1.«Ғажайып жұлдызша»
Балалар қол ұстасып, шеңберге тұрады. Тәрбиеші үлкен «ғажайып жұлдызшаны» көрсетіп, оны бір-біріне беру арқылы балалардың танысуын ұсынады. Тәрбиеші танысуды өзінен бастайды.Әр бала өз есімдерің жағымды көңіл-күймен қайталайды.
2.Жылулық шеңбері
Балалар бір-бірімен амандасып, «Менің ата-анам(есімдерің айтып)бәріңе сәлем жолдайды» – деп өзара қуаныш сыйлайды.Тәрбиеші әңгімені қорытындылайды. «Міне, балалар біздің тобымыз үлкен жанұяға ұқсайды,өйткені біз бір-біріміз арқылы ата-аналарымызбен де танысып жатырмыз».
3.Жылулық шеңбері
Тәрбиеші үйге кіргенде сәлем берумен қатар бас киімдерін шешіп,қолына алғаны жөнінде екендігін естеріңе салады.
Отырса егер қарсы алда,жасы үлкен қарт адам «Ассалаумағалейкум»-деп ұсынып, қос қолын ұлдар жасар өз жолын.
4.«Ғажайып жылулық шынжыры»
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, жылы күлкілерің сыйлайды.Тәрбиеші күлкінің маңызыңа тоқталады.
5.«Тілек шоғы»
Тәрбиеші ғажайып гүлдер қалашығына саяхат жасайтынын хабарлап,балаларға әдемі раушан гүлдерін үлестіріп береді. Балалар гүлдің жұпар иісі,түсі,құрылысы (сабағы,күлтешелері) туралы әңгімелейді.
Тәрбиеші қолыңдағы гүлді жанында тұрған балаға есімің атап,жылы сөз айтып ұсынады.Бала тәрбиешінің ұсынған гүлдің өзінң гүлімен бірге тілек айта отырып,келесі балаға береді.Балалар кезекпен гүлді жылы сөз айтып, бір-біріне береді. Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы» болып, тәрбиешінің өзіне оралады. «Кімде-кім жақсылық жасап, жылы тілек білдірсе, ол өзіне қайта «тілек шоғы» болып жақсылықпен оралады».
6.«Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері «Мен және аспан»
Тәрбиеші балалардың назарын аспанның әдемілігіне назар аударады. Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады: үлпілдек ақша бұлттарға, жауар бұлттай түнерген аспанға, мейірімді жылы күнге, ай мен жұлдыздарға, қарлығашқа, бозторғайға, шымшыққа, бүркітке, т.б. айналады.
Тәрбиеші қарлығаштың балаларға жіберген сәлем хатын оқуға ұсыныс жасайды.
7.Жылулық шеңбері
Балар өздеріне ұнаған ағашқа тағы да жаңындағы, оны құшақтап 1-2 минут көздерін жұмып, «табиғат әуенін» тыңдап тұрады.Үлкендермен бірге табиғатқа ризашылықтарын білдіреді.
Жылу берген Күнің үшін рахмет!
Өсім берген Суың үшін рахмет!
Тіршілік берген Жерің үшін рахмет!
8.«Еркелету» жылулық шеңбері
Тәрбиеші балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады.Балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естаріңе түсіріп,бір-біріңе жылы сөздер сыйлайды.
9.Жылулық шеңбері
Балалар терезенің алдына жақындап отырып қолдарын,беттерін күн шуағының жылуынан жылытады.
Амаңсын ба, Алтын күн!
Амансың ба, достарым, сендерді көрсем қуанам!
10.«Достық шеңбері»
Балалар шеңберге жиналады. Тәрбиеші ортаға орындық қойып, кез-келген балаға отыруды ұсынады.(ұялшақ, өзіне сенімсіз, жасқаншақ баланы шақырған жөн).
Тәрбиеші күлгін көзілдірікті киіп (күн сәулесінен қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірікті жарайды). Ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады да,ортада отырған баланың жақсы қасиеттерін атайды. Балалар қалаулары бойынша бір-бірлерін мадақтайды.

Қыс
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғалап жастар ойнайды.
Кейде улып,
Кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім, айтыңдарш,
Бұл қай кезде болады?
Аспанның сүті –ақ қары,
Ұнтақ боп зулайды алдан.
Ағаштың бұтақтары,
Сым-тікен аумай қалған.
Шашқандай түнде күміс,
Аспан, жер екі арасы.
Сияқты бұл көрініс,
Аяздың шекарасы.
Марал, Зада мақтана,
Соқты дейді аққала.
Мен қызықтап көріп ем,
Аққала емес-ақбала.
Далада қар борайды,
Ақ мамықққа орайды.
Мұз болады- қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса, жаусын ақша қар!
Бейне ақ бұлт қалыпты,
Аулаға қар толыпты.
Атам аңға шығатын,
Нағыз сотқар болыпты.
Інім тұрып ертерек,
Айтты маған еркелеп.
Бір-ақ түнде қарашы,
Қар өсіпті жерге!-деп.
Аққу мамық ұлпа қар,
Жамылады қырқалар.
Шымшып аяз бетіңді,
Ширатады етіңді.
Мұздан моншақ тағылып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күткен сағынып.
Кел билейін сенімен,
Дедім- тартып жеңінен.
Еріп кетпе Ақшақар,
Адамдардың демімен.
Көктем
Қар еріп,
Су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Сылдыр қағып ақ бұлақ,
Күйге салып жатты бақ.
Таудан аққан өзен де,
Гүрілдеді қаттырақ.
Жайрандасып жас, кәрі,
Құстар келе бастады.
Қыс киген ақ шапанды,
Көктем сөгіп тастады.
Көлдің мұзын күн тесті,
Аппақ тоңын жер шешті.
Жан-жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Жерді жапты көк кілем,
Ондай кілем жоқ, білем.
Көктем келді күлімдеп,
«Міне саған гүлім»! - деп.
Көлкіген су айнала,
Малтығып тұр тал, қайың.
Қарайды айдың-айнаға,
Шымшық қағып таңдайын.
Тентек жаңбыр терезені
Бытырамын атып тұр
Кенеледі
Жер өзегі
Рақатқа батып қыр
Күркіретіп
Дүркіретіп
Мына келген көктем бе?
Алаңым да
Адамым да
Жадырады-ау, малқып бір!
Қырдан ескен самалында
От иісі аңқып тұр
Тентек жаңбыр тереземді
Бытырамен тұр атып,
Қандырайын келеземді.
Айхай, көктем!
Тура тур.
Өткен жыл көктемде
Бала едім тым кіші
Кім білсін өкпелеп
Кетті ме жыл құсы
Өтті тез оны екі ай
Енді мен үлкенмін
Келісе ұшып көп торғай
Өзім-ақ күтемін.
Менде енді бәрі әзір
Балға да шеге де
Жасаймын мен қазір
«Қонақ үй» төбеге.
Жаз
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан – жануар, адамзат анталаса,
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Жаз деген
Көктемнің жалғасы,
Пісетін бұл кезде,
Балбырап өрігі.
Мейізі, алмасы
Тосады алдыңа,
Бал дәмін алғашқы.
Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылып,
Күніне күйемін.
Жаз келіпті дегенше,
Қарбыз пісті дегейсің.
Бақшамызда ендеше,
Қауын – қарбыз көбейсін.
Жаз келіпті дегенше,
Жайлау бардық дегейсің.
Жайлаудағы ендеше,
Қой – қозылар көбейсін.
Ой, балалар, балалар!
Жылы – жылы жел соқты.
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл – қаңқыл қаз кепті.
Желпілдейді көк майса,
Желіндейді мал тойса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әне, апамдар қой сауған
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек!
Жайнап тұрған бақшаңда,
Гүлдерімді көре кет.
Күз
Абыройсың, бағың – бұл,
Көңілдегі әнді тербет.
Арналады саған жыр,
Алақай, алақай.
Шаттанды балақай,
Береке салты – күз,
Мереке – алтын күз.
Көрініп еліме,
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
Қамба толы астыққа,
Алғыс саған, алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап – қап қауын алдық біз.
Қайтқан құсты көрдіңбе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдіңбе,
Сыңсып бағың мәуелеп.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Тербеледі ағаштар,
Қызыл, сары, атырап.
Сусып жерге түседі,
Алтын түстес жапырақ.
Жомарт көңіл, жарқын күз,
Берекесі халқымның.
Қош келіпсің, Алтын күз,
Құт қонағы төрімнің.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тілек шеңбері

шағым қалдыра аласыз