Тірек – сызбалар арқылы оқыту технологиясы
Жоспары:
І.Кіріспе.
Оқытуда жаңа технологияны пайдалану жолдары.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Оқу материалын схемалы және білгілеу үлгілері негізінде оқытуды жеделдету, қарқындату технологиясы. (В.Ф.Шаталов)
2.Тіл сабақтарында тірек сызбалары арқылы оқытудың тиімділігі.
3.Тірек сызбаларын пайдалану кезіндегі сабақтың кезеңдері.
ІІІ.Қорытынды.
«…Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы
жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру-
бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз…Ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздар
дың қолдарында» .
Н.Ә.Назарбаев
В.Ф.Шаталов технологиясын басшылыққа ала отырып, барлық баланы қамту, оқытуды жеделдету, оқытудағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту арқылы, шығармашылық қабілетін арттырып, саналы тұлғаны қалыптастыру.
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани, ғылыми және шығарма шылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межелеген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Адамзат дамуының жаңа кезеңінде жаңа білім бері жүйесі, жаңа оқыту жүйесі, жаңа білім беру философиясы және жаңа білім үлгісі сай келуі тиіс.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің не гізгі міндеттері-баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; оның қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ықыласын іскерлігін қалыптастыру, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту» дей келіп оқытудың жаңа мазмұны, тиімді әдістемелер мен педагогикалық технологиялар мәселелері бойынша жедел ақпарат беру үшін қазіргі коммуникациялар жүйесін жасау міндетін қояды. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.
1.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Белгілі психолог Выгодский «Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады»,- дейді.
Қазіргі технологияны қолдану дегеніміз-келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау. Педагогикалық технология оқу үрдісінің, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Педагогикалық технологиялардың негізіне мыналар жатады:
әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру;
оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру.
Педагогикалық технология ынтымақтастық педагогика негізінде қарастырылуы қажет.
Тірек белгілері технологиясының мақсаты:барлық баланы қамту, оқытуды жеделдету.
Оқыту технологиясында мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарламамен қойылған педагогикалық шеберлігіне байланысты. Жалпы оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана коймайды, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Тек олардың ерекшеліктеріне, мән-мағынасына қарай таңдап, қолдана білу қажет.
1.Оқу материялын схемалы және белгілеу үлгілері негізінде оқытуды жеделдету, қарқындату технологиясы.(В.Ф.Шаталов)
Бұл технологияның негізгі ұстанымдары: әлсін-әлсін қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, қиындық деңгейінің жоғарылығы; ірі блоктармен оқыту; қыспақсыз оқыту; тіректерді пайдалану; келіспеушіліктің болмауы; оқушының жетістіктері жариялылығы; қателерді түзетуге мүмкіншілік жасау; оқушыны ізгілік табысқа жетуге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Мазмұндық ерекшеліктері: материал ірі мөлшермен енгізіледі;
-материал блоктарға жинақталады; оқу материалдары схема конспектілер түрінде дайындалады.
Оқушылардың дағдылы оқу іс-әрекетінің негізіне тірек сигналдары-оқу материалдары бейнеленген көрнекі сызбалар жатады. Тірек сигналдарын қолдану нақты кезеңдер бойынша қосымша бірқатар амалдар мен түпкілікті шешімдерді жүзеге асырумен бірге жүргізіледі.
Шаталов технологиясы теорияны оқытуда көп уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін дидактикалық ұстаным болып табылады.Осының арқасында практикалық сабақтарға, жаттығуларға, оқытудың шығармашыл түрлеріне көбірек уақыт бөлінеді. Ең басты нәтиже-артық жұмысты азайту, оқу мерзімін қысқарту. Шаталов технолоиясы жоғары өнегелі тұлға қалыптастырудың негізі болатын ізгілік ұстанымына құрылған.Ол мынадай қағидалардан көрінеді: әр оқушының жетістіктерін жариялап отыру, бағаны түзетуге мүмкіндіктер беру, оқу-оқыту жағдайында келісіп, кекілжіңсіз жұмыс істеу.
Оқушының алған әр бағасы білімге есепке алудың ашық парағына тіркеледі.Бұл парақ оқушы жетістіктерінің есебі қызметін атқарады да, ал бағалар шифрмен жазылған мінездеме іспеттес болады. Мұндай мінездеме жариялығының үлкен тәрбиелік мәні бар. Бұл мінездеменің бір маңызды көтере алатындығы, яғни ашық перспектива ұстанымы қолданылады. Шаталовтың ойынша әр баға оқушыны ынталандырып, жағымды әсер беруі тиіс.
Біздің елімізде білім берудің жаңа жүйесі қалыптасып келеді. Білім беруде оқытудың озық технологиялары енгізіліп, оқушыны оқытуға жан-жақты жағдай жасалуда.
Қазіргі педагогиканың оқушылардың бойында шығармашылықпен қызмет ету саласын қалыптастыруға бағытталуы педагогикалық іс-әрекет ұстанымдарының өзгеруіне әкелді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны және құрылымымен қатар ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар мен технологиялары бар. Әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеге енгізудің маңызы зор. Себебі заманның оқыту технология меңгеру – өте күрделі де ұзақ үрдіс.
Жаңаша оқыту технологияларының ішінде тірек-сызба технологиясы оқушылардың шығармашылығын дамытуда маңызы орасан зор.
В. Ф. Шаталовтың тірек – сызба технологиясы -
оқушылардың ойлау іс-әрекетіне, психологиялық тірек жасайды. Ол оқу
үдерісіндегі үлгерім, сапалы сабақ, тұрақты білім беруге
негізделеді. Шаталов оқу материалын мүлде қайта қарап толықтырады.
Ол одан ірі блок жасады. Көп қайталаудан бұл блоктар
''ықшамдалады'' және ''жинақталады''. Оқу материалы схемаға
түсіріледі, конспект жасалады. В. Ф. Шаталов қолданған әртүрлі
әдістер: түсіндіру, тірек конспектілер (сигналдар), символдар,
дыбыстандыру, оқулықпен жұмыстар, тіректі сигналдарды жазбаша қайта
жаңғырту, өзара бақылау қағаздарын толтыру т. Б. Оқудың мазмұнын
байланыстыру және бұл әдісті бір тұтас педагогикалық процеске
пайдалану, жаңашылдардың оқушылардың танымдық іс-қимылын сатылы
түрде дамуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы В. Ф. Шаталов өзі былай
деп жазды: ''Бірінші саты - көпсалалы, білімдарлықпен - жүйелі,
эмоциональды түрде таңдаған параграфты мұғалімнің сабақты
түсіндіруі. Екінші саты - тірек плакаттары бойынша, оқу
материалдарын түсіндіру, дауыстап оқыту, негізгі ұғымдарды әртүрлі
символ-дардың көмегімен, кодты шешу арқылы түсіндіру және олардың
өзара логикалық байланысын анықтау. Үшінші саты, тірек сигналын
үйрену, сол арқылы әрбір оқушы үйренеді және альбомдарына
жапсырады. Төртінші саты - оқулықпен және үй жағдайында - тірек
сигналдарының беттерімен жұмыс істеу. Бесінші саты - келесі сабақта
тірек сигналдарын жазбаша еске түсіру. Алтыншы саты - тірек
сигналдары бойынша жауап қайтару (жазбаша және ауызша жай дыбыспен,
магнитофонды өзара бақылау қағаздары бойынша т. Б.) Жетінші саты -
бұрын өткен материалды тереңдету және жай
қайталау.
Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқыту В.Ф. Шаталовтың технологиясына негізделіп жасалған оқытудың интенсивтендіру технологиясы болып табылады.
Мақсаты, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіріп, схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырып, берілген сұрақтың жауабын тезірек табу мүмкіншілігін туғызады.
Демек, оқушылардың оқу барысындағы қабілеттерін белсендендіру құралдарының бірі сабақ барысында тірек-сызбаларды қолдану.
В.Ф._Шаталов технологиясының басты ұстанымы тірек-сызбаларды пайдалану арқылы үздіксіз қайталау, жүйелі білімді қалыптастыру.
Бұл жүйенің жетістігі – материалды бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, білім алушылардың өзара бақылауын кең қолдану арқылы олардың жеке басына құрметпен қарау.
Тірек-сызбалар ‒ білім алушыларға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда сызбаның оқушы ұғымына сай болуына көңіл бөліну керек.
Тірек-сызба – сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану болып табылады.
Тірек-сызбаларды қолданудың тиімділігі:
- жүргізілген жұмыс белгілі бір нәтижеге бағытталады;
- оқушылардың сабаққа ынтасы, қызығушылығы артады;
- мұғалім мен оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайды;
- мұғалім оқушыны жан-жақты зерттейді;
- оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;
- сабақ кезінде мұғалім уақытты ұтымды пайдалануға қол жеткізеді;
- оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туады;
- қиын мәтіннен керек жердің негізгісін тауып алуға, өз бетімен жұмыс жасауға мәжбүр ете бастайды, ойлануға, ой-өрісін дамытуға көмектеседі;
- теорияның негізгі түйінің таба білуге, оны дәлелдеуге үйретеді;
- дағдыны сақтауды қалыптастырады;
- оза оқуға мүмкіндік береді.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізе білуіміз керек.
Оқыту әдістемесі мен педагогикалық тәжірибелер негізінде оқушы ойын, шығармашылық қабілетін дамытуда «Ойлаудың заттық – бейнелік түрі» негізгі міндетті атқаратыны айқындалған. Олар :
- оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
- тақырып мазмұнын аша білу, оқу әрекетін дамыту;
- әрбір оқушының жас психологиялық ерекшелігін ескеру;
- міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейін кеңейту.
Оқыту әдістері мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану – жетістік көзі. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған В.Ф. Шаталов өз еңбектерінде көрсеткендей, тірек-сызбаларының негізгі мақсаты – «Егер есіңе сақтау үшін үйренсең ұмытасың, ал егер түсіну үшін оқысаң – есіңе сақтайсың» деген қағидасын енгізу.
Ендеше қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек.
Тірек-сызбаларды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, болжам жасатып, мақсат қойып, толық мазмұндық ақпарат алуға жағдай жасайды. Тірек-сызбалар – сабақ үрдісін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі, тақырып бойынша танымы кеңейеді, топпен және жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Тірек-сызбалар – кестелер, сызбанұсқалар,
диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады.
Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау,
қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың
негізі.
Тірек-сызбаны құрудың негізгі қағидалары:
1. Тірек-сызба – оқу материалының негізгі бөліктерінің мазмұынын жинақтайтын бөліктерден тұрады;
2. Әрбір бөліктердегі теориялық материал арнайы белгілер, сызбалар, сөздер арқылы біріктіріледі;
3. Тірек-сызбалар – есте оңай сақталатындай қарапайым болуы керек.
Бұл үшін графикалық безендіруде шығармашылық ізденіс және ұшқыр ой тапқырлығы талап етіледі.
Тірек-сызбалар ‒ білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тірек-сызбалар арқылы білім беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттерін ойластырып, саналы да сапалы меңгерту жүзеге асырылады.
Тірек-сызбаларды пайдалану мұғалім үшін тиімді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысы оқушының көз алдында тұрады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. Тірек-сызбалар білім берудің үш мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтерді: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асырады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша – тезистік дәріс түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтілігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады. Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең бастысы ‒ оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді. Сабақ барысында оқушының сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады. Оқушы өзін жан-жақты көрсетуге тырысады, себебі әр сабақ сайын бағаланғысы келеді. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану қажет.
Оқушының жан-жақты білімді болуы – мұғалім күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануына байланысты. Кез келген оқушының бойында пәнге деген қызығушылықты арттыруда тірек-сызбаларды пайдаланудың тиімділігі жоғарыда көрсетілгендей зор, олар оқушыға теориялық білімді жүйелі меңгертуге қол жеткізеді.
Тірек-сызбасына ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал .
Тірек-сызбаларды теориялық білім күрделі болып
келген жағдайда пайдаланған тиімді. Күрделі формулаларды қорыту
барысында, құралдардың неден тұратыны, қалай жұмыс істейтінін
меңгеру үшін көп көмегін тигізеді. Тірек-сызбалары ‒ оқу материалын
тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың білім деңгейіне орай, даралық
ерекшеліктеріне сай, олардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруға жағдай
туғызады.
Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі пайда болғанда әр түрлі қызықты суреттері мен сызбалары бар тірек-сызбаларды жасауға мүмкіндік туды. Аталмыш технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі артып, оқушыларды жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.
Жаңа технологияны пайдаланған уақытта мұғалімдерге қойылатын талаптар :
1. Оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау;
2. Әдістемелік жүйені үнемі жетілдіру;
3. Әрбір оқушының қабілетіне және жас ерекшелігіне қарай білім беру, дербестікке, ізденімпаздыққа баулу;
4. Мұғалім түсіндіруші, баланың оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көріну керек;
5. Оқу мотивациясы мен белсенділігін дамыту;
6. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыру;
7. Оқушының өзін-өзі басқаруын жетілдіру және өз әрекетіне өзіндік баға беруін дамыту;
8. Оқушы өзін еркін сезінеді, ізденеді, жетістікке жетеді.
Тірек-сызбаларды қолданудың негізгі ерекшеліктері:
- үнемі қайталау;
- міндетті, кезеңдік бақылау жұмысы кезінде туындаған қиыншылықты жою;
- жеке бағадарлы қарым-қатынасқа ықпал;
- берілген технологияны барлық типті сабақтарға, оның әр түрлі кезеңдеріне қолдану мүмкіншілігінің жоғарылығы;
- дәріс материалдары қысқарған түрде беріледі;
- оқу бағдарламасындағы бірнеше тақырыпты қамтып, блоктау әдісі арқылы берілу мүмкіндігі туады.
Тірек-сызбаларды пайдалана отырып, бірнеше көрнекі сабақ өткізуге болады. Қай сабақта болмасын – оқушы шығармашылығын дамыту, алға жетелеу, нәтижеге бағыттау негізгі мақсат болып табылады.
Тірек-сызбалар оқушының мынадай мәселелерге көңіл аударуын қажет етеді:
1. Тірек-сызбаны мұқият оқып шығу. Егер түсініксіз сұрақтар кездесіп қалса, оқулықтағы параграфты оқу;
2. Тірек-сызбада берілген материалды жадында жақсы сақтап меңгеру үшін өзінің дәптеріне заңдар мен олардың математикалық өрнегін, негізгі формулалар мен теңдеулерді, заңдылықтарды жазып алу;
3. Көру және жазу арқылы өзінің есте сақтау қабілетінің артуына көп ықпал болатынына назар аудару керек.
Әрбір сабақ оқу үрдісінің негізгі бөлігі. Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы өткізілетін сабақ нәтижесінің негізгі шарттары:
- дұрыс пайдаланылған уақыт;
- оқушының өзіндік жұмысының үлесін арттыру;
- әрбір сабақтың, тақырыптың мазмұндық өрісін кеңейту;
- әрбір тақырыпқа арналған тірек-сызбаларды біріктіріп, блоктауға болады.
Бір жүйедегі оқу материалын бірнеше сабақтарда тұтас қарастыру ‒ оқушының тақырыпты толық зерттеуін қаматамысыз етеді.
Тірек-сызбаларды біріктіру арқылы блоктап оқыту жүйесін жүзеге асыру барысында, тірек-сызбаларды пайдалануда әрбір оқушы жеке тұлға ретінде үлес қосып, топтық білімге араласады.
Тірек-сызбалар ‒ оқу материалын оңай меңгеруге, ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, тірек-сызбаларды пайдаланудың артықшылықтары:
1. Оқушы үшін:
- оқушының теориялық білімін жүйелі түрде қалыптастырады, жинақтайды, тиянақтайды;
- оқушының ой-өрісін дамытады, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырады;
- оқушының өз ойын дәл, қысқа, көркем, таза тілмен жеткізе білуге үйретеді;
- оқушының шығармашылық қабілеттерін арттырады, ізденуге үйретеді;
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз