МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Қалбергенова Н.
Қызылорда қаласы «Сыр жұлдызы»
бөбекжай бақшасы, психологы
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелерін шешу және әлеуметтік жағдйын жақсарту – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының біріне айналып, бұл адамдарды қорғау шаралары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес, жүзеге асырылып келеді. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы Халықаралық конвенцияға қосылды. БҰҰ ратификациялау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 16 қаңтарындағы №64 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары да мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғайды. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қажетті жағдайлар осы бағдарламалар аясында жүзеге асырылып келеді.[1]
Қазіргі арнайы педагогиканың өзекті мәселесінің бірі мектеп жасына дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Әрине, баршамызға белгілі, адам миының қозғалыс проекциясының барлық бөлігінің үштен біріндей, қол проекциясы алып жатыр. Осыған сүйене отырып, танымдық функциялардың, ақпаратты қабылдаудың дамуына ұсақ саусақ моторикасының әсері зор.
Тарихта адамзаттың дамуының өзі, қолдың қозғалысы мен тілдің (сөйлеудің) тығыз байланысын дәлелдейді. Физиологтар ұсақ саусақ моторикасы деп, саусақ, қол және қолдың білезік бөліктерінің ұсақ бұлшықеттерін меңзейді. Осы бұлшықеттерді дамыту және шыңдау, адамның орталық жүйке жүйесінің, барлық психикалық үрдістерінің, сөйлеуінің дамуына басты ықпал етеді.
Статистикалық мәліметтерді талдау негізінде елімізде церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды оқыту мен әлеуметтік бейімдеуде көптеген проблемалардың бары анықталды. Мысалы, өмірде кездесетін киіну, сурет салу, жазу сияқты, қолмен еңбектеу, сондай-ақ басқа да сан алуан тұрмыстық әрекеттерді жасауда көптеген қиындықтарға тап болады. Себебі, олардың жалпы моторикадан гөрі, ұсақ қол моторикасы да дұрыс дамып жетілмеген. Ал қол адам өмірінде маңызды рөлді атқарады.
Қолдың маңыздылығы жайлы халық даналығынан да көруге болады. Мысалы, жұмбақтардан: «жұмса – жұдырық, ашса – алақан» (5 саусақ), «Қимылдаса қос шебер, қыруар – қыруар іс өнер» (қол): мақал – мәтелдерден шығатын ой мұның барлығында адамның психологиясы, ішкі жан дүниесі, жағдайы көрініс табады.
Джордано Бруно:«Адамды жалпы
тіршіліктің әмірші еткен
интеллектуалды артықшылықтар емес, ол қол - осы органмен барлық
органды меңгереміз»,-деген болатын. Яғни,
саусақтардың және қол
білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық маңызға
ие.
Ұсақ моторика дегеніміз- қолдың, қол білезігінің, саусақтардың, қол бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы. Ұсақ моторикасының бұзылу сатысы тірек-қимыл аппараты бұзылу сатысы деңгейлеріне байланысты, қолмен жұмыс істеуінде көптеген қиындықтар кездеседі. Олардың қол білезіктері әлсіз және алақандарын жұдырыққа түйе алмайды, саусақтарын бір-бірден санап, үлкен бас-бармақты бір-біріне қарсы қоя алмайды. Қандай да болмасын әрекетті орындау кезінде үлкендер көмегін қажет етеді. [2]
Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа да ғалымдар, ұсақ саусақ моторикасының бұзылуы, дамуында тежелуі бар балаларға тән белгілердің бірі деген болатын. Аталған ғалымдар, дамуында тежелуі бар балалардың саусақ қозғалысы ебедейсіз, бағдарлауы нашар, дәлдік пен жылдамдығының бұзылғандығын атап өткен. Сондықтан мектеп жасына дейінгі тірек-қимыл аппараты балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту − бастаулардың бастауы.
Бүгінгі күні тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды жан-жақты дамыту, олардың мүмкіншіліктерін арттыру, әлеуметтік ортада өздерін еркін ұстауға жағдай жасау қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр. Қазіргі таңда мектепке дайындық кезеңдегі оқушылардың маңызды даму аспектілері қол саусақтарының қозғалыстары мен ұсақ моторикасын дамыту болып табылады. Қолдың белсенді қозғалысының даму қажеттілігі ғылыми негізге ие болды. Балалар мен жеткіншектердің физиологиясының Институтының қызметкерлері сөйлеудің даму деңгейі қол саусақтарының нәзік қимылдарының қалыптасқандығының деңгейіне тікелей қатысты екендігін айтқан.
Баланың қол қозғалысын дамуды зерттеу тек психологтар мен педагогтар үшін ғана қызығушылық туғызбайды, сонымен қатар өзге де ғалымдарды қызықтырады (философтар, тілтанушы,тарихшылар, биологтар). Өйткені қол түрлі қызметтерді атқара отырып, ерекше адами ағза болып табылады. И.М.Сеченов алғашқылардың бірі болып жүйке құрылымдарының пісіп жетілуінің нәтижесі ретінде баланың қозғалысының дамуының алғышарты тұқым қуалау теориясын сынға алды. Ол «адамның қолы тұқым қуаламайды, ол қоршаған ортамен белсенді өзара әрекет процесі кезінде көру, иіс сезу және бұлшықеттік өзгерістердің арасындағы ассоциативті байланыстардың нәтижесі ретінде тәрбиелеу және оқыту процесінде пайда болады» деп жазды.
6-7 жаста сәйкесінше бас миының аймақтарының пісіп жетілуі және қолдың ұсақ бұлшықеттерінің дамуы аяқталады. Церебралдьды салдығы бар балалардың моторлы жеткіліксіздігі жеңіл, өшірілген түрде анықталады. Сурет сабағында қарындашты нашар ұстайды, қолдары қысымда болады. Көпшілігі сурет салғанды ұнатпайды. Әсіресе аппликация және пластилинмен жұмыс істегенде қолдың моторлы ыңғайсыздығы байқалады. Аппликация бойынша жұмыста элементтердің кеңістікте орналасуы қиыншылық туғызады
Манипуляторлық әрекеттерді орындаудағы моторлы ыңғайсыздық, оны меңгерудегі қиыншылық, сәтсіздіктер мен ересектердің жиі оған разы болмауы, баланы қиын болып келетін әрекеттерді орындаудан қашуға итермелейді. Ерекше назарды графикалық қозғалыс талап етеді. Сурет салуға деген жек көрініш – нәзік координацияланған әрекеттердің дамуының бұзылысының көрсеткішінің бірі. Сурет салу, хат жазу сияқты –жай қозғалыстың әрекеті емес, өте күрделі, құралданған әрекет: сурет салатын қарындаштың ұшының қажетті қозғалысы егер саусақтардың, буынның, қолдың, дененің әрекетін ол басқара алғанда ғана мүмкін болады. Сонымен қатар 6-7 жаста бастысы - қолдың буынының дамуы болып табылады.
Изошығармашылықтың материалдармен манипуляцияның процесінде қолдың алақанымен саусақтарында орналасқан биологиялық белсенді нүктелерге табиғи массаж жасалады, ол баланың жалпы өзінің сезінуіне жағымды әсер етеді. Қолдың жалпы икемділігі қалыптасады, сонымен қатар ұсақ моторика да дамиды, қолдың қозғалыстары көру мен кинестетикалық түйсінудің бақылауында жетіледі, сондықтан меңгерілетін дағдылар физикалық және психикалық процестердің дамуына және баланың жалпы дамуына көп әсерін тигізеді. Одан басқа, ойлау тапсырмаларының көп бөлігі шешіледі – қол әрекет жасайды, ал ми түйсінуді тіркеп, оны көру, есту, тактильді қабылдауды күрделі, интеграцияланған образдар мен көріністерге байланыстырады.
Қазіргі кезде тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың санының артуы, бұл балаларға деген ерекше көңіл бөлуді қажет етіп отыр. Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда жаңа әдістерді пайдалануды талап етті. Бұл әдістер балалрдың қызығушылығын арттырумен қатар, сөйлеуге деген талпынысын дамытуға көмектеседі.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың ұсақ моторикасын дамытуда көптеген дәстүрлі емес әдістер қолданылады. Олар: Су-Джок, балшық терапиясы, тас терапиясы, құм терапиясы, криотерапия, кинезитерапия және т.б.
Мектепке дейінгі жаста ұсақ моторика мен қол қимылдарының координациясын дамыту маңызды болып табылады. Қажетті қимылдар немесе әрекеттерді жүзеге асыру кезіндегі тұрақты сәтсіздіктер сабақтан бас тартуға әкеледі. Сондықтан, баланың қызығушылығын арттыру мақсатымен, кез келген тапсырманы ойын түрінде ұсынған дұрыс, және де ол жағымды эмоционалдық ынталандыру тудыратындықтан, психикалық тонустың жоғары болуына себеп болады, бір жағынан жұмысқа деген қабілеттілікті жақсартады.
Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикасымен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай-ақ сөздік қоры да дами түседі. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың ұсақ моторикасын дамыту үшін жасалатын дәстүрлі еместердің әдістердің көптеген түрі бар. Баламен жұмыс істеу барысында логопед немесе тәрбиеші осындай әдістерді қолданатын болса, ол баланың қызығушылығын тудырып, жақсы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймын. [3]
Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жастарына қарай дәстүрден тыс баламен жұмыс жүруде. Денсаулық саласы бойынша педагогтар су-джок терапиясына қарай бет бұруда, оңтүстік медицинасының соңғы жетістігі, баланың ұсақ дамуына әсер ететін бірде-бір әдісСу-Джок. Су-джок терапиясы – бұл қол мен аяқ арқылы емдеу жолы. Су-джок терапиясын құрушы оңтүстік корей профессоры Пак Чже Ву. Кәріс тілінен аударғанда (Су- қол, джок- аяқ) деген мағына береді. Қол мен аяқ- адамның дене мүшелерінің тамырының орналасу орталығы. Түзету (коррекция) жұмыс бағытында тіл мүкістігін болдырмау мақсатында су джок терапиясын массаж ретінде қолдануға болады.
Су-Джоктың негізін сәйкестіктермен ұқсастық жүйесі қалайды-алақандағы және табандағы буындар мен бөліктерінің түгел ағзаға сәйкес немесе ұқсас келеді. Бұл қандай сәйкестіктер? Адам тәні шартты түрде бес бөліктен тұрады: бас, екі қол, екі аяқ. Қолдағы бес саусақ пен аяқтағы бесеуі денеміздің бес бөлігіне сәйкес келеді. Алақандағы саусақтармыздың сәйкестіктерін қарастыралық. Басбармақ – бас, шынашақ пен сұқ саусақ – қолдарымыз болса ортаңғысы мен аты жоғы – аяқтарымыз.
Қандайда бір себеппен ағзада пайда болған кеселдің әсерінен «сигналдық» толқын сол жерден өзіне сәйкес биологиялық белсенді нүктеге бағытталады да оны қоздырады, сосын ол нүктеге басқан кезде аурсынасыз. Ал енді осы нүктені дұрыс тауып, ақырындап уқаласақ ағзамыздағы пайда болған кеселден келген «сигналдық» толқынға қарсы емдік толқындар туғызу арқылы емдеуге болады. Бұл нүкте әрине көзге көрінбейді, бірақ еппен түртпектеп отырып кішкене шұңқыр, қатты түйіншек немесе тым ауырсынатын орынды тауып алуға әбден болады. Іздеген нүктеміз сол.
Мектепке дейінгі жастағы церебральды сал ауруы бар балаларға су-джок терапиясын саусақтың және қолдың шоғырына массаж ретінде қолданылады. Үлкен саусаққа әсер етуі өте маңызды, ол адамның бас бөлігіне жауап береді. Саусақтың ұштары және аяқтың тырнақтары бастағы ми бөлігіне жауап береді. [4]
Дәстүрлі емес әдістердің көптеген түрлері бар. Олардың тигізер әсері де түрліше. Келесі қарастырайын деп отырған «Жануарлар терапиясы» балалардың психологиялық жай-күйін қалыпқа келітіріп, әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасап және ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді. «Аnimal» – жануар, ал «анимал терапиясы» – хайуанаттардың және олардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық, психотерапевтік және бейімделу көмегін көрсететін терапия түрі. Бұл терапияда хайуанаттардың суреттері, бейнелері ертегі кейіпкері ретінде, ойыншық түрінде, әрине, араласқанда қауіпсіздігі қамтамасыз етілген табиғи кейпінде де қолданылады.
Криотерапия-контрасты терапия. Бұл суық пен жылудың қолға кезекпен әсері. Суықтан бұлшық ет тарылады, ал жылудан-босаңсиды. Қолдың ұсақ бұлшық етінің жиырылу қабілеті артады. Саусақтардың қозғалысы жоғары деңгейде қалыптаса бастайды, серпін жақсарады, ми қыртысына бағытталған сигналдар жеткізіледі, қозғалыс аймағы жақсы дамиды.
Мұның бәрі церебральды сал ауруы бар балалардың қолының ұсақ қозғалыстарының жақсаруына ықпал етеді, нақты қозғалыстарды жүзеге асыруға, сөйлеу процесін дамытуды жақсартады.
Дәстүлі емес әдістердің ішінде балалардың танымдық қабілеттерін және ұсақ моторикасын дамыту үшін балшықты пайдалану ұсынылады. Глинотерапия- бұл балшық арқылы емдеу әдісі. Балшықтың тарихы өте қызық. Ол дүние жаратылысы туралы аңыздан басталатын шығар. Бірінші аңыз адамның пайда болуына қатысты, өйткені бірінші адам – Адам атаны Жаратушы балшықтан жасап, сосын барып оған жан кіргізді ғой.
Жұмсақ материал болғандықтан, балшық тіршіліктің барлық салаларында қолданылды. Тіпті бес мың жыл бұрын хат жазу ойлап табылған кезде бірінші «қағаздың» өзі жұқа балшық тақтайшалар болған, оған ұшы үшкір таяқшалармен жазған. Одан кейін сол тақтайшаларды күнге кептіріп сақтайтын болған.
Балшықтың біздің ағзамызға қажетті, жақсы сіңірілетін микроэлементтерден, минералдық тұздардан тұратыны дәлелденген. Бұл кремнезем, фосфат, темір, азот, кальций, магний және тағы басқалары. Балшықты ақылмен пайдаланатын болса, ол зиян келтірмейді.
Балшық терапиясын балалармен жүргізу олардың ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай, көңіл-күйлерінің көтеріліп, шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды.
Қазақтың ұлттық ойындары. Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған айрықша саласы балалар ойындары. Рухани мұрамыздың өзге түрлері сияқты оның да даму тарихы, толымды арнасы, әркез қоғамда атқарып келе жатқан қызметі бар. [5]
Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Орыстың ұлы ғалымы С.Тянь-Шанский қазақтар туралы: «Қазақ халқы – өте дана халық. Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері тұнып тұрған білім» деген екен. Бүгінде дамыған Еуропа елдерінен келген Монтессори, Арт-терапия, дамыту ойындары сияқты озық технологиялар мазмұнын қазақ халқы бірнеше ғасыр бұрын-ақ күнделікті тұрмыс-салт жағдайында қолданған. Халқымыз, ерте жастан бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Мысалы, «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Санамақ», «Асық шерту», «Шертпе», «Шекем тас», «Бес тас», «Алақан соқпақ», «Сақина салу» тағы басқа ойындарды ойнатуда баланың ұсақ қол моторикасын жаттықтыру, есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мақсатын көздеген.
Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың ұсақ моторикасын дәстүрлі емес әдістер арқылы дамыту, өз кезегінде көп пайдасын тигізеді. Яғни, дәстүрлі емес әдістерді пайдалана отырып, баланың ұсақ моторикасымен қоса, оның танымдық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік береді. Сурет салуға, жазуға дайындаудан бөлек сөйлеу құзыреттілігі дамиды. Қолдың басының қозғалу икемі жақсарады. Саусақтардың қозғалысы баланың жан-жақты дамып, өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектеседі. Дәстүрлі емес әдістерді қолдану баланың қызығушылығын оятып, түрлі жаттығуларды орындауға ынтасы мен талпынысын арттырады. Балалардың ұсақ қол моторикасының даму деңгейі елеулі нәтижелер көрсетеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
e-Learning электрондық оқыту жүйесі. Нормативтік құжаттар.
-
Основы специальной психологии: Учеб. пособие для студ. сред. пед. учеб. заведений / Под ред. Л. В. Кузнецовой. — Москва.«Академия», 2002г.
-
К. А. Семенова «Лечение двигательных расстройств при детских церебральных параличах», Москва. «Медицина». 1976г.
-
Левченко И.Ю., Приходько О.Г., Гусейнова А.А. Современные проблемы организации обучения и воспитания детей с церебральными параличами// Коррекционная педагогика: Теория и практика.-2007.
-
Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту: әдіс құрал/А.Т.Боранбаева–Көкшетау 2016ж.
Мақала тақырыбы: МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
ФИО: Қалбергенова Нұргүл Батырханқызы
Место работы: г.Қызылорда «Сыр жұлдызы» бөбекжай балабақшасы
Телефон: 87773939370
Email: nurgul_05.01@mail.ru

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

шағым қалдыра аласыз