Тілге құрмет – елге құрмет
Мақсаты: Қазақстанда өмір сүретін
халықтардың әдет – ғұрпын, дәстүр – тарихын, тілін қастерлеп,
бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз
екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тіліне деген
құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін
нығайту.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, музыка
жазылған үнтаспа, слайдтар, тіл туралы нақыл
сөздер,сөзжұмбақ.
Барысы.
Мұғалім:
Туған
тілім – бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім – анам тілім, өз тілім,
Туған тілім – далам тілім, өз тілім,
Туған тілім – адам тілі, өз тілім.
Армысыздыр құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздер
тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған « Тілге құрмет – елге
құрмет» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!
Добро пожаловать учителья и ученики на
праздничный вечер, посвященный Дня языков народа
Казахстана!
От Каспия до родного
Алтая,
Она легла, Республика моя.
Просторная, как океаны,
Большая, богатая казахская земля!
Тіл – халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа
жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Елімізде 130-дан астам ұлт
өкілдері өмір сүріп келеді. Әр халықтың өзінің ана тілі,дәстүрі
бар.
В нашей республике живут люди
разных национальностей. И все мы живем в многонациональном
государстве в мире, дружбе и согласии между народами. У нас нет
межнациональных конфликтов. Почему ? Благодаря правильной политике,
которую ведет наш Президент Н. А. Назарбаев. Наше молодое
государство процветает и живет в мире и согласии. Мир так важен для
всех
(Әнұран
шырқалады.)
Көрініс: «Бір шаңырақ
астында»
(
Күй ойнап
тұрады. Сахнада қазақ отбасы дастархан басында
отырады.)
Мұғалім:
Жайылған
қазағымның дастарханы,
Көгінде күмбірлеген асқар әні.
Құшағын кеңге жайған бұл халқымның,
Бұйырған бар халыққа тұз ,бен
дәмі.
(Сахнаға орыс отбасы келеді)
Орыс: Амансыздар ма? Біз
отбасымызбен бірге осы жерге қоныс аударған болатынбыз. Қазірге
барар жеріміз болмай тұр.
Қазақ:
Оу, сол
да сөз болып па ? Менің жерім – сенің жерің. Менің үйім – сенің
үйің. Төрлет қәне.
(Сахнаға кәріс отбасы
келеді.)
Кәріс:
Амансыздар ма ? Біз отбасымызбен бірге осы жерге қоныс
аударған болатынбыз. Қазірге барар жеріміз болмай тұр. Көмек бере
аласыздар ма ?
Қазақ:
Оу,
бауырым, сол да сөз болып па ? Қазақ халқы – қашаннан қонақжай
халық. Төрлет қәне.
(Тіл тақырыбында түрлі ұлт
өкілдерінің мәнерлеп оқуы.)
Орыс:
Мен
орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,
Қастерлеймін тарихын, салт – дәстүрін.
Өйткені мен өркендеп осы жерде,
Топырағын қазақтың басып өстім.
Өзбек:
Мен
өзбекпін, сүйемін қазақ жерін,
Қазақ жері – ол менің туған жерім.
« Жолдас болсаң қазақпен адаспассың»
Деген өзбек мақалын жаттап өстім.
Неміс:
Мен
неміспін, сүйемін қазақ тілін,
Қаймағы бұзылмаған таза тілін.
Қазақ тілі лайық деп білем мен,
Болуға да ортақ тіл немістердің.
Қазақ:
Мен
қазақпын, иесімін кең даламның,
Талай жаудан бұл даланы қорғаған.
Өзгелердің басына күн туғанда,
Жат көрместен құшақ жайып қарсы алған.
Долго мой край был октуан в туман,
Теперь здесь родился родной Казахстан,
Зрелости полной достиг мой народ
В созвездии братских стран.
Мұғалім:
Ән:
Казахская земля.
Мұғалім:
Енді оқушылар « Білім ағашының
сұрағын шешейік.Мына алмаларда
орысша сөздердің қазақша баламалары бар. Соны
тауып ағашқа қадайсыңдар.
Ребята это деревья –
знания
Тіл - язык
Ту – флаг, знамя
Елтаңба – герб
Әнұран – гимн
Мемлекет – государство
Елбасы – президент
Сөзжұмбақ
шешу.
-
Столица – астана
-
Книга – кітап
-
Класс – сынып
-
Родина – отан
Мұғалім: Мына жерде жатқан әріптерден
сөз құрайсындар. Ол сөздерден қазақ жерінде тұратын ұлт өкілдерінің
аты шығады.
1.Өзбек
2.Украин
3. Орыс
4. Шешен
5. Қазақ
Мұғалім: Оқушылардың биін
тамашалайық!
(Қара жорға биі.)
Мұғалім: Қазақстанда тұратын
барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт
өмір кешіп жатыр. Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз
бейбітшілік туын жоғары көтеріп, болашаққа нық қадам
басайық.
Егеменді
еліміздің бұдан әрі де бейбіт жолмен өркендете береміз десек, әрбір
ұстаз бен ата – ана, саналы ұлт өкілдері
«Ынтымақ елдікке
жеткізеді,
Береке бірлікке жеткізеді»
деген халық қағидасын үнемі іс пен әрекеттің пәрменді құралы
ретінде естен шығармауымыз керек.
Дружбой
нужно дорожить. Будет дружба – будет мир. А если будет мир, то наше
государство будет процветать с каждым годом все больше и больше. Но
для того, чтобы наша Республика Казахстан процветала и развивалась,
нам нужен не только мир, а также умные и образованные люди. Сейчас
у вас одна обязанность – учиться хорошо, потому что вы – будущее
нашей страны, от вас зависит благополучие нашей
страны.
Құрастырған : Джакупова Б.О
«Жезкент кентінің мектеп-лицейінің» қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі