Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы : Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіл - адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра. Тіл тек адамзатпен ғана емес, қоғаммен, тарихпен тығыз байланысты.

Тіл - қоғамдық құбылыс

Тіл - қатынас құралы

Тіл - тарихи құбылыс


Адамзат қоғамы үнемі

даму, жетілу үстінде

болады. Тіл қоғамда

туып, дамиды,

қоғамға қызмет етеді.

Өйткені қоғамдағы

өзгерістердің

бәрі тіл арқылы

көрініп, тіл арқылы

кейінгілерге беріледі.

Тілдің дамуының

өзі қоғамның даму

өзгерістеріне байла-

нысты.

Адамдар тіл арқылы

бір-бірімен хабарла-

сады, пікір алмаса-

ды. Адам өз ойын

жарыққа тіл арқы-

лы шығарады. Тіл -

адамдардың қарым-

қатынасының басты

құралы.

Адамзат өз

қолданысына қарай

тілдердің дамуына,

өрістеуіне ықпал

етеді.

Әлемдегі тілдер

сияқты қазақ

тілінің де

қалыптасу, даму

тарихы бар.

Тілдің шығуы мен

қалыптасуы және

даму кезеңдерін

тарихи тұрғыдан

қарастыру арқылы

біз тілдің тарихи

құбылыс екеніне

көз жеткіземіз.

Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? Жоғарыда көрсетілген кестені пайдалана отырып, «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.

Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.


Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : «Тілім,тірегім,соғып тұрған жүрегім!» тақырыбына шығарма жазып келу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.01.2019
739
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі