Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім менің-тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тілім менің -тірегім" тақырыбында шығарма
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тілім менің-тірегім.

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің алдыңғы қатарында тұрған- тіл мәселесі. Тілі мен дінін сақтай алмаған мемлекеттің болашағы бұлыңғыр.

Қазақ тілі - мызғымас терең тарихы бар, үлкен құдіретке ие тіл. Санғасырлық тарихы мен қиыншылықтары жетерлік. Тәуелсіз ел болып қалыптасуымыз және ортақ тіліміздің болудың өзі үлкен мәртебе. Алайда, өкінішке орай осы баға жетпес байлықтың құдіреті мен қадірін білмей, шын бақыттың дәмін сезінбей жүрген жандардың болғаны көңілді қайыстырады. Ана тілідің қолдану аясы тарыла бастағаны, ұлттың жоғала бастағанын білдіреді.

Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев:

Ал, екінші бақытым тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім!,-деп « тіл құдіретін» тайға таңба басқандай етіп түсіндіріп, жырлап кетті. Әр сөзі мән-мағынаға толы. Осындай ұлы сөздерді әрқайсысымыз «еліміздің болашағы» ретінде санамызға құюымыз тиіс.

Үкімет мемлекеттік тіл- қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, оны азаматтардың барлығы меңгеруі үшін материалдық-техникалық жағдайлар жасап барынша көмек көрсетуде. Ұсынған көмекті қабылдай білу аса маңызды. Бұл мәселені бір жаққа артып қойып, кінә іздей беруге болмайды.

Қазақтан туған немесе қазақ жерін мекендеген әрбір адамзаттың міндеті-тілге құрмет көрсету, тілді жетік меңгеру.

Тәуелсіздік тұғырына шыққанымызға 30 жылдай болса да, ана тіліміз нақытылы мемлкеттік мәртебе ала алмады. Барлығы дерлік 100% ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізеді, толық тілді біледі деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Құр сөзбен

-Жұмыстар жасалынып жатыр,-дей салуға болмайды. Нақты іс- әрекетке көшетін уақыт келді. Заман ағымына ереміз деп, рухани азығымызды ысырып қоя алмаймыз. Дәстүрлі мәдениет сырттан келетін мәдениетке төтеп беруі үшін елдің рух-санасы жоғары, күнделікті ақпарат құралдары қазақилығымызды дәріптеп тұрғаны дұрыс. Ұлт тіліндегі хабарлар көп болуы қажет. Бұлай жасалмаса тіліміз бірте-бірте ұмыт болып, шетте қалуы мүмкін.Ұлттық рух әлсіреп, жастардың өзгеге еліктеуінің белең алуы да ғажап емес.

Бей-берекет қарайтындай бізге көктен түскен оңай дүние емес.

Көп толқулардан өтіп, қиындықтың ащы уын ішті. Жазықсыздан жазықсыз қан төгіліп, небір боздақтарымыз өлімге құшты. Әрине, бұл өткен жағдайлар кім-кімге болсын ауыр тиеді. Сондықтан, көштен қалып, кешікпей тұрғанда әрекетке көшуіміз қажет.

Тіл - халықтың айнасы, өткені мен бүгіні және жарқын болашағы. «Тілден асқан асқар жоқ. Тілден асқан байлық жоқ» дейді халық даналағы. Ата-бабамыздан қалған аманатқа қиянат жасамайық.

Абдула Аснурия Темірқызы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі

11 «А» сынып оқушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.06.2021
1630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12