың.

(мектеп-школа-a school)

 

3. Темір тілді,

Күміс үнді.

(Қоңырау-звонок-a bell)

4. Суға батпайды,

Отқа жанбайды

(мұз-лёд-ice)

 

 кезең-«Зерде».  

Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет.

1.Бейнелеген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.

( Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген).

2. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың.

( Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді)

  кезең. – « Сөз мәйегі – мақал».

 Тіл туралы мақал-мәтелдерді кім көп біледі? – сайысын көрермендермен  өткізу.

1.Жақсы сөз – ( жарым ырыс)

2. Піл көтермегенді (тіл көтереді)

3.Сөз қадірін білмеген ( өз қадірін білмейді).

4.Жақсы сөз – (жан азығы).

5.Ананың сүті – бал, (баланың тілі – бал)

6.Өнер алды – ( қызыл тіл)

7.Қылыштан  өткір не? (тіл)

8.Басқа пәле – ( тілден)

9. Бас кеспек болса да, ( тіл кеспек жоқ)

  кезең. – « Сен білесің бе?».

Тақтада берілген  алты ұяшықта сұрақтар мен бейне суреттер бар. Берілген тапсырмаларға ойланып дұрыс жауап берейік.

 1   2   3

4   5   6   

 1.Қандай өнер түрлері бар?

2. Қазақтың неше музыкалық аспабы болған?

3. Бейнесурет.

4. Бие сүтінен дайындалатын емдік сусын?

5. Тіл туралы  заң қашан қабылданды?

6. Бейнесурет.

  «Жасыл жайлау» әні орындалады.

  «Қазылар орнықтырар  әділдікті,

    Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

    Білім мен тапқырлықтың сайысында

    Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!»

- дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.

            Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

            Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық

            Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

            Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

дей отырып, бүгінгі  сайысымызды  аяқтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі