Материалдар / Тілім менің
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тілім менің

Материал туралы қысқаша түсінік
1989 жылы, 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
222
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тілім менің

1989 жылы, 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. Тілім менің тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің. Өз халқыма жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым, дара тілім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтарындағы Жарлығына сәйкес 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» деген сөзінде үлкен мән жатыр. «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары аяққа басады» — деген екен тіл жанашыры Ғабит Мүсірепов. Тамыры терең, тарихы бай тіл қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар. Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Әр нәрсенің түп-тамыры болатыны сияқты, ана тіліміздің де түп-тамыры бар. Заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов өскелең ұрпақ тілімізбен бірге өсіп - өнеді, тілімізбен бірге өркендейді деген. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ана тіліне тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда қай сала болмасын, реформаның ең басты мақсаты - ой-өрісі жаңаша, мемлекеттік тілді жақсы деңгейде меңгере алатын маман болу. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Тіл саясаты - мемлекеттік саясат, ол егеменді еліміздің берік арқауы, демографиялық, әрі саяси ахуалдың қалыптылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Олай болса, «халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік! Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі жолдауында айтылған «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады. Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр» деген. «Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық. Тіл –ұлттықтың негізгі белгісі, тіл ұмтылса –салт -дәстүріміз де ұмтылады, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметтеу керек, өз тілін білмеген адам ата –баба тарихын ешқашан түсіне алмайды. tarbie.at.ua сайтынан «Тілім менің – тірегім!» Баяндама Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.at.ua сайтының әкімшілігі жауапты емес
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!