Материалдар / Тимбилдинг жаттығулары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тимбилдинг жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ойлауға ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа баулып, берік достық қарым-қатынасты нығайту, қазақ тілі және математика пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2023
593
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі











Ой мен ойын

Интеллектуалды тимбилдинг жаттығулары

(сыныптан тыс жұмыс)











Арнайы педагог: С.Салжекенова







2022-2023 оқу жылы

«Ой мен ойын» интеллектуалды тимбилдинг жаттығулары

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ойлауға ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа баулып, берік достық қарым-қатынасты нығайту, қазақ тілі және математика пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ой мен ойын» атты интеллектуалды тимбилдинг жаттығуларына қош келдіңіздер!

Құрметті достар «тимбилдинг» мақсаты – ерік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады. Тимбилдинг шарттары: - белсенді болу, осы жерде және дәл қазір менің қолымнан келеді ұранын ұстану. Құрметті достар бүгінгі тимбилдингке белсене ат салысуға шақырамын.

І - кезең. Топқа бөлу.

«Фонарик» әдісі арқылы оқушыларды екі топқа бөлу. Күннің астында жазылған топ атауларын фонариктің көмегі арқылы оқып, топтарға бөліну. Әр топ мүшелері берілген әріптен басталатын сөз арқылы бір-бірін таныстырады.

ІІ - кезең. «Бір қалам. Тездет, бірақ қателеспе» әдісі.

Ойын шарты: Әр топ мүшелері қаламды қолмен ұстамай, қаламға байланған жіптің көмегі арқылы сөздерді жазып, қазақ тілі пәніне байланысты сұрақтарға жылдам жауап береді.

І - топ. «Достық» сөзін жазу.

1.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (15 дауысты дыбыс)
2.Г дыбысы ұяң ба,үнді ме? (ұяң)
3. «Қосымша»сөзінде неше буын бар?(3 буын)
4.Қандай сөздер тасымалданбайды?(бір буынды сөздер,бірінші буыны бір дыбыстан құралған екі буынды сөздер)
5.Жуан дауысты дыбыстарды ата.(а ұ ы о)
6.Мәтін дегеніміз не?(Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан көп сөйлемнен құралады.)
7.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?(Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем)
8.Мағынасы мәндес сөздер тауып айт.(ту,жалау,байрақ)
9.Жұрнақ дегеніміз не?(Сөз мағынасын өзгертетін қосымша)
10. А дауысты дыбысы ашық па, қысаң ба?(ашық)

ІІ – топ. «Бірлік» сөзін жазу.

1.Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар? (25 дауыссыз дыбыс)
2.П дыбысы ұяң ба,қатаң ба? (қатаң)
3. «Ойыншық»сөзінде неше буын бар?(3 буын)
4.Қандай сөздер тасымалданбайды?(бір буынды сөздер,бірінші буыны бір дыбыстан құралған екі буынды сөздер)
5. Сөз дегеніміз не?(Заттың,сапаның,қимылдың,санның атауы)
6. Лепті сөйлем дегеніміз не?(Адамның көңілі күйінісезімін білдіретін сөйлем)

7. Көп мағыналы сөздер тауып айт.(ат-жылқы,ат- іс-қимыл)
8. Жалғау дегеніміз не?(Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша)
9. «Дауыл»сөзіндегі у дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?( дауыссыз)
10. «Кемпірқосақ» сөзі неше буыннан құралған?(4 буын)



ІІІ - кезең. «Лабиринт. Ойлан тап» әдісі.

Ойын шарты. Әр топ өздеріе берілген лабиринттен допты алып шығып, логикалық сұрақтарға жауап береді.

І – топ.

  1. Салмақтары 1,2,3,4,5,6,7 грамм болатын алмаз тастарды салмақтары тең болатындай етіп, төрт сандықшаға қалай орналастыруға болады? (Жауабы: 7 гр)

  2. Қанат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы? (Ажар)

  3. Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі? (Дұрыс)

ІІ – топ.

  1. Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр? ( 1 )

  2. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады? (3)

  3. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? (15)

IV – кезең. «Қасық пен доп» әдісі.

Ойын шарты: әр топ мүшелеріне арнайы қасық үлестіріледі. Қолмен ұстмамай тек қасық арқылы тенис добын бір - біріне түсіріп алмай береді. Әр топ «Қазақстандықтар» сөзінен сөз шығарады.

V – кезең. «Мұнара» әдісі.

Ойын шарты: әр топ мүшелері біртіндеп келіп стакандар арқылы мұнара құрастырып, соңғы құрастырған оқушы ойын тапсырмасын алады.

Тапсырма. Адасқан буындарды дұрыс орналастыр.

І – топ. 1) Талапты бала – талпынған құстай.
лаптаты лаба –пынталған тайқұс.
2)
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.

Одс тыплажы тадыай,

Пандұш ріпдікүл тадыай.



ІІ – топ.
1)Жолдасы көптің – олжасы көп.
дажолсы тіңкөп - жасыол көп.

2)Ашу- дұшпан ,ақыл -дос.
уша пандұш ылақ дос.














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!