Материалдар / Тілі басқа, тілегі бір
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тілі басқа, тілегі бір

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2019
1475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: ТІЛІ БАСҚА, ТІЛЕГІ БІР

Мақсаты: ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. «бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен - тегін айта салмаса керек. Қазақстан халқының бірлігі кұні мерекесі бүгінігі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, туралы түсінік беру.

Ана тәрбиеші

Кіріспе сөз

«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады...»

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді», - деп дана халқымыз айтқандай 1 – мамыр мерекесі келе жатыр. Міне, тәуелсіз Қазақстан халқы кезекті Бірлік мерекесін тойламақ. 1 – мамыр бұрындары халықаралық ынтымақ күні ретінде мерекеленсе, қазір елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні ретінде аталады.

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық пен келісімді паш етеді.

Ана тәрбиеші

Бүгінгі «Тілі басқа, тілегі бар» атты тәрбие сағатымызда әр түрлі ұлттардың мәдениетін сөз етеміз. Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, «Кең болсаң, кем болмайсың» дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Анна

Қазақа осы – айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы – ағыл – тегіл, көл – көсір.

Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз – Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.

Ана тәрбиеші: Енді әр ұлттар туралы мәлімет беру.

Ұйғыр ұлты: Ұйғырлар таранчы деп атайды. Ұйғырлардың мекені – Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиясы, онда 12 млн. ұйғыр тұрады екен. Олар 3 топқа бөлінеді: отандық, турфандық, қашғарлық. Қазақстандағы, яғни Алматы облысы бойындағы жер аударылып келген ұйғырларды жетісулық деп атайды. Олардың алғашқы легі сонау 1876-77 жылдары Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы көтерілістен соң бәрі Жетісуға өтуімен басталды. Қазақстардың кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында біздің ұйғыр халқы да өсіп өніп, жақсы тіршіліккешуде. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға бай. Ал байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайтып, бір – бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі кең, бауырмал қазақ елі!

Өзбек ұлты туралы мәлімет: Өзбекті сарт деп те атайды. Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, қыз берісіп, тату – тәтті өмір сүрудеміз. Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтлған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елімнің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілеймін!

Бұралып гөзел біздің билегенде,

Өзбектің асқақ әні тербегенде.

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар, айтындаршы қандай пенде?!

Кәріс халқының туралы мәлімет. Кәрістер коре сарам, часон сарам, ханчук сарам болып үшке бөлінеді. Кәрістердің Қазақстанға келуі сол сталиндік репрессия кезінде Қиыр Шығыстан депортацияға ұшырауынан басталады. (Осы кезде бір бала шығып корей ақыны Ен Сен Неннің өлеңін оқиды). 1937 жыл еді.

Поезд жүйткіп келеді.

Терезеден тұрмын қарап таңдана:

Дала, дала, кең дала.

Содан кейін азаптан торыққаным есімде,

Содан кейін қазақтарға жолыққаным есімде.

Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,

Құрмет қылып ән салғаны есімде.

Жоқ, ұмытпан,

Ұмыта алман жандарды ол,

Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.

Қазақстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!

Жеттім сенде арманыма аңсаған.

Қарыздармын. Бас иемін мен саған.

Бас иемін сенде туып,

Сенде ержетіп оқыған,

Саған келіп ес жинаған өзімдей

Кәрістердің атынан.

Украин халқы туралы мәлімет. Мүмкіндікті пайдалана отырып айтарым: қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып жүру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық. Құдайға шүкір, конституциялыұ құқығымыз да ел қатарлы қорғалуда. Біз қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді қалаймыз. Ешкім ешқашанда ұрыс – керіс, жанжал, айғай – шумен жақсы тұрмыс жасай алмайды. Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!

Түрік ассамблясы. Түріктер сталиндік репрессия кесірінен Грузияның оңтүстігі Месхет деген жерден Қазақстанға жер аударылған. Түрік мәдени орталығы Алматыда 1991 жылы құрылған.

Түркістан Түркістан – екі дүние есігі ғой.

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістан жерде туған,

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе,

Түрікке азаматта ел жеткен бе?!

Кең ақыл отты қайрат, жүйрік қиыл,

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Мағжан Жұмабаев

Дүнген халқы туралы. Дүнген, лохуэй, хуэй (аудармасы – қайта келген халық), еліміз – Қытай. 1758 жылы Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы шыққан дүнгендер 1876-77 жылдардағы репрессияға ұшырамау үшін халық батыры Биянху бастап 4 мың адам тау асып Жетісуға келдік.

Күрдтер ұлт туралы. Отанынан айырылған, тағдыры мұңлы халық. Олар ертеде Кіші Азия мен Иран тауларының түйіскен жерінде орналасқан үлкен таулы мемлкет Күрдістанда тұрақтаған. Бүгінде күрділер Иран, Сирия , Түркия, Қазақстан жерлерінде өмір сүреді. Өмірдің қиын жағдайы күрдтердің туған жерін тастап, басқа елдерде қоныстануына әкеп соқтырған. 1989 жылы күрд халқының қоғамдық – мәдени орталығы құрылған.

Нұрбол Запыран жұтқан жылдар оралмасын, еліміз жоғалмасын, тоналмасын. Заман тыныш, санаң дұрыс, қайран елім енді қайтіп көрмесінші бодандықты басың! Тамыры терең рухың тас жарып шықты қайтадан, даламды тербеп байтақ үн, оянып қайта ой-санам, арылып алаң қүдіктен, боашаққа үмітпен қарап, өмір атты айдында өрге жүзін кемеміз, қарқындап есіп келеміз.

Ират Қайта оралып өткенім, қайта жанып өшкенім, қайта түлеп көктедім. Ендігі бізге керегі ынтымақты-ырысты, берекелі-бірлікті, бір жағадан бас , бір жеңнен қол шығарған, татулық туын ұстаған, басынан бағы ұшпаған еліндегі таныштықты, жеріндегі ырыс-құтты сақтайтын, басқа елдер санасатын, түсінісіп жарасатын терезесі тең, керегесі кең ел еді. Алыс – жақын шетелдерде, бабаларым ат ізін салмаған мекендер де Қазақстанды танып, назарына алып жатыр. Бірлігіме әлі талай ел қызығар!

Анна Себебі сайын дала төріне, Сарыарқаның жеріне, сан ғасырлық тарихы бар елдігімізді білгізіп, Елордамызды тұрғызып алдық. Нұр-Сұлтанның келбетіне қарасаң, өзгеріс бар орасан. Сән – салтанат сұлулыққа малынған Сарыарқаның нақ төріне салынған көп қабатты зәулім үйлер ормандай, мәңгі биік рухымыз болғандай, ұрпақ үшін бой көтерген қорғандай, Елорданың келбетіне қазір қалай тұрсың толғанбай?! Жас қаламыз, Бас қаламыз, Нұр-Сұлтанымыз өсе берсін өскен сайын ұлтымыздың көгертеді көсегесін!

Намыстан жаратылған нағыз ұлт дара тұрған қазағым өзің едің, қайрылма қанатыңнан, айырылма тіл – дініңнен, арайлы болсын бір күнің бір күніңнен. Ошағың қисаймастан, шаңырағың шайқалмастан түтінің түзу шықсын түндігіңнен. Жас мемлекет саналсақ та, жан берісіп, жан алсақ та, сұқтанған суық көзден ата-жұртыңды аман сақта нар ұлдары қазақтың. Өйткені біздің далаға ынтызар болмайтын кімдер, бүкіл әлем қызығар орнайды күндер. Ананың жасы Арудың ары, Батырдың қаны төгілген бұл даланы көздеріңнің қарашығындай қорғай біліңдер, бізден кейінгі ұрпақ! Өйткені біздің мемлекет кешегі бабабларым табыстаған, сәт сайын сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

(Осы кезде бәрі бірігіп Қазақстанның Әнұранын орындайды)

Ират Ия, біз қазақ деген көл – дариядай кеңбіз ғой, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым – қатынапста, татулықта тұрып жатырмыз. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген сөз әр қазақтың көкірегінде сайрап жатқан болар.

Нұрдәулет Әрине, қазақтың қай тойы батасыз аяқталған?! Олай болса, мен бүгінгі кездесуді Оразақын Асқар ағамыздың айтқан батасымен аяқтағым келеді.

Елбасымыз алысты көрсін,

Ел – жұртымыз табысты болсын.

Қыздарымыз сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын.

Көршілеріміз тыныш болсын,

Малымыз төлдеп, дастарханымызға ырыс толсын.

Рудан өсіп, ұл өзін сыйлап,

Ала алсын асылын жинап,

Алаштың азаматтары бір ауызды болсын.

Мәдениетіміз мәңгі болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та, бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын! (Әумин)

Ана тәрбиеші

Қорытынды сөз

Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км, ал солтүстіктен оңтүстіктен қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздіңжері көлемі – 2 млн 700 мың шаршы километр.


Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Хормен:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асар тау,

Жеміс толы бақша – бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын бізге ну ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!