Тимбилдинг
жаттығулары.
Сарсенгалиева Айгерм
Жумагалиевна
№51 гимназия педагог –
психологы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе
қаласы
Тренинг
құрылымы:
-
Ұйымдастыру
бөлімі
-
«Сәлемдесу»
тренингі
-
Тренингтің мақсат – міндеттерін
хабарлау.
-
Негізгі
бөлім.
-
«Көңілді би
жаттығуы»
-
«Құтыдағы
су»
-
«Мұнара
құрау»
-
«Көршіңді
тап»
-
«Орындықтар
сөйлейді»
-
«Қораптағы
доп»
-
«Психогеометриялық
фигуралар»
IV.Қорытынды
бөлім.
«Өрмекші
торы»
«Сәлемдесу
жаттығуы»
Барлық қатысушылар шеңбер
құрып тұрады. Сыртқы шеңберге ұлдар, ал ішкі шеңберге қыздар тұрып,
дене мүшелері арқылы сәлемдеседі. Жүргізуші белгілі дене
пішіндерін: көз, құлақ, мұрын, иықты бір біріне түйістіру арқылы
жүргізілетінін көрсетті.Төмендегідей диалог жүзеге
асады:
-
- Сәлем дос! (қол
алысады)
-
- Қалың қалай? (бір – бірінің
иығын қағады)
-
- Қайда болдың? (құлағын
ұстайды)
-
- Мен сені сағындым (ек қолын
кеудесіне жүрек тұсына қояды)
-
- Сен келдің (құшағын
ашады)
-
- Бәрі жақсы болды деп
құшақтайды.
Тимбилдинг — ұйымшыл ұжым қалыптастыруға,
команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша
дамытуға жағдай жасайтын қазіргі заманғы тәсілдердің бір түрі.
Тимбилдингтің барлық түрі еркін бейресми қарым – қатынас жасауды,
командада жұмыс істеуді үйретеді және корпоративтік байланыстарды
нығайтуға ықпал етеді.
Оқушылардың өзара қарым –
қатынасын қалыптастыру, ұжымдық топтық қабілетін анықтау, бір –
бірін сыйлай білуге баулу, ұжымда жұмыс істей білуге шақыру, жеке
ерекшеліктерін анықтау.
«Көңілді би»
жаттығуы
Тренингке қатысушылар шеңбер
бойына тұрады, көңілді әуенмен билей отырып, өзінің сол жағындағы
көршісіне өзі қалаған би қимылын жасай отырып, эстафета жолдайды,
екінші айналымда бір – бірін құшақтап жылу таратады. Ойын шарты
барынша көңіл көтеру, бір – бірінің жылуын
сезіну.
Топқа
бөлу
Көк, сары, жасыл түстер арқылы
үш топқа бөліну. Түстер туралы мінез – құлқына, қандай жан екеніне
сипаттама беріп кету.
Тимбилдинг
жаттығулары:
«Құтыдағы су»
жаттығуы – топқа бөліну арқылы,
жылдамдықты көрсету. Қатысушылар үстел бойында қарама – қарсы
тұрып, су мөлшерін көбейту. Яғни, бірінші құтыдағы суды, екінші
құтыға дейін зигзаг әдісі арқылы қасықтармен жеткізу. Берілетін
уақыт көлемі 2 минут, ойыншылар барынша суды төкпей тез
жылдамдықпен жеткізу керек.
«Мұнара құрау»
ойыны
Оқушылар топқа бөліну арқылы
үстел үстіндегі стакан және жіптің көмегімен мұнара құрау қажет. Әр
топқа он штук стакан мен топтағы адам санына байланысты резинаға
біріктірілген жіп беріледі. Яғни оқушылар қолдың көмегімен, бір –
бірін сезіну, түсіну арқылы жүзеге асатын
жұмыс.
«Көршіңді тап»
тренингі
Оқушылар шеңбер бойына
отырады. арада бір отырғыш бос тұрады.
Бос орындықтың екі жағындағы қатысушы бірігіп өздері қалаған келесі
оқушыны сол орындыққа алып келу керек. Мысалы, «Біз Египетке
барамыз...» деп көршілер өздерінің таңдаған адамымен барғысы
келетін елге саяхат жасайды.
«Орындықтар
сөйлейді»
Оқушылар шеңбер бойында
отырады, таңдалған жүргізуші ортада тұрып келесідей фразаларды
жалғастырады: Мен ақ түсті ұнатамын, маған кітап оқыған ұнайды,
менің шашым өрілген... Яғни, осы қалаулар кіммен сайкес келеді сол
оқушылар жүргізушімен бірге орын алмасады. Орындыққа отырып үлгере
алмай қалған қатысушы ортаға шығып, жүргізуші ретінде өз фразасын
жалғастырады.
«Қораптағы доп»
жаттығуы – қатысушылар белгіленген
түстер арқылы әуелі топтарға бөлінеді. Қатысушыларға ұзын бір
таяқтан беріледі. Ұжым болып, бір қолдың көмегімен жердегі шарларды
жылдамдықпен корзинаға салу. Корзина белгілі арақашықтықта тұрады,
міндетті түрде бір қолдың көмегімен ойнау
керек.
«Психогеометриялық
фигуралар» әдісі
Оқушыларға геометриялық
фигуралар көрсетіледі. Әр оқушы өзіне ұнаған фигураны таңдайды.
Таңдалған фигура бойынша қатысушылар бөлініп тұрады. Әр фигураға
тән жеке ерекшеліктер айтылады, сол бойынша оқушылар өзара
дискуссия құрады.
«Өрмекші торы»
әдістемесі – қорытынды жаттығу ретінде
өткізілді. Ұжым мүшелері шеңберге тұру арқылы, жіптің көмегімен
өрмекші торын құрайды. Бұл әдістемеде топ мүшелері бір – біріне
ізгі тілектер мен комплимент білдіру арқылы жүзеге асады. Жіптің
ұшы бір адамнан басталып, келесі кезекте өз қалауларымен басқа топ
мүшелеріне беріліп, үлкен өрмекші торын
құрайды.
Қорытынды: Тренингке барлық кластар
белсене қатысты. Тренинг соңында оқушылар өткізілген сабақ бойынша
өз ойларымен бөлісіп, ыстық лебіздерін
білдірді.