400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім менің - тірлігімнің айғағы тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілім менің - тірлігімнің айғағы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Тілім менің - тірлігімнің айғағы

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 7 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру. Ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру. Туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге баулу, тілді құрметтеуге, сүйе білуге, патриотизмге тәрбиелеу. Шығармашылықты, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


- Сәлеметсіңдер ме балалар!

Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын жақсы көңіл-күймен сергіп алайық!


Дүниеде не қатты?

Дүниеде не жұмсақ?

Дүниеде не ащы?

Дүниеде не тәтті?


  • Ия, балалар! Бұл сұрақтардың жауабы – тіл! Тілдің құдіреттілігі осында балалар!


5 қыркүйек қандай мереке білесіңдер ме?

- Тілдер күні мерекесі!


- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?

- қазақ тілі

- Халықаралық қатынас тілдері қандай?

- орыс және ағылшын тілдері



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.





Оқушылар сұрақтарға жауап береді

презентация























Сабақ басы (13 мин)












Ана тілің - арың бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Басқа тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


Көп тіл білетін адамды не дейміз балалар?

- Полиглот


Бір тіл білсең бір адамсың

Екі тіл білсең екі адамсың


Қанша тіл білген сайын соншалықты көкжиегің кеңейе түседі

Жеті түрлі білім білім

Жеті жұрттың тілін біл


Қазір біз «Полиглот» деген айдарымызды бастаймыз

- Сәлем сөздің анасы дейді. Ендеше үш тілде амандасып көрейікші

Берілген сөздерді ағылшын және орыс тілдеріне аудар!

  • Сәлем!

  • Қайырлы таң!

  • Қайырлы күн!

  • Қайырлы кеш!

  • Сау болыңыз!



Оқушылар бірге өлең шумақтарын оқиды












Оқушылар сөздерді ағылшын және орыс тілдеріне аударады



презентация

 











Ортасы (20 мин)


Есіңде сақта!

  • 1989 жылы Қазақ КСР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды.

  • 1993 жылы 1995 жылдары қабылданған Қазақстан Респуликасының жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.

  • 1997 ж. 11 шiлдеде Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы Заң қабылданды.


Бейнеролик тамашалау


Кім жылдам?

Мақал мәтелдің жалғасын тап


1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
10. Тіл қылыштан... (өткір)
11. Піл көтермегенді,...(тіл көтереді)
12. Тілден артық...(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -...( атылған оқ)
18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан...(інінен шығады)
19. Басқа пәле -...(тілден)
20. Білім кілті -... (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)


Білгіштер бекеті


  1. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?

  2. А. Байтұрсынов кім?

  3. Абайдың қанша қара сөзі бар?

  4. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

  5. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

  6. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?



Пазл әдісі


1 топ


Сүйемін туған тілді - анам тілін.

Бесікте жатқанымда берген білім,

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін

2 топ

Ал екінші бақытым - Тілім менің ,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей - кейде дүниеден түңілсемде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


3 топ

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін


Нақыл сөздер

Тіл-мәдениет, тіл-әдебиет,тіл-тарих.Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық.Ұлылардың сөздеріне құлақ салайық.

«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сеніді байлық»

Ғабит Мүсірепов

«Анамыздың ақ сүтімен  бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды,тарихымызды  ұмыту»

Бауыржан Момышұлы

«Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»

Ғабит Мүсірепов

  «Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен  жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік»

Шерхан Мұртаза

Өсиет әңгіме

«Ең қымбат қазына»


Үштілділік туралы көзқарастарың қандай?




Оқушылар берілген ақпараттарды оқып еске сақтайды













Оқушылар мақал мәтелдердің жалғасын табады

















Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді









Оқушылар өлең шумақтарын дұрыс қойып, мәнерлеп оқиды





















Оқушылар ғұламалардың нақыл сөздерін оқиды



















Оқушылар өсиет әңгімені тыңдап өз ойларын ортаға салады


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
246
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі