«Тілім менің ғасырларға - аманат»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тілім менің ғасырларға - аманат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілерге мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету; қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақылсөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 10.09.24

Тақырыбы: «Тілім менің ғасырларға - аманат»

Мақсаты:

Тәрбиеленушілерге мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету; қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақылсөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу;

Көрнекілігі: Ұлағат сөздер жазылған плакат,слайдтар, оқулық, нақыл сөздер

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:   

- Оқушылардың назарын аудару. 
ІІ.Кіріспе сөз:

«Жеке қауіпсіздік» - төтенше қызметтер нөмерін білу.(10мин)

Тәрбиеші: Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты.
          Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген.
Өлеңдер:

1-оқушы: Айнұр

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім,
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлен – жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем әң қалып.
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.



2-оқушы: Ангелина

Родной язык!
Он с детства мне знаком,
На нем впервые я сказала «Мама»,
На нем клялась я в верности упрямой,
И каждый вздох понятен мне на нем.
Родной язык!
Он дорог мне, он мой.
На нем ветра в предгорьях наших свищут,
На нем впервые довелось услышать
Мне лепет птиц зеленою весной.

4-оқушы: Сымбат

Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.

Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.

Мақал-мәтелдер:

1-топ

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).

8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).

9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).

10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).

2-топ

1. Бал тамған тілден ... (у тамған).

2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).

 3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).

4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).

5. Тіл қылыштан ... (өткір).

6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).

8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).

9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).
Жұмбақтар шешу
1. Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (тіс, тіл)
2. Отыз екісі диірмен тартып,

Бір қапқа салады. (тіс, тіл)
3. Екі әскер соғысып жатыр,
Ортасында бір елші. (тіс, тіл)
4. Әрі сүйексіз,
Әрі тиексіз. (тіл)
5. Ақ тоғайдық ішінде
Кісінейді күрең тай. (тіл)
Викториналық сұрақтар:
1. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
3. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
4. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).
6. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
7. Алғашқы романист жазушы кім? (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»).

 Слайдпен жұмыс

«Төмендегі орыс тіліндегі сөздердің аудармасы қандай қазақ есімдерін білдіреді?» деп аталады.
1. Верблюжий глаз (БОТАГӨЗ)
2. Мечта (АРМАН)
3. Надежда (ҮМІТ)
4. Лев (АРЫСТАН)
5. Лунный цветок (АЙГҮЛ)
6. Счастье (БАҚЫТ)
7. Жемчуг (ГАУХАР)
8. Щедрость (ДАРХАН)
9. Яблочный цветок (АЛМАГҮЛ)
10. Cвобода (ЕРКІН)
11. Оленёнок (ҚҰРАЛАЙ)
12. Вершина (АСҚАР

Аударма:

Ұлан-байтақ – широкий
ұлт – национальность
Тілдер күні – день языков
жариялау – объявлять
тойлау – праздновать
ұйымдастыру – организовать
білгір – всезнающий
жүлделі – призовой
сайыс – состязание
мереке - праздник
қызықты – интересный

Қортынды:

Тәрбиеші: «Тілім менің ғасырларға - аманат» атты тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
287
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі