Материалдар / "ТІЛІМ МЕНІҢ ТІРЕГІМ"

"ТІЛІМ МЕНІҢ ТІРЕГІМ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
2106
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тілім менің тірегім»

Ғасырдан ғасырға жеткен асыл қазынамыз ол біздің –ана тіліміз. Ана тіліме әлемнің мыңдаған тілі жетпейді. Өйткені, ана тілі анамыздың ақ сүтімен дарыған. Сондықтан өзіміздің төл тілімізде сөйлеу- біздің басты міндетіміз. Тәуелсіз ел болғалы тіліміз мемлекеттік тіл болып бекітілген. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл байлығы- әрбір ұлттың мақтанышы. ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс.Ана тіліміздің болашағы жарқын болуы үшін, ең алдымен отбасымызда, сыныптастар арасында, барлық жерде қазақ тілінде сөйлесуіміз керек. Біздің әрқайсысымыз тіліміздің өркендеуіне үлес қосқымыз келсе, тіліміздің сапасын, мәдениетін сақтап айтуымыз керек. Қазақ тілі- түркі тілдес халықтардың арасындағы ең әуенді, ең бай, ең көркем тіл. Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған ана тілімнің айбыны, тегеуріні мықты. Тіліміз біздің ұлттың түп қазығына айналуы тиіс. Ана тілің – арың бұл,Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте. – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз. Ана тілінің қадір-қасиетін білейік.Өзге тілде қаншама сайрай алсақта, жүректегі ойымыз ана тілімізде үн қататынын ұмытпайық. Көптеген адамдар ана тілінде жатық сөйлей алмайды. Туған тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін беріп асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Ана тілі- ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау- арды шұбарлау деп ұғайық.

Каспий зияткерлік мектеп-бақша; 2«А»сынып оқушысы Мирас Мерей



«Мектептегі бір күнім» Менің мектепбім- Каспий зияткерлік мектебі. Менің толық 1 күнім осы мектептің аясында өтеді. Мен таңертең мектепке ерте келемін. Сыныптастарымды күтіп аламын да, бәріміз бірге таңғы жаттығу жасаймыз. Біздің жылы шырайлы аспазшы апайымыз бізге дәмді сүтті ботқа әзірлеп қояды. Әлбетте, біз оған рахметімізді айтуды ұмытпаймыз. Таңғы астан соң сабақ оқуға тырысамыз. Менің ең сүйікті пәндерім математика, орыс тілі, ағылшын тілі және «Көркемсөз оқу шеберлігі», «Сурет» үйірмелері. Менің ұстазым Самурадова Күлшат, тәрбиешім Қарақұлова Гүлдана. Мектептегі түстен кейінгі мезгілді өте жақсы көремін. Өйткені ол кезде, түрлі үйірмелер болады. Мен мәнерлеп оқу, сурет, тоғызқұмалақ, домбыра үйірмелеріне қатысамын. Мектепте үй жұмысына тәрбиешім көмектеседі. Үйге барғанда отбасыммен бірге уақыт өткіземін. Маған мектептегі өткен әр күндерім ұнайды. Әр күні әр түрлі қызықты сабақтар өтеді. Тынығу уақытында, тәрбиешім қалаған мультфильмдерімізді қосып береді. Демалыс күндері де мектепке барғым келеді. Ұстазыма, сыныптастарыма қатты бауыр басып қалыппын. Бір күн бармасам мектебімді сағынамын. Менің мектептегі күндерім өте қызықты өтеді.





Каспий зияткерлік мектеп-бақша1 «А»сынып Абай Дәулет









«Әжем айтқан ертегі»

Менің әжем шалғайдағы кішкене ауылда тұрады. Мен оған демалыс күндері барып тұрамын. Менің әжем өте еңбекқор жан, әрдайым құрт, балқаймағымен мені тосып отырады. Мен әжемнің айтқан әрбір ертегісіне қанып өсіп келемін. Әсіресе, жан-жануарлар туралы ертегілері мені қатты қызықтыратын. Бірде әжем, «Жыл басына таласқан хайуанаттар» жайында ертегі айтты. Мен оны алғаш естігенде , әлбетте түйенің бойы ұзын күнді бірінші сол көріп, жылдың басы атанады деп ойладым. Бірақ түйе ұйықтап қалып, түйенің төбесіне тышқан мінып жыл басына лайықты болады. Кіп-кішкентай болсада өзінің ақылымен жеткен мінбесі оған жылдың басы болуды бұйырыпты. Маған бұл ертегіде тышқанның тапқырлығы ұнады. Әжем айтқан тағы бір әңгімесі- «Асан мен Үсен». Екеуі ауыл көшіп жүргенде айдалада жоғалып қалады. Екеуі жоғалғанда, бай баласы Асан жылап, амалының құрығанын айтады. Ал, кедейдің ұлы Үсен болса, сол тығырықтан шебер шығады. Сусыз- дәмсіз қалғанда құс аулап тамақтануы, отты таспен үйкеп жағуы Үсеннің әке көргендігінің, байқампаздығының арқасы деп ойлаймын. Көкейімде сақталған бұл әңгіме есімде ұзақ қалары сөзсіз. Әжем бұдан бөлек көптеген ертегі, аңыздар айтатын. Мен оның әрбір сөзіп ұйып тыңдаудан жалыққан емеспін. Алдағы демалыста әжемнің ауылына барып, талай қызықты ертегілеріне куә болатынымды білемін. Менің әжем алтын. Мен оның ертегілерімен сусындап өсіп келемін. Маған ерінбей ертегілерін айтатын әжеме үлкен алғысымды білдіремін.





Каспий зияткерлік мектеп- бақша 2 «А»сынып оқушысы Айса Әлібек
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ